“2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi)”
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 Қаулысына 7-9 қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 21 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылға 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
7-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1083463 мың теңге (бiр миллиард сексен үш миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзу үшiн оны ұстау, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктілігiн арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту, есептеуiш және ұйымдастыру техникасы құралдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 001 Қазақстан
Республика-
сы Премьер-
Министрінің
қызметiн
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
органның касы Премьер- бойы Республикасы
аппараты Министрінің Кеңсе- Премьер-
сiне жүктелген Министрінің
функцияларды орын- Кеңсесi
дау мақсатында 307
бiрлiк санында
бекітілген штат
санының лимитi
шегiнде оның аппа-
ратын ұстау.
Қазақстан Республи-
касы Премьер-
Министрінің орынба-
сарларын литерлiк
рейстермен қамтама-
сыз ету.
3 007 Мемлекеттік Бекiтiлген білікті- Жыл Қазақстан
қызметшi- лiгiн арттыру жос- бойы Республикасы
лердiң парына сәйкес мем- Премьер-
біліктiлі- лекеттiк қызметшi- Министрінің
гiн арттыру лердiң біліктілiгiн Кеңсесi
арттыру жөніндегі
қызметтер көрсетудi
сатып алу, оның
iшiнде мемлекеттік
және шет тiлдердi
үйрету.
Біліктілiгiн арт-
тыру курсынан өте-
тін мемлекеттік
қызметшiлердiң
орташа жылдық саны
- 70.
4 009 Мемлекеттік Мыналарды сатып алу: Жыл Қазақстан
органдарды конференц жүйе - 1 бойы Республикасы
материал- жиынтық; Премьер-
дық-техни- шағын АТС - 1 Министрінің
калық жарақ- жиынтық; Кеңсесi
тандыру кеңсе жиhазы-басшы-
ның кабинетi - 19
жиынтық;
кресло - 202 бiрлiк;
үстел - 31 бiрлiк;
орындық - 100 бiр-
лiк;
музыкалық орталық -
10 бiрлiк;
шағын толқынды пеш -
5 бiрлiк;
факс - 1 бiрлiк;
жазу машинкасы - 10
бiрлiк;
сейф - 160 бiрлiк;
телевизор - 60 бiр-
лiк;
DVD - 20 бiрлiк;
тоңазытқыш - 30
бiрлiк;
плазмалық панель -
2 бiрлiк;
көшiру аппараты -
12 бiрлiк;
қағаз жоюға арнал-
ған машинка - 15
бiрлiк;
рентгеноскоп-сканер
- 1 бiрлiк;
фотожабдық - 1
жиынтық;
бейнежабдық - 1
жиынтық;
кондиционер - 1
бiрлiк;
газды өрт сөндiргiш
- 1 бiрлiк;
дабыл - 1 бiрлiк;
фальш едендер - 1
бiрлiк;
ҚР туы - 10 бiрлiк;
тутұғыр - 10 бiрлiк;
ұштық - 10 бiрлiк;
ҚР картасы - 200
бiрлiк;
ҚР елтаңбасы - 10
бiрлiк;
конференц байланыс
- 1 жиынтық.
Жабдықтарды монтаж-
дау және орнату.
5 017 Ақпараттық Мыналарды сатып алу: Жыл Қазақстан
жүйелердiң сервер - 1 бiрлiк; бойы Республикасы
жұмыс жұмыс станциясы - Премьер-
iстеуiн 2 бiрлiк; Министрінің
қамтамасыз компьютер - 168 Кеңсесi
ету және бiрлiк;
мемлекет- монитор - 173 бiр-
тiк орган- лiк;
дарды жергiлiктi принтер
ақпараттық- - 50 бiрлiк;
техникалық лазерлiк принтер -
қамтамасыз 20 бiрлiк;
ету лазерлiк түрлi-
түстi принтер - 3
бiрлiк;
желiлiк принтер -
2 бiрлiк;
сканер - 11 бiрлiк;
патч-корд - 1
бiрлiк;
коммутатор - 6
бiрлiк;
диктофонды станция
- 1 жиынтық;
телекоммуникациялық
шкаф - 6 бiрлiк;
аксессуарларымен
кабель арнасы - 1
бiрлiк;
бағыттауыш - 1
бiрлiк;
үздiксiз қоректенді-
ру көзi - 2 бiрлiк;
парольдер генера-
циясын орнату жиын-
тығы - 1 бiрлiк;
матрицалық генера-
тор - 25 бiрлiк;
желілік фильтр - 27
бiрлiк;
телефондық сандық
сүзгі - 32 бiрлiк;
тогы аз желiлерге
арналған сүзгi - 10
бiрлiк;
ДЭЕМ-дi ашу дабыл-
қаққышы - 10 бiрлiк;
НСД-дан қорғау
бұйымы - 2 бiрлiк.
Бағдарламалық қам-
тамасыз ету - 1646
бiрлiк.
Жабдықтар мен бағ-
дарламалық қамтама-
сыз етудi орнату.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау, қазiргі заманғы экономикалық шарттарға сәйкес кәсiби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылға 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
8-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi
ұйымдастыру және қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 92628 мың теңге (тоқсан екі миллион алты жүз жиырма сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16 қаулысымен бекітілген Құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігiн арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 435 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысы; "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы № 25-1-97 бұйрығы; "Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік Мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 25-1-51 бұйрығы.