«Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiнiң
құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 13 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес және лицензиялау жүйесiн оңтайландыру мен жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есимов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 9 тамыздағы
№ 820 қаулысымен
Бекiтiлген
Өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет
түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтердiң
тiзбесi
Осы тiзбеде «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 8), 11), 12), 12-1), 15), 29) және 44) тармақшаларына сәйкес өнеркәсiп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер белгiленген.
1. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тарату, электр станцияларын, электр тораптары мен қосалқы станцияларды жобалау және пайдалану
1. Электр және жылу энергиясын өндiру.
2. Электр станцияларын, электр желiлерi мен қосалқы станцияларды (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, технологиялық жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау), соның iшiнде:
1) агрегаттардың кез келген үлгiлерiмен органикалық отынмен жұмыс iстейтiн жылу электр станцияларын;
2) су электр станцияларын;
3) дизельдiк агрегатты электр станцияларын;
4) энергияның дәстүрлi емес (жел, күн, теңiздiң қайтуы, жылудың жер асты және қайталама көздерi) түрлерiн пайдаланатын электр станцияларын;
5) электр тарату тораптарын, электр энергиясын берудiң әуе, кәбiлдiк желiлерiн;
6) трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату қондырғыларын, релелiк қорғаныш пен автоматиканы пайдалану.
2. Гидротехникалық құрылыстарды жобалау және пайдалану
3. Су электр станцияларының (бұдан әрі - СЭС) гидротехникалық құрылыстарын (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, техникалық жай-күйiн бақылау), соның iшiнде:
қысым бассейндерiн, су қабылдау құрылыстарын, су қоймаларын, тұндырғыларды, су қысымын шектейтiн бөгеттердi, бөгетшелердi, каналдарды, туннельдердi, дренаждық жүйелердi, күл қож үйiндiлерi бөгетшелерiн пайдалану.
3. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу
4. Электр желiлерi жоқ және оларға қызмет көрсетпейтiн, кейiн қайта сату мақсатында электр энергиясының көтерме саудада сатып алу-сату мәмiлелерiн жасайтын электр қуатының және электр энергиясының көтерме рыногын (бұдан әрi - ЭҚЭКР) ұйымдастыру мен жұмыс iстету субъектiсiнiң - трэйдердiң делдалдық қызметiн жүзеге асыру.
4. Жарылыс, өрт қаупi бар өнеркәсiптiк өндiрiстердi
жобалау және пайдалану
5. Технологиялық объектілердi, блоктарды, сатыларды, қоймаларды қоса алғанда, жарылыс, өрт қаупi бар өнеркәсiптiк өндiрiстердi:
1) мұнай-газ өңдеу (мұнай өнiмдерi өндiрiсiнен басқа, «Мұнай өнiмдерiн өндiру» 12-бөлiмi) және мұнай-химия өнiмдерiн;
2) негiзгi органикалық синтездi, каучуктi, шиналық, резеңке-техникалық, тақтатас өңдеу өнеркәсiбi мен техникалық көмiртегiн;
3) хлорды, хлорлы органикалық және органикалық емес өнiмдердi және ағызу, құю, сақтау жөніндегі технологиялық процесті;
4) химиялық талшықтар, полимер материалдар мен пластмассаларды;
5) синтетикалық бояғыштарды, химикат-қоспалар мен басқа да жұқа органикалық синтез өнiмдерiн;
6) лак-бояу өнiмдерiн, скипидарды;
7) кино-, фотоматериалдар мен химиялық реактивтердi;
8) тұрмыстық химия өнiмдерiн;
9) азот және фосфор өнеркәсiбiн;
10) негiзгі химия өнiмдерiн;
11) ауадан бөлiнетiн өнiмдердi (оттегі, сутегі), хлорды, аммиакты алуды, өңдеуді, бөлудi, сақтау мен қолдануды;
12) суды электролиздеу әдiсiмен сутегі мен оттегін;
13) басқа да органикалық және органикалық емес өнiмдердi және олардың қосындыларын (ағызуды, құюды, сақтауды қоса алғанда);
14) коксті, шойынды, болатты (болат пен темірдi, люнкериттердi, түрлендiргiштер мен экзотермиялық қоспаларды, ферроқорытпаларды, ыстық және суық илектi тiкелей алуды қоса алғанда), құюды (өнеркәсiптiң барлық салаларында);
15) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату жөнiндегі өндiрiстердi (мұнай базалары, жанар-жағармай құю станциялары);
16) сұйытылған және жанғыш газдарды қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату жөнiндегі өндiрiстердi (газ толтыру станциялары мен пункттер, автоматты газ құю станциялары және автоматты газ толтыру станциялары);
17) құрамында мұнайы бар қалдықтарды өңдеу, газ тәрiздес шығарындыларды кәдеге асыру мен өртеп жiберу;
18) жарылыс қаупi бар шаң-ауа қоспалары пайда болатын технологиялық процестi;
19) шикiзатты, шала өнiмдердi және дайын өнiмдердi сақтау жөнiндегі (қоймалар) өндiрiстердi пайдалану.
5. Тау-кен өндiрiстерiн жобалау және пайдалану,
мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары
6. Пайдалы қазбаларды (көмiр, рудалар, минералдар, жалпы таралған және басқа да пайдалы қазбалар) iздестiру, барлау және өндiру:
1) кен орнының геологиялық құрылымын, рудалық денелердiң, кен-геологиялық және инженерлiк-геологиялық жағдайлардың сипаттамасын; гидрогеологиялық сипаттамасын зерделеу;
2) сейсмикалық толқындарды қоздырудың жарылғыш және жарылғыш емес көздерiн қолдана отырып, атқылау-жару жұмыстарын, геофизикалық және сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу;
3) алынған геофизикалық материалдарды пайымдау, руданың сапасын, карьер алаңының шекарасы мен қорларын зерделеу; шахталардың, кенiштердiң, разрездер мен карьерлердің қуаты мен жұмыс режимiн анықтау;
4) аудару шаруашылығын қоса алғанда үстiңгi қабаттың технологиялық кешенiн, жергілiкті жобаларды, бас жоспарды әзiрлеу; карьерлiк көлiк; карьер алаңын, жөндеу-қойма шаруашылығын, электр техникалық бөлiктi және басқаларын құрғату;
5) техникалық-экономикалық бөлiкті, техника қауiпсiздігін, өртке қарсы қорғануды, сметалық есепті әзiрлеу.
7. Кен орнын өнеркәсiптiк игеру:
1) көмiр, руда, рудаға жатпайтын кен орындарын ашық және жер асты әдiстерiмен ашу және игеру;
2) тау-кен өндiрiстерiнiң үстiңгi және жер асты технологиялық кешендерiнiң жұмыс iстеуiне байланысты жұмыс;
3) тау-кен-күрделі, тау-кен-дайындау жұмыстары, шахта оқпандарын бекіту мен армирлеу;
4) механикаландырылған бекiтпенi көтеру;
5) арнайы тау-кен қазбаларын (дренаждық барлау, желдету және т.б.) жүргiзу;
6) жер қойнауын пайдалану кезiнде геологиялық-маркшейдерлiк қызмет көрсету;
7) экскаваторларды, өздігінен жүретiн тиеу-жеткiзу жабдықтарын, конвейерлік қондырғыларды, темір жол мен автомобиль көлiгiн пайдалана отырып, рудалар мен жыныстарды уату, тиеу және жеткiзу;
8) кен қазбаларын бекітуге, желдетуге және құрғатуға байланысты жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары;
9) кен қазбаларын бекіту жобалары мен бұрғылау-жару жұмыстары жобаларын әзiрлеу, қайта қарау және бекіту;
10) рудалық атмосфераны желдету, бақылау, разрездегi және үйiндiлердегi эндогендік өрттiң алдын алу мен оқшаулау;
11) орлар жүргiзу, кен массаларын экскавациялау, ашық кен жұмыстарында және өнеркәсiп алаңдарын қорғандау;
12) топырақты тазалау, қабырға мен төбенi шабақтау, көлiк, сақтандыру бермдерін және карьердiң кертпеш қиябеттерiн тазарту;
13) ұңғымалар мен шпурларды бұрғылау, жару жұмыстарын дайындау және жүргiзу; жару жұмыстарын механикаландыру;
14) бұрғылау жабдығын пайдалану;
15) дайындау, тiлу, тазарту жұмыстары;
16) су төгу, құрғату, желдету; кен массасын тасымалдау;
17) кен жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде бұзылған жерлердi қалпына келтіру;
18) мыналардың: тау-кен өндiрулерiн су басудың, құрғақта және теңiзде мұнайдың жайылуының, ұңғымалардың өздігінен төгiлуiнiң, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар;
19) кен жұмыстары жөнiндегі жергiлiктi және техникалық жобаларды әзiрлеу, қайта қарау және бекіту;
20) көмiрдi үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналармен қазып алу;
21) пайдалы қазбаларды экскаваторлармен, бульдозерлермен және тиегіштермен қазып алу; жыныстарды, рудалар мен көмiрдi темір жол көлiгiмен және басқа да көлiкпен тасымалдау;
22) темір жол және автомобиль көлiгімен қорғандау;
23) жалпы тараған пайдалы қазбаларды өндiру;
24) карьерлік автомобиль жолдарын ұстау;
25) рельстiк буындарды және бағыттамалық бұрмаларды жинау, оларды кертпештерде, үйiнділерде және темір жолдардың тұрақты учаскелерiне салу және қайта салу, темір жолдар мен бағыттамалық бұрмаларды жөндеу.
8. Залалды кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары: оқпандарды жабу, тау-кен жабдықтарын бөлшектеу, далдаларды тұрғызу, ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу, үстіңгi кешендi бөлшектеу, үстіңгі қабатты қалпына келтiру.
9. Мұнай мен газды iздестiру, барлау және өндiру:
1) бұрғылау, соның iшiнде жүзбелi бұрғылау қондырғыларын, мұнай-газ кәсіпшілiгі, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтарды, сондай-ақ мұнай-газ теңiз гидротехникалық құрылыстары мен мұнай-газ кәсіпшiлiгі жабдықтарын пайдалану;
2) мұнай мен газ ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкі су айдындарында бұрғылау;
3) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішiн орнату;
4) ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; аспапты жинақтау;
5) мұнай мен газды өндiру кезiнде (есiрткi заттарындағы прекурсорлар мен улы заттарды қоспағанда) химиялық реагенттерді пайдалану;
6) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
7) мұнай мен газ ұңғымаларын геофизикалық және кәсiптiк-геофизикалық зерттеу;
8) мұнай-газ кен орындарын қазуға жобалар мен технологиялық схемаларды жасау;
9) мұнай мен газ кен орындарын жобалау, жайластыру;
10) мұнай мен газ кен орындары бойынша көмiрсутектерiнiң қорларын есептеу;
11) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары; мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
12) барлау және пайдалану ұңғымаларында жүргізілетiн мұнай операцияларының сапасын бақылау;
13) ұңғымалардың техникалық жай-күйін геофизикалық әдiстермен зерделеу;
14) алынған геофизикалық материалдарды пайымдау;
15) мұнай, газ кен орындарын iздестiру мен барлаудың сейсмикалық әдiстерi;
16) сейсмикалық толқындарды қоздырудың жарылғыш және жарылғыш емес көздерiн қолдана отырып, құрлықта, көшпелi аймақ пен теңiзде геофизикалық және сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу;
17) тігінен-тік сейсмикалық кескiндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
18) мұнай-газ өндiру өнеркәсiбiнiң объектілерi үшін техникалық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу;
19) жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесiн жасау;
20) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру, ұңғымаларды консервациялау;
21) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмділігін көтеру.
6. Магистральдық газ, мұнай өнiмдерi құбырларын
жобалау және пайдалану
10. Сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральды газ, мұнай өнiмдерiн өткiзгiштердiң резервуарлық парктерi мен желiлiк бөлiктерiн, сондай-ақ газдың жер асты қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану:
1) магистральдық құбыр өткiзгiштерiне, негізгi және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды техникалық жөндеу, (пiсiрiлген жiктердiң, қосылыстар мен бекiтпелердiң техникалық жағдайының алдын алу, байқау, бақылау жай-күйi диагностикасы);
2) магистральдық құбыр өткiзгiштердiң сорғы-сығымдаушы станциялары мен желілiк бөлiктерi жабдықтарының, соның iшiнде су асты өткелдерiнiң диагностикасы;
3) тотығудан электр химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
4) магистральдық газ, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау.
7. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық
барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық
жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық
жабдықтарды, бақылау аппаратуралары мен жүйелерін,
аварияға қарсы қорғау және дабыл қағуды жобалау,
дайындау, монтаждау, жөндеу
11. Жобалау (құрамында жабдық әзiрлеу үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негіздеме, есептер, сызбалар, макеттер, сметалар, түсiндiрме жазбалар бар кешендi техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды әзiрлеу); жасау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтердi, тораптарды, бөлшектердi, бөлiктердi, блоктарды, көмекшi құрылғыларды); монтаждау (құрылыстарды, құрастырмаларды, технологиялық жабдықтарды, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектердiң басқа құрылғыларын, тораптарды, өндiрiстi пайдалану кезеңіндегі элементтерді, объектiнi жинау, жөндеу және орнату); жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйі диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабiлетін қалпына келтiру, элементтердi ауыстыру, келтiрiлген зақымдарды жөндеу, жою); ағымдағы және жоспарлы алдын ала жөндеу (машиналардың, жабдықтардың жұмыс процесiнде туындайтын iстен шығу мен ақаулықтарды жою), жабдықтарды орташа және күрделi жөндеу (машиналардың, жабдықтардың iшiнара немесе толық жұмсалған ресурстарын қалпына келтiру), соның iшiнде:
1) химиялық жабдықтар:
физикалық-химиялық процестерге арналған аппараттар (химиялық өндiрiстерге арналған пештер, кристаллизаторлар, булайтын аппараттар мен құрылғылар, шайғындағыштар, электрыдыратқыштар, озондаушы, ауа құрғатушы жабдықтар);
ыдыстар мен аппараттар: iшкi құрылғыларсыз сыйымды цилиндрлi;
қозғалыссыз iшкi құрылғыларымен; жылу алмастырғыш құрылғыларсыз араластыратын құрылғыларымен;
сұйықтықтарды сүзгiштер, бiртектi емес сұйық жүйелердi орталықтан теуiп және гравитациялық бөлуге арналған жабдықтар;
материалдарды физикалық-механикалық өңдеуге арналған жабдықтар (диiрмендер, ұнтақ және паста тәрiздес материалдарға арналған илегіштер);
мөлшерлеуiштер, қопсытқыштар, қоректендiргіштер, ұнтақтағыштар, жiктеуiштер;
2) бұрғылау, геологиялық барлау, мұнай-газ кәсiпшiлігі, соның iшiнде теңiзде мұнай-газ операцияларын жүргiзуге арналған жабдықтар:
