«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 351-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тізбеге сәйкес:
1) "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 351-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік
меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с N | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҚР Әділетмині* | 2006 жылғы қаңтар |
2. | Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ҚР Әділетмині | 2006 жылғы қаңтар |
3. | "Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ҚР Әділетмині | 2006 жылғы қаңтар |
4. | "Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ҚР Әділетмині | 2006 жылғы қаңтар |
Ескерту:
*ҚР Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі