416. Жоспарланып отырған жылы жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерінің есептемелері мынадай түрде жүргiзіледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбір қолданыстағы қарызы бойынша игерілмеген қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл сайын болжамдық бөлу жүргiзіледi;
2) қарыз шартының талаптары негізiнде жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргізiледi;
4) қарыз шартының талаптары негізiнде сыйақыларды (мүдделердi), комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдері мен көлемiнiң есептемелер жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берілген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердің соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негiзiнде қарыз беру мен сыйақы (мүдде) ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып жергілiктi атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі жүргiзiледi.
417. Жергілiктi атқарушы органның қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі негiзiнде жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
418. Жоспарланып отырған жылғы жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша тиiстi жылға арналған жергiлікті бюджеттерде көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеудiң жалпы көлемi "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi бойынша жергiлiктi бюджеттерде көрсетiледi.
419. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептемелер негізiнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргiзедi.
420. Жүргізiлетiн есептемелер тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторингінiң, қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердің орындалу мүмкiндігін бағалау деректерiне негiзделедi.
421. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептемелерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізедi:
1) агенттің әрбір қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз жөніндегі ақпараты негiзiнде қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл бойынша болжамдық бөлу жүргізіледi;
2) қарыз шартының талаптары негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының талаптары негiзiнде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептемелерi жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
422. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың белгiленген мерзiмi мен көлемiнiң, мүмкiндiгін бағалаудың негiзiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарланып отырған жыл өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
423. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемi жеке бюджеттік бағдарламамен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетіледi.
48-тарау. Үкiметтік қарыздарды, жергiлiктi атқарушы
органдардың қарыздары мен мемлекеттік кепiлдіктермен
қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу
және қызмет көрсету бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
424. ?кіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi тиiстi жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген қаражат есебiнен ҚР ҰБ арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
425. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 61-қосымшаға сай белгiленген нысан бойынша алдағы ай үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы үкіметтік және мемлекет кепiлдiк берген борышына қызмет көрсетуге, өтеуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) ай сайын ағымдағы айдың жиырма бeci күніне дейiн толтырады, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсау үшiн белгіленген тәртіппен рұқсат ашылады. Өтiнiм үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмiне және көлемiне негізделе отырып толтырылады және күнi, түрi, төлем валютасы мен төлемдi алушы көрсетiлiп әр қарыз бойынша төлем болжамдары қамтылады.
426. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігін жүргізедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледi.
427. Белгіленген мерзiмде және қажеттi көлемде үкіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдi жүзеге асыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган кредит берушілерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлем жасау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
428. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кредит берушi ұсынған шоттар мен төлем тiзiмдерiндегі көрсетiлген күннің, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнің сәйкестігін тексерудi жүзеге асырады.
429. Төлемге ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетілген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органы кредит берушілермен бірлесе әрекет ете отырып, кредит берушiлердiң төлемге ұсынылған шоттары мен төлем тiзiмдерiн нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
430. Қарыз шартында және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында анықталған үкiметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзімiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ресiмдейдi және үкiметтiк қарыздың бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетілген төлем құжаттарын ҚР ҰБ бередi.
431. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктiк шотынан кредит берушiнiң банктік шотына қажет етілетін көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
432. Үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзіледi.
433. Жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету тиiстi жылға арналып жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
434. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушілерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлемдердi жүргiзу үшiн қажетті басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізедi.
435. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
436. Ұсынылған шоттар мен төлем тізiмдерiндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкессiздігі ашылған жағдайда жергілікті атқарушы орган кредит берушімен өзара iс-қимыл жасай отырып ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдерiн нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
437. Қарыз шартында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiнiң шотына қажет етілетін көлемде ақша аударуды қамтамасыз етеді.
438. Бұл операцияны жергілiкті атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуында теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
439. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асыру шеңберiнде жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша жасалған есебiн жүргiзедi.
440. Республикалық бюджеттен, оның iшiнде мерзiмнен тыс мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
441. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган тиісті қаржы жылының 1-наурызына дейiн Мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгіленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде кредит берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде, республикалық бюджеттен тиiстi қаржы жылының iшiнде атқарады.
442. Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) агент республикалық бюджеттен мемлекет кепілдiк берген қарыз бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыны мұндай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктірмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындының негiзiнде он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша көрсетiлген қарыз алушылар үшін төлемдердi республикалық бюджеттен төлем жасауды көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi;
3) бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның, агенттің, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушының арасында тиiстi, оның ішінде бұрын ресiмделген республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталған (нақтыланған) келісім жасалады.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ағымдағы айдың жиырма бeci күнiне дейiн алдағы ай үшiн мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша төлемдерге арналған қосымшаға сәйкес өтiнiм толтырады, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсау үшiн белгіленген тәртiппен рұқсат ашылады. Өтiнiм үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмiне және көлемiне негiзделе отырып толтырылады және күнi, түрi, төлем валютасы мен төлемдi алушы көрсетiлiп әр қарыз бойынша төлем болжамдары қамтылады.
444. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігiн жүргiзедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзіледi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда кредит берушiлер ұсынған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерген төлеуге берiлген шоттар негiзiнде үкiметтiк қарыздың бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетiлген төлем құжаттарын бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган ресiмдейдi және ҚР ҰБ бередi.
446. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан кредит берушiнiң банктiк шотына қажет етілетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
447. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күні Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағам бойынша теңгемен жүргізіледi.
49-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
борыш мониторингінiң тәртібi
448. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторинг (бұдан әрi - мониторинг) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың қалыптасу, өзгеру және қызмет көрсету процесiн есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның атынан мемлекет iске асыратын қызмет болып табылады.
449. Мониторинг объектiсi барлық мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар болып табылады.
450. Борыш мониторингi мыналар:
1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу және есепке алу;
2) қарыз шарттарымен белгіленген кестеге сәйкес борышты өтеу мен қызмет көрсету шотына төлемдердi жасауды қамтамасыз ету және бақылау;
3) мыналарды:
түскен қарыз қаражатын қадағалау және есепке алуды;
борышты өтеу мен қызмет көрсету бойынша төлемдердiң есебiн;
борыш көлемiнiң өзгеру есебiн;
сондай-ақ, қажет болған жағдайда мерзiмi өткен төлемдердiң есебiн қоса алғанда валютадағы қарыздардың әрбір қарызы бойынша барлық операциялардың есебi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен валюта айырбастаудың рыноктық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелi ставкасының өзгеруiнiң есебi бойынша жұмыстарды қамтиды.
451. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
қарыз шотынан қаражат алғанын растайтын шетел кредит берушiсiнiң көшiрмесi;
негізгі соманы өтеу және ол бойынша сыйақы (мүдде) төлеу бойынша төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы ҚР ҰБ есептілігі;
екiншi деңгейдегi банктердiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi бекiткен нысан бойынша үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға уәкілеттік берiлген, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептiлігі;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың есептілігі пайдаланылады.
452. Борыш мониторингiн жүргiзу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақпараттарды жинау жүзеге асырылады.
453. Алынатын ақпараттарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиісті бөлiмшесi қорытындылайды және таңдайды, автоматтандырылған ақпараттар жүйесiнiң дерекқорында сақталады.
454. Борыш мониторингiнiң нәтижелерi мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың ағымдағы жағдайы, ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау қағаз түрiнде де және электронды жүйенi пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрiнде ресiмделедi.
10-бөлiм. Бюджеттік ақшаны басқару тәртібі
50-тарау. Үкiметтік сыртқы қарыз қаражаты есебiнен
қаржылық операцияларды жүзеге асыру тәртібі
455. Қарыз шоты - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiге төлемдер, сондай-ақ арнайы шотты толтыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының үкiметтiк сыртқы қарыздарының сомасы орналастырылатын донор-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламалардың арнайы шоты - халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, үкіметтiк сыртқы қарыздан немесе байланысты гранттан аванстық төлем арқылы қалпына келтiрілетін шетелдiк валютадағы шот. Арнайы шотты үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға және бюджеттік инвестициялық жобаларды әкiмшілендiруге немесе халықаралық қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес бағдарламаларға арналған шығыстардың үлестiк грантының есебiнен жабу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi ашады;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына арналған шот - ұлттық валютада төлемдер жасау үшiн екiншi деңгейдегі банктерде ашылатын шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негізгі борышты өтеу есебiне қарыз алушылардың қайтарған ақшасын есептеу мен пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде ашылатын шот.
456. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алынған үкiметтiк сыртқы қарыз шотының есебiнен жасалатын операцияларды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi нысан бойынша және қарыз шартына сәйкес, сондай-ақ осы Тәртiпке сәйкес шетелдiк кредит берушiсiнің атына жiберілетін, қаражатты алу өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қарыз шартына сәйкес көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
457. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алуға арналған өтiнiмге қолдардың екi тобы бұрыштама соғады, қолдардың бірiншi тобы бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органға, қолдардың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне бекiтілген. Бұл ретте, қолдардың бірiншi тобының мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарлама шеңберiнде үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдалануын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесiне ие болу - олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.
458. Бірiншi топтың қолдарын алу үшiн шоттан үкiметтік сыртқы қарыз қаражатын алуға арналған өтінiмде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қаражатты алуға арналған өтінiммен бірге бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті органға мыналарды:
төлемнiң мақсаты көрсетiлген ілеспе хатты;
қарыз шарты шеңберiнде жасасқан келісім-шарттарға төлемдердi жасау жағдайында осы келісім-шарттарға сәйкес төлем жүргiзілетiн құжаттардың көшiрмесi, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргiзу кезiнде осы келісім-шарттардың көшiрмелерi, сондай-ақ егер, бұл қарыз шарт бойынша рәсiмдермен көзделген болса, келісім-шарттар жасасуға арналған шетелдiк кредит берушiсiнiң ресми мақұлдаған көшiрмесiн;
келісім-шарт жасалмай шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмесiн (шот-фактураларды, жапсырма кiрiс кассалық ордерлердi, түбіртектердi, қолхаттарды және өзге де құжаттар);
қарыз шарты бойынша қабылданған қаржы рәсiмдерiне сай шетелдiк кредит берушiсiне қажеттi ұсынылатын құжаттардың көшiрмесiн;
52-қосымшаға сай нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның сұрауы бойынша есептілік сомасы жөнiнде қосымша ақпаратты ұсынады.
459. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күнi iшiнде шоттан үкiметтiк сыртқы қарыз қаражатын алуға арналған өтiнiмнiң қарыз шартының талаптарына сәйкестігiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне тиісті кезеңге арналып берiлген рұқсатты тексередi, қол қойылады және шетелдiк кредит берушiге беру үшiн ол бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне қайтарылады.
460. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган 456-458-тармақтарға сәйкес қол қою үшiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiне ұсынылған, қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан қаражатты алуға арналған өтiнiмдi мынадай:
егер, жүргiзiлген қаржылық операция қарыз шартының талаптарына немесе қарыз шартының шеңберiнде жасасқан келісім-шартқа қайшы болған;
республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiн қаржыландыру жоспарымен көзделген жоспарлы мақсаттар жоқ немесе жеткiлiксiз болған;
Қазақстан Республикасының заңдарында қарыз шартында көзделген тиiстi ережелер мен рәсiмдердi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бұзған;
олардың бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi жойғанға дейiн жүргiзiлген қаржылық операциялар бойынша құжаттарда сәйкессiздiк және қате орын алған, жағдайларда қабылдамауы мүмкiн.
Одан басқа, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган шоттан қаражат алуға арналған өтiнімге жоғарыда санамалап көрсетiлген жағдайларда тиісті түзетулер енгізуге немесе бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнен талап етуi мүмкiн.
461. Қарыз ақша шотынан үкiметтік сыртқы қарыз қаражатын алуда бюджеттi атқару кезiнде мынадай түрде:
Бірыңғай бюджеттік сыныптама кiрiстерiнiң бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсiмдер ретiнде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аудару кезiнде;
ҚР ББС кiрiстер сыныптамасына сәйкес түсiмдер мен шығыстар (бip мезгілде) ретiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiлерге аудару кезiнде ескерiледi;
осы Ережеде көзделген инвестициялық жобалардың арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз қаражатын немесе грантын беретін шетелдiк кредит берушi қарыз шартының талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң өтінiмi негiзiнде жүргiзедi.
462. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргiзiлген шығыс операциялары бойынша қаражаттың қайтарылу жағдайларын қоспағанда қарыз шартының талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толтыруға арналған үкiметтік сыртқы қарыздың қаражатынан басқа өзгеде қаражаттар есепке алынбауы мүмкiн.
463. Шоттардан ұлттық немесе шетелдiк валютада, осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражаттың қайтарылу жағдайларын қоспағанда, инвестициялық жобаларға байланысты бюджеттік (кiшi бағдарламалар) қаржыландырылады.