Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылған
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1270 қаулысымен
бекітілген
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын
біліктілік талаптары
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі техникалық жоба мен технологиялық регламенттің;
2) мақта тазалайтын зауытта:
кемінде бір мақта қабылдау пунктінің;
шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтардың;
талшықты мақта байламынан сынамалар түзуге арналған құрылғының;
таразы жабдықтарының;
желдеткіш жабдықтардың;
тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың);
мақта сапасын анықтауға арналған өндірістік-технологиялық зертхананың;
мақтаны сақтау үшін арнайы бөлінген орынның;
3) мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде:
шитті мақтаны жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдықтарының;
желдеткіш жабдықтардың;
шитті мақтадан сынамалар алуға және сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтардың;
тиеу-түсіру техникасының (жабдықтардың);
4) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалайтын зауыттан тыс жерде орналасқан мақта қабылдау пунктінде өткізу режимінің;
5) тиісті технологиялық білімі бар мамандардың болуын қамтиды.