жинақтаушы жабдықтары және материалдарымен бірге бұрғылау қондырғылары;
шығарындыларға қарсы жабдықтар; ұңғымалардың сағаларын тығындауға арналған арматуралар мен қондырғылар; ұңғымаларды бұрғылауға арналған жер асты жабдықтары; бұрғылау қондырғыларын монтаждауға/бөлшектеуге және тасымалдауға арналған технологиялық және жүк көтергiш жабдықтар; түсiру-көтеру операцияларына арналған аспаптар мен жабдықтар; бұрғылау процесiн бақылау және реттеу құралдары; бұрғылау технологиялық сұйықтықтарын дайындау жүйелерi мен кәдеге асыру жабдықтары;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеу мен сынауға арналған жабдықтар, агрегаттар, аппаратуралар, аспаптар;
перфораторлар мен олардың зарядтарын, жарылғыш пакерлердi, қырынан ататын топырақ тасушыларды, фугастық торпедалар мен шығыршықты құбыр кескiштердi, жиынтықты торпедаларды, каротаждық көтергіштердi, перфораторлық станциялардың зертханалары мен жылжымалы зарядтау шеберханаларын қоса алғанда, ұңғымаларда атқылау-жару жұмыстарын жүргізуге арналған аппаратура мен жабдықтар;
мұнай-газ кәсiпшілігі жабдықтары, соның iшiнде ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеуге арналған қондырғылар, ұңғымалардың сағасын тығындауға арналған арматуралар мен қондырғылар, бұрқақтық арматуралар, мұнай өндiруге арналған сорғыш қондырғылар, әткеншек-станоктар, жылжымалы сорғыш және сығымдаушы қондырғылар, жуу және цементтеу агрегаттары, автоцистерналар, топтық өлшеуiш қондырғылар, технологиялық жабдықтар, блокталып шоғырландырылған сорғыш және сығымдаушы станциялар, түсiру-көтеру операцияларына арналған аспаптар мен жабдықтар, мұнай, газ және су өндiру процестерiн бақылайтын және реттейтiн құралдар; ұңғымалардың жер асты тереңдiгіндегі жабдықтар; ұңғымалардың өнiмдiлiгін арттыруға арналған жабдықтар мен материалдар; кәсiптiк-геофизикалық зерттеулерге арналған жабдықтар;
мұнайды, газды және суды технологиялық тасымалдауға арналған құбырлар; сорғыш-сығымдауыш құбырлар;
көмiрсутек шикізатын сақтауға арналған резервуарлар; қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстар (тұндырмалар, айырғыштар);
мұнайды, газды және суды өндiру, дайындау және тасымалдау кезіндегі физикалық-химиялық және жылу-термикалық процестерге арналған жабдықтар мен аппараттар;
көлiк құралдарына монтаждалған технологиялық жабдықтар (сорғы және сығымдау қондырғылары, цементтеу агрегаттары, сусыма материалдарды, сұйықтықтарды, химиялық реагенттердi және жарылғыш заттарды/жарылғыш құрылғыларды тасымалдауға арналған ыдыстар);
тұрақты мұнай-газ теңiз гидротехникалық құрылыстары мен олардың жабдықтары; теңiз кемелерiне монтаждалған ұңғымаларды бұрғылайтын технологиялық жабдықтар;
ұңғымаларды бұрғылауға және зерттеуге арналған технологиялық, сондай-ақ мұнай, газ және су өндiру, дайындау және тасымалдау объектілерін техникалық диагностикалау мен зерттеуге арналған жабдықтар;
мұнайды, газды және суды магистральдық тасымалдауға арналған жабдықтар, құбырлар, бекіту-реттеу арматуралары, бақылау және реттеу аспаптары; электр химиялық қорғануға аварияға қарсы қорғануға және дабылдарға арналған жабдықтар мен техникалық құралдар, бақылау аппаратуралары мен жүйелерi.
