Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы
№ 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 867 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағанда 1-тараудың 4-тармағының 14) тармақшасындағы "және өткізу" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 464-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктiлiк талаптарындағы 3) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |