Қазақстан халқының бірлігін нығайту, көші-қон процестерін реттеудің демократиялық принциптерін қалыптастыру және енгізу;
көші-қонның барлық түрлері мен нысандарының құқықтық негізін қалыптастыру, құқықтық және демократиялық институттарды дамыту;
барлық аймақтарды кешенді дамыту жолымен халықты ішкі республикалық тепе-тең бөлуде барлық жұртты экономикалық, құқықтық және әлеуметтік әділдікпен қамтамасыз ету;
көші-қон саласында өзара тиімді негізде еларалық ынтымақтастық пен диалогтың кеңеюіне жәрдем көрсету;
Халықтың мемлекеттік көші-қон бағдарламасын жүзеге асыру мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен басқа да мүдделі адамдардың қызметін мынадай негізгі бағыттар бойынша ойластырады:
демократияны нығайту, тұрақты дамуға, барлық халықтың өз елінде лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында әр отбасында әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу;
халықаралық құқық нормаларына сәйкес көшіп келушілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді;
республика аумағында көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық, тілдік және мәдени бейімделуіне жәрдем беруді;
көшіп-қонудың тиімділігіне қол жеткізу, мұның ішінде еңбек көші-қонына негіз жасауды қарастыратын халықтың көші-қон саласындағы заңдарды жетілдіруді, көші-қон процестерін реттеуді құқықтық жағынан қамтамасыз етуді;
республика азаматтарының құқын мүлтіксіз сақтау жолымен Қазақстан халқының белсенді топтасу саясатын жүргізу, жұмыспен қамту, кәсіби және қызметтік өсуде, білім алу, әлеуметтік қорғау, діни нанымын бостандығы, мәдени қажеттерін қанағаттандыру, ұлттық дәстүрлерді сақтау істерінде ұлтына қарамастан, тең мүмкіндіктер беру;
қоныс аударушылардың, сондай-ақ босқындардың ерікті негізінде республикаға оралуына әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін (зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақылар және басқа) қажетті мемлекетаралық келісімдер негізінде олардың республика өміріне сіңісуіне жәрдем беру, сондай-ақ мамандықтардың бірыңғай жіктемелерін жасау мен енгізуді жеделдету; қажет болған жағдайда қайта оралған қоныс аударушыларға азаматтық және саяси құқықтар беру; олардың бейімделуіне жәрдем көрсету;
көшіп келушілердің ауқымын өз мүмкіншілігінің, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің, саяси жағдайының негізінде мемлекет реттейді.
босқындарды қорғаудың құқықтық және ұйымдық негіздерін жетілдіру, мемлекет мүмкіншілігінің негізінде оларды ақтау мен экономикалық дербестікке қол жеткізуге көмектесу;
еңбек әлеуетінің сапасын көтеру құралы және республиканың валюта балансын жақсарту көзі ретінде нарықтық экономика дамыған елдерге уақытша еңбек ету үшін көшіп баруды дамыту. Біріншіден, уақытша көшіп-қонуды мамандарды оқыту және даярлау, кәсіби тәжірибе алу немесе, екіншіден, ақшалай түсім алу мақсатында қолдау;
аймақтардың экономикасын дамыту үшін және халықтың тепе-теңдіктегі ішкі республикалық бөлінісіне қол жеткізу мақсатында онда халықтың өмір сүру жағдайының тиімді болуы үшін қолайлы алғышарттар жасау. Селолық жерлерден халықтың қоныс аударуын қысқартуға ерекше назар аудару талап етіледі, бұл экономиканың аграрлық секторында нарықтық жаңғыртуларды жылдамдатуды, инвестицияларды көтермелеуді, село инфрақұрылымын жетілдіруді қажет етеді;
көші-қон процестерін ұйымдастырылған түрде жоспарлау, мемлекеттің көші-қон саясатын әзірлеу және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыру мақсатында көші-қон қызметін, оны техникалық жабдықтауды және қаржылық қамтамасыз етуді нығайту, Қазақстан Республикасының көші-қон қызметін кеңейту, халықтың көші-қон проблемаларын кешенді шешу. Осыған байланысты бағдарламаны ұйымдық жағынан қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі туады;
көші-қон легін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының халқы үшін тиімді ақпараттық және жарнамалық бағдарламалар әзірлеу; жеке басының қауіпсіздігінен, үрейлі көңіл-күйден және қауіптенуден туған ойластырылмаған, күтпеген қоныс аударуларды болдырмау;
мемлекеттердің арасындағы байланыстардың үзілуіне қарай халықтың көші-қонын қысқарту мақсатында көлік, почта, ақпарат қызметтерін ретке келтіру, ақша қаражатының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың, мерзімдік басылымдардың, хат-хабарлардың дер уақытында аударылуын қамтамасыз ету негізінде республика тұрғындарының ТМД елдерімен тұрақты кепілді байланыстарына қол жеткізу.
Халықтық көші-қоны реттеу бағыттары мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, барлық мүдделі адамдардың күш-жігерін біріктіру негізінде ғана жүзеге асады. Көші-қон бағдарламасын қаржыландыру бюджет, қоғамдық ұйымдар қаражаттарынан көзделген.