Қазақстан Республикасының
Заңы
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы
3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері
4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау
6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
7-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
13-бап. Пайда алушының құқықтары
14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен
17-бап. Сақтандыру жағдайы
18-бап. Алып тасталды
19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары
20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі
21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі
22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
23-бап. Дауларды қарау тәртібі
24-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) авария - ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;
2) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) міндетті экологиялық сақтандыру - авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт;
5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;
14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен еттелген құқық қатынасына қолданылмайды.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:
осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;
тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;
экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды
4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Сақтанушының қалауы бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушыға жазбаша жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.
Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
6. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы және сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу және сақтандыру жағдайын реттеу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
2. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, сақтандыру жағдайын реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған міндетті экологиялық сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысанда міндетті экологиялық сақтандыру шартының және ол бойынша сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу;
міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар ету;
авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшерін бағалауды айқындау;
сақтандыру төлемін алу;
осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу және ол бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарламалардың тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап жасады деп есептеледі.
5. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу және олар бойынша сақтандыру жағдайларын реттеу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.
2. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
Рет № | Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының проценті есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1. | 1-айға дейін қоса алғанда | 20 |
2. | 1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда | 30 |
3. | 2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда | 40 |
4. | 3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда | 50 |
5. | 4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда | 60 |
6. | 5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда | 70 |
7. | 6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда | 75 |
8. | 7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда | 80 |
9. | 8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда | 85 |
10. | 9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда | 90 |
11. | 10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда | 95 |
12. | 11-айдан жоғары | 100 |
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы (сақтандырылушы):
1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады);
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге;