«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1004 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижелері» деген абзацта:
«1500», «4», «12» және «1000» деген сандар тиісінше «4930», «6», «14» және «1400» деген сандармен ауыстырылсын;
«- ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөнінде бюллетеньдер дайындау - 1000 дана» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің санын айқындау жөніндегі нормативтерді әзірлеу.«;
2) көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында, реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлерін сатып алу - 2 бірлік.«;
7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «шуыл генераторлары - 89 бірлік, бұл ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттік органдардың сұрау салуы жалпы санының 26%-ын құрайды;» деген сөздерден кейін «зертхананы жарақтандыру үшін қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлері - 2 бірлік;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Шредер сатып алу.«.
7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацында «115 қызметкер үшін нысанды киім-кешек сатып алу және тігу (тозған киім-кешекті ауыстыру).« деген сөздерден кейін «Шредер сатып алу - 1 бірлік.« деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |