Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн
дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж.
22 желтоқсандағы № 1070 Қаулысы
(2005.29.09. берілген өзгерістемен)
Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң базалық салалары кәсiпорындарын отқа төзiмдi тапшы материалдармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсiбi базалық салаларының отқа төзiмдi материалдар және олардан жасалатын бұйымдар өндiретiн "Оттөзiм" акционерлік өндiрiс корпорациясын құру туралы бастамасына қолдау көрсетiлсiн.
2. Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамытудың мүдделi ұйымдармен келісілген бағдарламасы мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы "Оттөзiм" акционерлік компаниясының Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн жаңа өндiрiстер құру және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту жөніндегі ұсыныстарына мемлекеттік қолдау жасау шараларын көздейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі 1993 жылы "Оттөзiм" корпорациясының өтiнiмдерi бойынша телефон және телекс байланысының қажеттi техникалық құралдары мен арналары бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
5. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi