«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 520 қаулысында:
1-тармақтағы«350000000 (үш жүз елу миллион) деген сөздер "335000000 (үш жүз отыз бес миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 863 қаулысында:
2-тармақтағы "3027763000 (үш миллиард жиырма жеті миллион жеті жүз алпыс үш мың)" деген сөздер "2892763000 (екі миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион жеті жүз алпыс үш мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 1025 қаулысында:
1-тармақтағы "30000000 (отыз миллион)" деген сөздер "20000000 (жиырма миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы № 1164 қаулысында:
1-тармақтағы "61200000 (алпыс бір миллион екі жүз мың)" деген сөздер "30600000 (отыз миллион алты жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 1168 қаулысында:
1-тармақтағы "80160000 (сексен миллион бір жүз алпыс мың)" деген сөздер "50160000 (елу миллион бір жүз алпыс мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.