«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 906 Қаулысы
(2007.20.04. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 214-1-қосымшада:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
«9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздер «4 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жөндеу» деген сөзден кейін «және қайта жаңарту» деген сөздермен толықтырылсын;
«(Компьютерлер - 270 бiрлiк, принтерлер - 243 бiрлiк, үздiксіз қуаттандыру көздерi - 9 бiрлiк), серверлiк және желiлiк жабдықтар - 20 бiрлiк, ауа баптағыштар - 36 бiрлiк, көшiрме аппараттары - 36 бiрлiк, 9 шағын ATC, бағдарламалық өнiмдер» деген сөздер «(компьютерлер - 180 бiрлiк, принтерлер - 186 бiрлiк, үздiксiз қоректендіру көздерi - 6 бiрлiк), серверлiк және желілік жабдықтар - 26 бiрлiк, кондиционерлер - 16 бiрлiк, көшiру аппараттары - 16 бiрлiк, 4 шағын АТС, бағдарламалық өнiмдер, халыққа қызмет көрсетудi оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесi - 2 бiрлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында:
Астана және Алматы қалаларындағы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесiнде:
2-тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |