«Халықтың көші-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 34 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1224 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 9 маусымда өткен сессиясының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың баяндамасында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі әзірлеген халықтың көші-қоны Мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы мақұлдансын (қоса беріліп отыр).
2. Халықтың көші-қоны Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу үшін мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Соболев В.В. - Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары
(төраға)
Тілеубердин А.А. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрі (төрағаның орынбасары)
Крепак П.И. - Қазақстан Республикасының Еңбек
министрі (төрағаның орынбасары)
Әткешев Ж.С. - Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің орынбасары
Ауанов М.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің бірінші орынбасары
Базылов К.Б. - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрінің
орынбасары
Берешов С.Х. - Қазақстан Республикасы Еңбек
министрлігі еңбек және жұмыспен
қамту проблемалары жөніндегі қазақ
ғылыми зерттеу институтының
директоры
Гизатов В.Х. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрінің орынбасары
Дәуренбеков А.К. - Қазақстан Республикасының Статистика
және талдау жөніндегі мемлекеттік
комитеті төрағасының орынбасары
Есмұқанов Ғ.Е. - Қазақстан Республикасы Еңбек
министрінің орынбасары, Еңбек
министрлігі жанындағы көші-қон
департаментінің төрағасы
Қошанов А.К. - Қазақстан Республикасы ҰҒА-сы
қоғамдық ғылымдар бөлімінің
академик-хатшысы
Нұрғалиева Е.Н. - Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің орынбасары
Сәрсеков Б.С. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің орынбасары
Сизов А.П. - Қазақстан Республикасының Жер
қатынастары және жерге орналастыру
жөніндегі мемлекеттік комитетi
төрағасының орынбасары
Шкляр В.В. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің жанындағы Бас кеден
басқармасы бастығының орынбасары
3. Жұмыс тобы тұжырымдаманың негізінде республиканың мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен келісілген халықтың көші-қоны Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, онда:
көші-қон процесін реттеу және тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы көші-қонды, экономикалық және қаржы ресурстарын тәртіпке келтіру;
көші-қон процесін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданылып жүрген заңдары мен нормативті актілерінің жобаларын өзгерту, толықтыру жөнінде ұсыныстар жасау шараларын қарастырып, оны 1995 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне ұсынсын.
4. Жұмыстарды үйлестіру мен аталған қаулының орындалу барысында бақылау жасау Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігіне жүктелсін (Крепак П.И.).
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 11 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
Мақұлданған
Халық көші-қоны Мемлекеттік бағдарламасының
Тұжырымдамасы
Халықтың көші-қон саласындағы қазіргі жағдайы, елдің аумағында және одан тыс жақта көші-қон легінің үдей түсуі, олардың саяси және әлеуметтік-экономикалық себептері мен салдарына жан-жақты баға беруді, сондай-ақ болып жатқан процестерді тәртіпке келтіру мен реттеу жөніндегі шаралар мен тетіктер жүйесін жасауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында (1994 ж., маусым) жасаған баяндамасында айтылған міндеттерді негізге алып, көші-қон проблемасын шешуді халықтың көші-қоны Мемлекеттік бағдарламасының негізінде (бұдан әрі - Бағдарлама) қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Осы мақсатта Бағдарламаның тұжырымдамасы әзірленді. Ол мемлекеттік көші-қон саясатының жалпы нұсқасын, сондай-ақ мақсаттарын, міндеттерін, принципті мазмұн-мәні мен құрылымын айқындайды.
1. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен принциптері
Бағдарламаның басты мақсаты - мемлекеттік көші-қон саясатының басым бағыттарын негіздеу мен айқындау, халықтың ішкі және халықаралық (сыртқы) көші-қонын тәртіпке келтіруді қамтамасыз ету, көші-қон легін тұрақтандыру және реттеу үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау жөніндегі шаралар мен тетіктерді қалыптастыру.
Бағдарлама мемлекеттік-саяси және экономикалық жүйені қайта құрудың өтпелі кезеңінде республика мен оның экономикасына реформа жасау жалпы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып саналады:
а) ішкі-көш-қон бойынша:
елдің ішіндегі көші-қон легін (экономикалық және басқа да факторларды, еңбек нарығындағы аймақтық жағдайларды ескере отырып) халықтың аумақтарға тең бөлінуін қолдау мен ынталандыру арқылы реттеу, ішкі қоныс аударушыларға қоныстанған (келген) жерлерінде қолайлы жағдайлар жасау;
елдің аумағында адамдардың амалсыз қоныс ауыстыру легін күшейтетін қолайсыз және теріс әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және басқа да факторлардың рөлін төмендету;
ә) көшіп келу бойынша:
иммигрант репатрианттарды қабылдау мен орналастыруға қолайлы жағдайлар жасау, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына белсенді түрде бейімделуін қамтамасыз ету;
б) көшіп кету бойынша:
көшіп кетудің дәлелсіз жоғары деңгейін тудыратын себептерді анықтау, талдау және ескеру негізінде Қазақстан азаматтарының көшіп кету процесін тәртіпке келтіру.
Қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес мемлекеттік көші-қон саясаты мына негізгі принциптердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс;
әрбір адамның өзі тұратын жері мен айналысатын ісін еркін таңдау құқын, кету еркіндігі құқын құрметтеу;
Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық дамыту және оны реформалауды жүргізудің жалпы бағытының ауқымында жүзеге асыру ісінде стратегиялық мақсаттарға сәйкес келу;
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты, өткен тарихы мен дәстүрлері, даму перспективасы ескерілген, республикаға қолдануға болатын көші-қон жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарға, Халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес келу;
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты мейлінше басым көші-қон мен көші-қон легінің бағыттарына негізделген орта мерзімді және ұзақ мерзімді іс-қимыл бағдарламаларының негізінде елдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы бей-берекет және тәртіпке түспеген процестердің алдын алу;
көші-қон ісін тәртіпке келтіру мен реттеуді ұйымдастыруға өкімет пен басқару органдарының барлығының қатысуы;
мемлекеттің қолдауымен өздерінің бастамасымен және іс-әрекетімен жаңа тұратын орындарын жайластыруға көшіп келушілердің, бірінші кезекте экологиялық және табиғи зілзала аймақтарынан көшіп келгендердің, сондай-ақ отанына қайтып оралғандардың жеке қатысуы;
заңсыз көшіп-қонуды төмендету, білімін көтеру, кәсіби даярлық және басқа да тұрғыдағы уақытша көшіп-қонуды ынталандыру саласында басқа, әсіресе көшіп барушыларды қабылдаушы елдермен ынтымақтастық.
2. Қазақстан Республикасындағы көші-қон жағдайының
Сипаттамасы
Қазақстанның көші-қон саласындағы ерекшелігі адамдардың көп ұлтты қауымдастығына (мемлекет дамуының тарихи ерекшеліктеріне байланысты) және бұрынғы КСРО аумағындағы мемлекеттік тәуелсіздік алған елдердің қазіргі кезеңіне байланысты.
Соңғы уақытта Қазақстан көші-қон салдарынан өз халқы тұрақты түрде азайып келе жатқан елдердің қатарына жатады.
90-жылдардан бастап көші-қон қозғалысына республика халқы қосымша қуатты фактор ретінде даму деңгейі әртүрлі елдермен халықаралық экономикалық, саяси және өзара мәдени байланыстардың кеңеюі мен жандануына ықпал ете бастады.
Аталған құбылыстарға орай Қазақстанда, мұның ішінде халықаралық ауқымда да соңғы жылдары көші-қон процесі елеулі дәрежеде күшейіп, жандана түсті. Бүгінгі күні дүние жүзіндегі халықаралық көшіп қонушылардың (БҰҰ бағалауы бойынша олардың жалпы саны жылына 125 млн. адамнан асады) жалпы санының 0,4 процентке жуығы біздің мемлекетіміздің үлесіне тиеді. Қазақстан халқының саны шамамен бүкіл әлем халқының 0,003 процентін құрайды.
Көші-қон салдарынан Қазақстан: 1990 жылы - республика халқы табиғи өсімінің 55,87 процентін, 1991 жылы- 22,2 процентін, 1992 жылы - 89,3 процентін жоғалтты. 1993 жылы халықтың көші-қон шығындары халық санының табиғи өсімін толық жалмап қана қоймай, одан 1,4 есе асып түсті.
Республиканың көші-қон жағдайына жасалған талдау 1993 жылы сыртқы көші-қон (халықтың өз елінен басқа мемлекеттерге кетуі және керісінше басқа мемлекеттерден келу) жалпы көші-қон айналымының 60 процентін құрағанын көрсетіп отыр. Ішкі көші-қон үлесі (халықтың Қазақстан шегінде көшіп-қонуы) 40 процент болды.
Сыртқы көші-қонның ең үлкені жақын шетелдерде болып отыр. Барлық қоныс аударушылардың 90 проценті оларға кетіп жатса, республикаға олардан келушілердің саны 70% болып отыр. Қазақстандағы негізгі көші-қон алмасуы жақын шет елдермен - Россия, Украина, Беларусь, Өзбекстан және Қырғыстанмен, алыс шет елден - Германиямен арада жүріп жатыр.
Елдер арасындағы адамдардың қозғалыс легінің соңғы жылдары Қазақстанда халықтың келуіне қарағанда, кету қарқының мейлінше жоғары сипаты байқалады. Соңғы екі жылда республика халқының көші-қон шығыны жарты миллион адамнан асты. Бұл шығындардың күшею қарқыны қолайсыз бағыт алып отыр. Мысалы, 1991 жылы кету себебінен республикада әр мың кісіден 3, 1992 жылы 10-нан астам, 1993 жылы 13 адам азайды. 1994 жылдың 6 айында мың тұрғыннан азайған адам саны 11-ге жетті.
Ішкі көші-қонға қатысушы халықтардың ұлттық құрамында көбіне орыс, қазақ, неміс украиндар басым. 1993 жылы республикадан кеткен қоныс аударушылардың жартысынан астамы орыстар, 26,5% - немістер, 7%- украиндар, 3,8% - қазақтар болды. Келгендердің ішінде орыстар басым 41,7 проценті, қазақтардың үлес салмағы - 32,4 процент, украиндар - 6 процент, немістер - 3,7 процент. Негізінен, орыстардың, украиндардың келіп, кетуі жақын шет елдермен көші-қон алмасуының шеңберінде жүріп жатыр. Алыс шет елге кетушілердің арасындағы негізгі үлесті немістер - 78,5 процентін құрайды. Мұнда келген немістерден гөрі, кеткендері едәуір басым. Осының нәтижесінде, неміс халқының көші-қон шығынының қарқыны республикадағы басқа ұлттармен салыстырғанда ең елеулісі.
Қазақстанға келушілер санының жалпы төмендеуі тұрғысынан қарағанда жақын және алыс шетелден келген қазақтардың үлес салмағының өскені байқалады. Қазақтардың өз отанына ерікті түрде қайтып оралуына, олардың ар-ұжданын қауіпсіздендіру мен құрметтеуде мемлекеттің рөлі айтарлықтай. Қазақстанда жүргізілген саясаттың нәтижесінде осы этностың екі жарым жыл ішінде көші-қон өсімі 76 мың адам болды.
Қазір халықтардың көшіп-қону процесінің шығындары барлық облыстарға тән, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Ленинск қаласынан кету мейлінше қарқынды. Көші-қондық орын ауыстырулардың нәтижесінде білімі мен кәсіби даярлығы мейлінше жоғары деңгейдегі адамдардан айырылу елеулі орын алып отыр, мұны қайта қалпына келмейтін шығын деп бағалауға болады. Мұндай шығындар республиканың еңбек әлеуметінің сапалық құрамының өзгеріске ұшырауын күшейтіп, нәтижесінде экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне апаратын теріс зардаптары болуы мүмкін.
Ішкі республикалық көші-қон негізінен жекелеген аудандардың экологиялық құлдырауға ұшырап, халықтың ірі қалаларға шоғырлану процесі мен тұрғындардың тұрмыс деңгейінің облысаралық айырмашылықтарына байланысты жүріп жатыр. Қазақстан бойынша ішкі республикалық көші-қон айналымының төмендеуі тұрғысынан қарағанда, экологиялық апат аймақтарынан - Қызылорда мен Семей облыстарынан тұрғындардың кетуі өте көп болып отыр. Облысаралық ауысымды Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Торғай, Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарынан айрылып жатыр. Облысаралық көші-қонда қала тұрғындары село тұрғындарына қарағанда белсенді. Дегенмен, әсіресе Жезқазған, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Семей және Жамбыл облыстарында село тұрғындарының көші-қон шығындарының қарқыны мейлінше жоғары күйде қалып отыр.
3. Халықтың көші-қон факторлары
Қазақстанның қазіргі жағдайының ерекшелігі көші-қон легі тұрғысында тек бір ғана топтағы факторлармен байланысты емес. Тұрғындардың көші-қон көңіл-күйіне факторлардың бірнеше тобының бір-бірімен сабақтас келуі мейлінше күшті ықпал етіп отыр. Сыртқы көші-қонда әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардың, ішкі республикалық көші-қонда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық факторлардың үндесуі басым болып тұр.
Халықтың көші-қон көңіл-күйіне ықпал етуде ең елеулісі - әлеуметтік-экономикалық факторлар болып табылады. Өндірістің құлдырауы, инфляцияның күшеюі, жұмыссыздықтың өсуімен (әсіресе жасырын түрі) сипатталатын экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың дамуы өз кезегінде әлеуметтік салада дағдарыстық құбылыстардың дамуына әкеліп, бұл бірінші кезекте халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінен көрінеді. Республикада төменгі азық-түлік кәрзеңкесінің мөлшері мен жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысының арасындағы айырмашылық алшақтай түсуде, тамақтану құрылымы едәуір нашарлады; халықтың төлем қабілетінің аясы тартылып, мейлінше арзан тамақ өнімдері мен ең қарапайым тіршілікке қажетті тауарлардың төңірегінде қалды: тұрғын үй, денсаулық сақтау, әлеуметтік-тұрмыстық мақсат, мәдени объектілері құрылысының көлемі азайды.
Тұрғындардың тұрмыс-тіршілік деңгейінің төмендеуі ТМД-дағы басқа мемлекеттердің кейбір негізгі өлшемдерінің деңгейінен артта қалуынан да болып отыр, бұл тұрғындардың республикадан кетуіне жол береді. Бұл процесс бұрынғы Одақтық республикалармен байланыстардың күрделеніп: көліктің барлық түрімен жол жүру, байланыс кәсіпорындары қызметі бағасының күрт өсуі олардың Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын туыстарымен қарым-қатынас жасауды қиындатуда.
Соңғы жылдары ақылы білім беру жүйесін дамытуға байланысты білім алудағы, кәсіби даярлықтағы қиыншылықтардың, шетте тұратын көптеген отбасыларының өз балаларының орталық оқу орындарында қалаған мамандықтары бойынша білім алуына жағдай жасай алмауы салдарынан республикадан кету тенденциясы байқалады. Дәрігерлік қызмет көрсету сапасы, дәрімен қамтамасыз ету едәуір нашарлап, тегін дәрігерлік қызмет көрсету аясы тарылды.
Өндіріс көлемі күрт төмен түсіп, жұмыс орындары қысқарып, жасырын жұмыссыздық өсіп, халықтың табысы азайған конверсиялық кәсіпорындар шоғырланған аймақтарда ауыр жағдай қалыптасты, нәтижесінде халықтың кетуінен жоғары білікті жұмыс күшінен айрылып жатырмыз. Бұл аймақтарды әлеуметтік апат аймақтары деп санауға болады (мысалы, Маңғыстау облысы, Ленинск қаласы).
Халықтың республика ішіндегі көші-қон қозғалысы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының біртекті еместігінің, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің елеулі айырмашылықтарының әсерінен күшейе түсуде. Мәселен, облыстар арасында орташа еңбекақыны саралау көрсеткіші 2,7 есе болып отыр. Республиканың аймақтарында экономиканы және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда үлкен айырмашылықтар бар. Әсіресе өндірістің күрт құлдырауы, материалдық-техникалық жабдықтау жүйесінің күйреуі, өндірілген өнімдерді өткізудің елеулі қиыншылығы, селолық аудандардың әлеуметтік инфрақұрылымының күрт артта қалуы байқалып отырған ауыл шаруашылығында қауіпті жағдай қалыптасты. Мұның нәтижесінде село тұрғындарының көші-қон шығыны ұлғаюда.
Республиканың экологиялық жағдайының нашарлауы халықтың көші-қон легінің жандануының елеулі факторы болып саналады. Соңғы жылдары Семей полигоны мен Арал өңірі секілді белгілі экологиялық апат аймақтарынан басқа, мейлінше қолайсыз экологиялық өлшемдердегі жаңа аудандар пайда болуда. Бұл бірінші кезекте жекелеген аудандарда өнеркәсіп қуаттарының шамадан тыс орын тебуі мен халықтың өте тығыз тұруына байланысты, бұл қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерін күшейте түседі. Бұл адам денсаулығының нашарлауынан, орташа өмір сүру жасының төмендеуінен, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыс уақытының жоғалуынан байқалады.
Бұрынғы кездері бұл секілді ластанған қоршаған орта мен ауыр табиғи-климаттық аймақтарда жұмыс істейтіндерге жағдайларын түзеу үшін әлеуметтік тәртіпке өтемдер берілді (жалақыға коэффициенттер мен үстеме қосу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, балалар мекемелері мен санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен жабдықтау). Экономикалық дағдарыс жағдайында бұл төлем шаралары жүзеге асудан қалды. Экономикалық жағдайдың нашарлау бағытының сақталуы мен бұл жөніндегі халықтың хабардар болуының күшеюі барысында өзінің және балаларының денсаулығын ойлаудан туған үрейден экологиялық жағдайға байланысты көші-қонның өсуін күтуге болады.
Қазақстанның егеменді ел болып қалыптасуында жалпыға мәлім оң фактор саяси тұрғылық болып табылады. Қазір іс жүзінде тек қана саяси себептерге байланысты қоныс аударушылардың елді тастап кету жәйттері жоқ.
Алайда заң органдарының, үкіметтің, жергілікті басқару органдары деңгейінде қабылданған бірқатар шешімдер республика азаматтарының әлеуметтік мазасыздығын, саяси тұрғылықтың сақталуына деген сенімсіздігі мен осының салдарынан көші-қон көңіл күйінің күшеюін тудыруда. Азаматтардың білім алуы, ана тілі мен мәдениетін дамытуы, кәсіби өсуі үшін тең құқықтары мен мүмкіншіліктердің жасалуы мен сақталуына деген сенімсіздігі пайда болуда. Бұған тұрмыс деңгейінің төмендеуі қосылып, елді тастап кету ниеті тууда.
Бірқатар жағдайларда халықтарды бұрынғы жылдардағы зорлықпен жер аудару зардаптарына қатысты факторлар да әсер етіп отыр. Жоғарыда аталған факторлардың әсерінен тарихи отанына оралу тілегі күшейе түсуде, бұл республикадан сыртқа қоныс аударуды жандандырады.
4. Қазақстанда халықтың көші-қонын ретке
келтірудің негізгі бағыттары
Халықтың көші-қон ісінде мемлекеттің ұтымды саясаты саяси тұрғылыққа жағдай жасауға негізделген және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына көші-қонның оң ықпал етуіне және керісінше елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы көші-қонға оң ықпал етуіне жетуді көздейді.
Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатын жүзеге асыру тетігі мынадай басымдықтарға негізделген:
халықтың көші-қонының негізгі себептерін ашу мен әлеуметтік экономикалық зардаптарын айқындау;