Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн
дамыту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысы 22 желтоқсан 1992 ж. № 1070
Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң базалық салалары кәсiпорындарын отқа төзiмдi тапшы материалдармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсiбi базалық салаларының отқа төзiмдi материалдар және олардан жасалатын бұйымдар өндiретiн "Оттөзiм" акционерлік өндiрiс корпорациясын құру туралы бастамасына қолдау көрсетiлсiн.
2. Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамытудың мүдделi ұйымдармен келісілген бағдарламасы мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы "Оттөзiм" акционерлік компаниясының Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ететiн жаңа өндiрiстер құру және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту жөніндегі ұсыныстарына мемлекеттік қолдау жасау шараларын көздейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі 1993 жылы "Оттөзiм" корпорациясының өтiнiмдерi бойынша телефон және телекс байланысының қажеттi техникалық құралдары мен арналары бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі:
"Оттөзiм" корпорациясына бiрлескен кәсiпорындар құру және басқа халықаралық корпорация нысандарын жүзеге асыру, экспорт-импорт операцияларын жүргiзу үшiн шетелдiк әрiптестер iздестiруде жәрдем көрсетсiн;
Отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қажеттi валюта қаржысын алу үшiн корпорацияның құрылтайшы кәсiпорындары мен ұйымдарына өнiмдi экспортқа шығаруға арналған лицензияларды белгiленген тәртiппен беретiн болсын.
6. Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасында отқа төзiмдi материалдар өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға барынша көмектесiп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi