“Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе"
қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 8 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң 57.6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердi көрсету ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі орталықтар қызметiн үйлестiрушi орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет, Қаржы, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару, Ақпараттандыру және байланыс агенттiктерi орталықтарды ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуi жөніндегі өзара iс-қимыл туралы бірлескен бұйрық әзiрлесiн және бекiтсiн.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 24 мамырдағы
№ 501 қаулысына қосымша
Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе"
қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тiзбесi
1. Астана қаласы бойынша:
1) Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
2) Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Алматы қаласы бойынша:
1) Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
2) Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
3) Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
4) Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
5) Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
6) Түрiксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.