3) тау-кен-шахта жабдықтары (соның iшінде жинақтаушы жарылыстан қорғайтын электр жабдықтарымен):
тазарту және өтiмдiлеу кешендерi, соның iшiнде агрегаттар мен комбайндар;
шахта оқпандары мен қазымдарын жүрiп өтуге арналған машиналар мен кешендер;
механикаландырылған бекiтпелер мен түйiстiру бекiтпелерi;
сүргiлеу қондырғылары;
үңгігіш машиналар;
жүк тиейтiн машиналар;
адамдар мен жүктердi тасымалдауға арналған таспалық конвейерлер;
забой конвейерi;
жер асты жұмыстарында қолданылатын қорғаушы және басқа да жүкшығырлар;
шахталық жылжымалы сығымдағыштар;
кеніштік электрмен тасушылар, кiрмен тасушылар мен дизельмен тасушылар;
өзi жүретiн вагонеткалар (вагондар), секциялық поездар;
дизельдi жетегi бар өзi жүретiн машиналар;
жолаушы вагонеткалар;
оларға перфораторлар мен зарядтарды қоса алғанда атқылау-жару жұмыстарын жасау үшiн аппаратуралар мен жабдықтар, жарылғыш пакерлер, қырынан ататын топырақ тасушылар, фугастық торпедалар мен шығыршықты құбыр кескiштер, жиынтықты торпедалар, перфораторлық станция зертханалары мен жылжымалы зарядтау шеберханалары;
шахталық көтергiш машиналар, шахталық клеттер, арқандар, шахта клеттерi мен скиптерi үшiн аспалы және тiркелетiн құрылғылар, шахта клеттерiнiң парашюттерi, копр шкивтерi;
жер асты лифтiлерi;
көлбеу және еңiс қуыстар бойынша адамдарды жеткiзу үшiн адам және адамдар мен жүктерге арналған жолдар;
жер асты қуыстарындағы жүктiк арқанды, жалғыз рельстi және жерге төселген рельс жолдар;
жер асты жұмыстары үшiн жол төсейтiн, кеңiтетiн, тиеу-көлiк және жеткiзу машиналары;
бекiтпелер салу үшiн машиналар мен тетiктер және жер асты қуыстарында жабынды жинақтау үшiн өзi жүретiн полкалар;
жер асты жұмыстарында қолданылатын қол және бағанды электр бұрғылары мен электр аралары, бұрғылау және соғу балғалары, пневматикалық және гидравликалық бұрғылар, вулканизаторлар;
гидроэлеватор қондырғылары мен жуу құралдары;
жер асты жұмыстары үшiн гидромониторлар;
газ және (немесе) шаң бойынша қауiптi шахталар мен кенiштер үшiн бас және жергілiктi желдетуге арналған желдеткiштер, пневматикалық желдеткiштер;
жер асты және ашық тау-кен жұмыстарына арналған бұрғылау станоктары мен бұрғылау қондырғылары;
ожауының сыйымдылығы 5 текше м-ден астам экскаваторлар;
жер қазатын машиналар мен жер снарядтары;
көмiр шахталарына арналған шаң басатын және шаң аулайтын құрылғылар мен шаңды бақылайтын құралдар;
4) металлургиялық жабдықтар:
құрғатқыш, жылыту, күйдiру, балқыту пештерi, прокаттық стан, ұнтақтағыш, дүңкiлдеткiштер (гидрометаллургияда, пирометаллургияда, түсті және қара металлургияда пайдаланылатын);
5) энергетикалық жабдықтар, жарылыстан сақтандырылған электр техникалық жабдықтар:
құбыр генераторлар мен көмекшi жабдықтар, жылу агрегаттары мен көмекшi жабдықтар, электр берілiсi желiлерi;
электр қозғалтқыштар, iске қосу, тарату аппаратурасы, трансформаторлар, трансформаторлық шағын станциялар мен жиынтық тарату құрылғылары, күштiк электр жабдығы мен қорғаныш пен дабылдық жиынтық аппаратурасы;
ЖЭО, ГРЭС, ГЭС-тiң басқа да жабдықтары;
6) бақылау аппаратуралары мен жүйелерi, аварияға қарсы қорғау және дабыл беру жабдықтары:
өлшеу, тiркеу, есепке алу құралдары, процестің бір немесе бiрнеше сипаттамасын өлшеу, сынау, тексеру құралдары, олардың жұмыс режимдерi бұзылған кезде жабдықтың, процестің тоқтатылуын және басқару пультiне белгi берудi қамтамасыз ететiн құралдар;
технологиялық процестермен автоматтандырылған басқару аспаптары (бұдан әрi - ТПАБА), өлшеу қондырғылары, датчиктер, реле, бақылау-өлшеу құралдары, автоматика жүйесiнiң қалқандарын, пульттары мен шкафтарын қоса алғанда, өздiгiнен реттеу, бақылау мен дабыл беру аспаптары, апатқа қарсы қорғаныш аспаптары (сақтандырғыштар, автоматты ажыратқыштар), өлшеуiш кәбiлдiк желілер, автоматика жүйесiн қайта коммутациялау, импульстық желiлердi реттеушi және өлшеушi құрылғылар.
8. Қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар мен өткiзгіш құбырларын жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу және пайдалану
12. Қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтар мен өткiзгiш құбырларын жобалау, дайындау (жекелеген элементтердi, детальдар мен бөлшектердi қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде), жөндеу (жоспарлы-алдын ала, күрделi, негiзгi және көмекші жабдықтар диагностикасы, мерзiмдi байқау мен техникалық қызмет көрсету; құрастырмаларды және жабдықтарды тотығудан қорғау, өткiзгiш құбырлар мен жабдықтардағы жылуды оқшаулау жөнiндегі жұмыстарды орындау, бекiтпе арматураны орнату; қазандықтан шығатын түтiн құбырлары мен газ жолдарын жөндеу, күл-қождан тазартатын қондырғыларды жөндеу), соның iшiнде:
1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және бу мен су жылытатын қазандарды;
4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу және сұйықтық қазандарды;
6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын.
13. Бу қазандарын, жұмыс қысымы 0,7 кг/см2 дербес буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi су жылытатын қазандар мен температурасы 115оC-тен жоғары дербес экономайзерлердi және қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларды пайдалану (техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстап тұру, техникалық жай-күйiн бақылау), соның ішінде:
1) бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
2) буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және су мен бу жылытатын қазандарды;
4) жылжымалы және көлiкпен алып жүруге болатын қондырғылар мен энергетикалық поездардың қазандарын;
5) жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс iстейтiн бу мен сұйықтық қазандарын;
6) бу мен ыстық судың өткiзгiш құбырларын;
7) отынды қазанға әкелушi өткiзгiш құбырларын.
9. Көтергіш құрылғыларды жобалау, дайындау, монтаждау,
жөндеу және пайдалану
14. Көтергiш құрылыстардың барлық тұрпатындағы жобалау дайындау (жекелеген элементтерiн, бөлшектерi мен бөліктерін қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектіні пайдалану кезеңiнде), жөндеу (жоспарлы - алдын ала күрделi, мұнай операцияларын жүргізу кезiнде пайдаланылатын көтергiш құрылыстар мен қондырғыларды қоспағанда, көтергiш құрылғылардың барлық тұрпаттары мен арналымдарын бөлшектеу; кран астындағы жолдарды тегiстеу мен жөндеу; көтергіш құрылыстардың барлық тұрпаттарындағы iске қосу-жөндеу жұмыстары, техникалық диагностикалау, одан әрi пайдалану мүмкiндiгiн анықтау мақсатында қызмет мерзiмi бiткен көтергiш құрылыстарының техникалық жай-күйiн тексеру) және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйiнде ұстау, техникалық жай-күйiн бақылау), соның iшiнде:
1) барлық тұрпаттағы жүк көтергiш крандарды;