3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік құпиялардың қорғалуын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді үкіметтік курьерлік байланыспен қамтамасыз ету, арнайы жөнелтімдерді жедел жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Мыналарды қамтамасыз ету:
- құпия, үкіметтік, дипломатиялық және қызметтік хат-хабарлар мен жүктерді қауіпсіз, уақтылы және тиімді жеткізуді;
- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;
- фельдъегерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді 5 күн ішінде жеткізуді;
- қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді 8 сағат ішінде жеткізуді.
ҚР Үкіметінің 2006.18.10 № 1004 Қаулысымен 6 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауап- ты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету | 1) 307 бірлік санында бекітілген штат санының лимиті шегінде Мемлекеттік фельдъегерлік байланысты ұстау. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 2) Фельдъ- егерлік байланыстың бекітілген бағыттары бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жеткізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 3) 5 бірлік арнайы автокөлік сатып алу. Іске асыру мерзімі - наурыз-сәуір. 4) 2 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу. Іске асыру мерзімі - сәуір- маусым. 5) Нысанды киім-кешек сатып алу және тігу. Іске асыру мерзімі - ақпан-сәуір. 6) Шығыс материалда- рын сатып алу. Іске асыру мерзімі - ақпан-сәуір. 7) Телеком- муникация қызметтері үшін ақы төлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 8) Ақпарат- тық жүйелер мен жергілікті тапсырмалар- ды орнату және сүйе- мелдеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. 9) Шредер сатып алу. | Жыл бойы | "Қа- зақ- стан Рес- публи- касы- ның мемле- кеттік фель- дъе- герлік қыз- меті" рес- публи- калық мемле- кеттік меке- месі |
ҚР Үкіметінің 2006.18.10 № 1004 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері:
775 мың бірлік хат-хабарлар мен жүктерді жеткізу.
5 бірлік арнайы автокөлік сатып алу, бұл автомашиналар паркін жаңарту қажетті автокөлік қажеттілігінің 33,3%-ын құрайды.
2 әкімшілік ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу, бұл аумақтық бөлімшелерде ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қажетті жалпы соманың 33,9 %-ын құрайды.
115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру). Шредер сатып алу - 1 бірлік.
Түпкі нәтижелері:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді уақтылы және толық жеткізу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Қазақстанның шегінде бір рет жеткізудің орташа құны:
хат-хабардікі - 50,0 мың теңге;
жүктікі - 30,0 мың теңге.
Қазақстаннан тысқары жерлерге бір рет жеткізудің орташа құны:
хат-хабардікі - 85,0 мың теңге;
жүктікі - 35,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Қазақстанның қалалары арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 5 күн. Қалалық бағыттар бойынша хат-хабарлар мен жүктерді жеткізудің орташа уақыты - 8 сағат.
Сапасы:
Құпиялылық режимін сақтай отырып, хат-хабарлар мен жүктерді толық көлемде жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
9-1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 9-1-қосымшамен толықтырылды
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ үшін әкімшілік ғимаратын
сатып алу» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2500000 мың теңге (екі миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығына ие мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-тың тиімді корпоративті басқаруды жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: объектінің мемлекеттік меншікке кезең-кезеңімен сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р/с № | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ үшін әкімшілік ғимаратын сатып алу | Әкімшілік ғимаратты сатып алу үшін алдын ала төлеуді жүзеге асыру. | 2006 жылғы екінші жарты жылдық | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: әкімшілік ғимаратты мемлекеттік меншікке сатып алу үшін төлеудің бірінші кезеңін жүзеге асыру.
Түпкі нәтиже: объектіні мемлекеттік меншікке кезең-кезеңімен сатып алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік меншіктің активтерін көбейту.
Уақтылығы: белгіленген мерзімдерге сәйкес.