“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 520 Қаулысы
(2005.21.12. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен мынадай iс-шараларға:
қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн пысықтау жөніндегі консалтингтiк қызметтерге ақы төлеуге;
Oracle Applications лицензияларын сатып алуға;
қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң штаттан тыс ажырауын, жүйенің бағдарламалық-аппарат кешенінің жаңылысуын және iстен шығуын болдырмау мақсатында үздiксiз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жабдықтар сатып алу мен орнатуға 335000000 (үш жүз отыз бес миллион) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |