«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 665 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 қазандағы № 1014 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 30 маусымдағы № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 27, 342-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "15 қазан" деген сөздер "31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі белгіленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |