552-бап. Көшi-қон және демография жөніндегі органдар
1. Көшi-қон және демография жөніндегі органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон және демография жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі
орталық атқарушы органының органдары
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының органдары осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 504 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға ведомстволық бағынысты, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлерде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуi мен жарылғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөніндегі ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылуы жайындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аумақтық органдарының құрамына кiретiн облыстық, облысаралық, теңiз, Астана және Алматы қалаларының инспекцияларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салалық инспекциялардың бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және кен қадағалау жөніндегі департаментiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылатын директоры мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының төрағасы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларының бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-250, 261, 264-266, 270-272, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгінде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік аға инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік Бас инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы;
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды
554-1-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 259-275, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 555-бап өзгертілді
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 187 (екiншi бөлiгiнде), 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436 (бiрiншi бөлiгiнде), 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 556-бап өзгертілді
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар;
2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 463, 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттан тыс инспекторлары болып тағайындаған офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар - ескерту түрiнде әкiмшiлiк шаралар қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл ғана көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiнші бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, темір жол және әуе көлiгi объектiлеріндегі және басқа да объектiлердегi мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды
557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 558-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер
министрлігі мен Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық
қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң және Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекара мен көлiктегi мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының:
1) өткізу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темір жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттік шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 560-бап өзгертілді
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөніндегі республиканың Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі аудандық қызметтер, шекаралық пункттер мен посттардың мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды
560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 294, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiк қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 561-бап өзгертілді
561-бап. Су ресурстары жөніндегі органдар
1. Су ресурстары жөніндегі уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281 көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар; cу ресурстары жөніндегі аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік мекемелердiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 118-121, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөніндегі республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 563-1 баппен толықтырылды
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 564-бап алынып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 565-бап жаңа редакцияда
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 566-бап өзгертілді
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.