“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110
қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 521 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесінде:
466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"466. Ағымдағы мақсатты трансферттер және мақсатты даму трансферттерi бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерiнiң қаржыландыру жоспарлары төмен тұрған бюджеттердiң тиiстi қаржыландыру жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық органдары трансферттердi аударуды жүргiзбейдi.
Мақсатты трансферттер бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп деректерiнде алшақтық болған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектісiнде есеп деректерiнiң растығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөніндегі уәкілеттi органға материалдарды бередi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |