«Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 1168 Қаулысы
(2005.21.12. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында 150 адамға арналған емханасы бар 50 төсектік көп бейінді аурухана құрылысының жобасын аяқтауға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 50160000 (елу миллион бір жүз алпыс мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |