Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы
№ 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 867 Қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1095 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 464-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктiлiк талаптарындағы 3) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |