ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 281-бап өзгертiлдi
281-бап. Мiндеттеме орындалатын жер
Егер мiндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгiленбесе немесе мiндеттеме мәнiнен немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан көрiнбесе, ол:
1) мiндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлiктi беру - мүлiк орналасқан жерде;
2) мiндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлiктi тасымалдауды пайдалана отырып беру - мүлiктi несие берушiге жеткізу үшiн оны бірiншi тасымалдаушыға тапсыратын жерде;
3) егер бұл жер мiндеттеме пайда болған кезде несие берушiге белгiлi болса, кәсiпкердiң басқа мiндеттемелерi бойынша тауар немесе өзге де мүлiктi беру - мүлiк дайындалған немесе сақталатын жерде;
4) ақшалай мiндеттеме бойынша - несие берушiнiң мiндеттеме пайда болған кездегi тұрғылықты жерiнде, ал егер несие берушi заңды тұлға болса - мiндеттеме пайда болған кезде оның болған жерiнде; егер несие берушi мiндеттеменiң орындалу кезiнде тұрғылықты жерiн немесе тұрған жерiн өзгертiп, бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердiң өзгертiлуiне байланысты барлық шығындарды соның есебiне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерiнде немесе тұрған жерiнде;
5) басқа да барлық мiндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерiнде, ал егер борышқор заңды тұлға болса - оның орналасқан жерiнде орындалуға тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 16.07.99 ж. № 436; 24.12.01 № 276-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 282-бап өзгертiлдi
282-бап. Ақшалай мiндеттеме
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағындағы ақшалай мiндеттемелер теңгемен жүргiзiлуге тиiс (осы Кодекстiң 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағындағы мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.
Төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың тәртібі мен жолдары Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды.
2. Ақшалай мiндеттеменi орындау үшiн жеткiлiксіз төленген төлемнiң сомасы тараптардың өзге келісімi болмаған жағдайда ең алдымен несие берушiнiң орындау жөніндегі шығындарын, сонан соң айыпақы мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейдi.
3. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келiскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.
283-бап. Азаматты асырау үшiн төленетiн соманың арттырылуы
Ақшалай мiндеттеме бойынша азаматты асырауға тiкелей төленетiн сома (өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру үшiн, өмiр бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгi жалақының ресми түрде өсуiне қарай арттырылып отырады.
284-бап. Өзара мiндеттердiң орындалуы
1. Егер заңдардан, iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан, мiндеттеме шарттарынан немесе оның мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара мiндеттердi бір мезгiлде орындауға тиiс.
2. Тараптардың бірiнiң мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы өзара мiндеттердi орындау және қарсы талаптарды қанағаттандыру кезiнде, егер заң құжаттарында немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше белгiленбесе, екiншi тарапты өз мiндеттерiн орындаудан босатады.
285-бап. Балама мiндеттеменiң орындалуы
Екi немесе бірнеше әрекеттiң бірiн жасауға мiндеттi борышқорға, егер заңдардан немесе мiндеттеменiң шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы берiледi.
286-бап. Бірнеше несие берушi немесе бірнеше борышқор қатысатын мiндеттеменiң орындалуы
Егер мiндеттемеге бірнеше несие берушi немесе бірнеше борышқор қатысса (адамдар көп болған мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлестi орындауға мiндеттi (үлестi мiндеттеме).
287-бап. Ортақтасқан мiндеттеменiң орындалуы
1. Несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады.
Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
2. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты мiндеттеме бойынша бірнеше борышқордың мiндеттерi, сол сияқты мұндай мiндеттемелердегi бірнеше несие берушiнiң талаптары егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады.
3. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бірiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы.
Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi.
Борышқорлардың бірiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан босатады.
4. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушiлердiң біреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.
5. Ортақтасқан мiндет болған ретте борышқордың несие берушiнiң талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушiге осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушiлердiң біреуiнiң талабына қарсы осы несие берушi қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушiмен осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруiне құқығы жоқ.
288-бап. Субсидиялық мiндеттеменi орындау
Негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.
289-бап. Регрестiк талаптар
1. Басқа адамның мiндеттемесiн орындаған борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi талап (регресс) қоюға құқылы.
Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы.
2. Ортақтасқан мiндеттеменi орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзiне тиесiлi үлесiн шегерiп, тең үлеспен керi талап қоюға құқылы.
Борышқорлардың біреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға және қалған борышқорларға тең үлесте түседi.
Осы тармақтың ережелерi борышқорлардың біреуiнiң қарсы талабы есептеле отырып, тиiсiнше ортақтасқан мiндеттемелердi тоқтату кезiнде қолданылады.
3. Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесiлi үлестерiн өтеуге мiндеттi.
290-бап. Мiндеттеменiң орындалғанын куәландыру
1. Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бір бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi.
Егер борышқор мiндеттеменi куәландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi.
Қолхат борышқорға қайтарылған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.
2. Борышқорда борыш құжатының болуы, өзгеше дәлелденгенге дейiн мiндеттеменiң тоқтатылғанын куәландырады.
3. Несие берушi мiндеттеменiң орындалғаны туралы қолхат беруден, борыш құжатын қайтарудан немесе оны қайтарудың мүмкiн еместiгiн қолхатта атап көрсетуден бас тартқан жағдайда борышқор оны орындауды кiдiрте тұруға құқылы. Бұл ретте несие берушi мерзiмiн өткiзiп алушы деп есептеледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.98 ж. № 211 Заңдарымен 291-бап өзгертiлдi
291-бап. Борышты депозитке төлеу арқылы мiндеттеменi орындау
1. Егер борышқор:
1) несие берушiнiң немесе орындалған iстi қабылдауға өзi уәкiлдiк берген адамның мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде болмауы;
2) несие берушiнiң әрекет қабiлетсіздiгi және оның өкiлiнiң болмауы;
3) мiндеттеме бойынша атап айтқанда, бұл мәселе жөнiнде несие берушi мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушiнiң кiм екенi жайында анық айқындық болмауы;
4) несие берушiнiң орындалған iстi қабылдаудан жалтаруы немесе оның тарапынан өзге мерзiмiн өткiзiп алушылық салдарынан борышқор мiндеттеменi орындай алмаса, борышқор мiндеттемелерiн орындау үшiн өзiнен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгiленген жағдайларда соттың атына орналастыруға құқылы.
2. Ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариустың немесе соттың атына сақтау мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеледi.
Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариус немесе сот бұл туралы несие берушiлерге хабарлайды.
18-тарау. Міндеттеменің орындалуын
қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
292-бап. Мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi
1. Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2. Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы келісімнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына әкелiп соқтырмайды.
3. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн мiндеттеменi жарамсыз етедi.
2. Айып төлеу
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 293-бап өзгертiлдi
293-бап. Айып төлеу ұғымы
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес.
294-бап. Айып төлеу туралы келісімнiң нысаны
Айып төлеу туралы келісім, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнiң жарамсыздығына әкелiп соқтырады.
295-бап. Заңды айып төлеу
1. Несие берушi тараптардың келісімiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы.
2. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келісімiмен заңды айып төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн.
296-бап. Айып төлеу мөлшерi
Айып төлеу мөлшерi нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиiсiнше орындалмаған мiндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгiленедi.
297-бап. Айып төлеу мөлшерiн азайту
Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.
298-бап. Айып төлеудi өндiрiп алу негiздерi
Мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп алынады (осы Кодекстiң 359-бабы).
3. Кепіл
ҚР 02.03.98 ж. № 211; 17.01.02 ж. № 285-II Заңдарымен 299-бап өзгертiлдi
299-бап. Кепiл ұғымы
1. Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер қолданылады.
3. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ережелер көзделмеген жағдайда кемелер ипотекасына қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге де қолданылады.
300-бап. Кепiлдiң пайда болу негiздерi
1. Кепiл шартқа сәйкес пайда болады. Кепiл заң құжаттарының негiзiнде, егер заң құжаттарында қандай мүлiк және қандай мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiлде жатқан деп танылатыны көзделсе, оларды көрсетiлген мiндеттемелердiң пайда болуы кезiнде де туындайды.
2. Осы Кодекстiң шартқа сәйкес пайда болатын кепiл туралы ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, тиiсiнше заң құжаттары негiзiнде пайда болған кепiлге сәйкес қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 02.03.98 ж. 211 Заңдарымен 301-бап өзгертiлдi
301-бап. Кепiл мәнi
1. Кез келген мүлiк, соның iшiнде айналымнан алып тасталған заттар (осы Кодекстiң 116-бабының 2-тармағы), несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүлiктiк құқықтар (талаптар) кепiл мәнi бола алады.
2. Кепiл құқығы болашақта кепiлге салушының меншiгiне немесе шаруашылық иелiгiне түсетiн мүлiкке шарт бойынша қолданылуы мүмкiн.
3. Мүлiктiң, соның iшiнде азаматтардың ақы өндiрiп алуға жол берiлмейтiн мүлкiнiң жекелеген түрлерiн кепiлге салуға заң құжаттарымен тыйым салынуы немесе шектелуi мүмкiн.
4. Кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.
5. Акционерлік қоғамдардың (соның iшiнде банктердiң), басқа адамдардың бағалы қағаздарын кепiлге салу бағалы қағаздар туралы заңдар ескерiле отырып жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 302-бап өзгертiлдi
302-бап. Кепiл арқылы қамтамасыз етiлетiн талаптар
1. Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепiл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемдi сыйақыны (мүдденi) қоса алғанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрiлген шығындардың өтелуiн, айып (айыппұл, өсiм) салуды, кепiлге салынған мүлiктi ұстау жөніндегі қажеттi шығындарды, сондай-ақ өндiрiп алу жөніндегі шығындарды өтеудi қамтамасыз етедi.
2. Егер тараптар мұндай талаптарды кепiл арқылы қамтамасыз ету мөлшерi туралы уағдаласқан жағдайда кепiл болашақта пайда болатын тараптарға қатысты белгiленуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 303-бап өзгертiлдi
303-бап. Кепiл түрлерi
1. Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бір жақтың иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi.
Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.
Бөлiнетiн жемiстер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың құқықтарының объектiсi болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда тiркелуге тиiс.
2. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне беретiн кепiл түрi.
Кепiл ұстаушының келісімiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.
3. Құқықтарды кепiлге салу кезiнде иелiктен айырылуы мүмкiн мүлiктiк құқықтар, атап айтқанда, кәсiпорындарды, құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды жалға беру құқықтары, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүлiктiк құқықтар кепiл мәнi болып табылады.
Жер учаскесiне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепiлге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгiленген шектер мен ережелер бойынша жол берiледi.
Мерзiмдi құқық оның әрекет жасау мерзiмi бiткенге дейiн ғана кепiл мәнi бола алады.
Кепiл құқығының борышқоры кепiл туралы хабардар болуға тиiс.
Егер кепiлге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепiл шарты құқық белгiлеушi құжатты беру арқылы ресiмделуi мүмкiн.
4. Бағалы қағазбен куәландырылған мүлiктiк құқықты кепiлге берген кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол кепiл ұстаушыға берiледi, не банкке орналастырылады.
5. Егер кепiл туралы шартпен өзгеше белгiленбеген болса, кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.
Осы ақша үшiн есептелетiн сыйақы (мүдде) кепiл берушiге тиесiлi болады.
304-бап. Ортақ меншiктегi мүлiктi кепiлге беру
Ортақ меншiктi құрайтын мүлiк кепiлге барлық меншiк иелерiнiң келiсуiмен ғана берiлуi мүмкiн. Ортақ мүлiктегi үлеске құқық кепiлдiң дербес мәнi бола алады.
305-бап. Кепiл берушi
1. Борышқордың өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн.
2. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттың меншiк иесi не меншiк иесiнiң келісімiмен оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар адам заттың кепiл берушiсi бола алады.
3. Кепiлге салынатын құқыққа ие адам құқықты кепiлге берушi бола алады.
Жалға беру құқығын немесе бөтен адамның затына өзге құқықты оны меншiктенушiнiң немесе оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар жақтың келісімiнсіз, егер заң құжаттарында немесе шартта аталған жақтардың келісімiнсіз бұл құқықты иелiктен айыруға тыйым салынған болса, кепiлге салуға жол берiлмейдi.
ҚР 18.12.00 ж. № 128-II Заңымен 306-бап өзгерді
306-бап. Кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру
1. Кепiл ұстаушыға оның иеленуiне берiлген кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру мiндетi шартпен немесе заң құжаттарымен жүктелуi мүмкiн.
Кепiл берушiнiң пайдалануында қалатын кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру кепiл берушiге жүктеледi.
2. Сақтандыру жағдайы туған кезде кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы одан кепiл ұстаушы бас тартқан ретте ғана пайда болады.
Егер сақтандыру төлемінің сомасы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме сомасынан асып кетсе, кепiл ұстаушы оны алған кезден бастап банктiк үш күннiң iшiнде кепiл берушiге айырмасын аударуға мiндеттi.
307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны
1. Кепiл туралы шартта кепiлдiң мәнi мен оны бағалау құны, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi мен орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Онда кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екендiгi және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс.
2. Кепiл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелердi сақтамау кепiл туралы шарттың жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.
ҚР 03.06.03 ж. № 426-II Заңымен 308-бап толықтырылды
308-бап. Кепiлдi тiркеу
1. Мемлекеттік тiркелуге тиiстi мүлiктi кепiлге салу осы мүлiктiң тiркелуiн жүзеге асыратын органда тiркелуге тиiс.
2. Тiркеудi жүзеге асыратын орган кепiлдердi тiркеу реестрiн жүргiзуге және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға, кепiлге салынған мүлiктi кепiл ұстаушының келісімiнсіз иелiктен айыруға жол бермеуге мiндеттi.
Кепiлмен қамтамасыз етiлген борыштық талап қоюдың сипаты мен мазмұны өзгерген кезде, банктік қарыз шартының тараптары шарт бойынша сыйақы мөлшерін немесе есептеу тәртібін, сондай-ақ осыған байланысты іс-әрекеттерді өзгерту және өтеу мерзімін өзгертуді қоса алғанда, төлем кестесін өзгерту мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша тiркеу жүргiзiледi.
Кепiлге салынған мүлiкке меншiк құқығы басқа адамға көшкен жағдайда реестрге кепiлдi жаңа меншiк иесiне ауыстыру туралы жазба жасалады.
3. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi реестрдегi кепiл туралы жазбаның жойылуын талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тiркеудi жүргiзетiн органға қажеттi құжаттар мен жазбаша арыздарды табыс етуге мiндеттi. Кепiл ұстаушы бұл мiндеттемелердi орындамаған немесе мерзiмiнде орындамаған жағдайда кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдардың өтелуiн талап етуге құқылы.
309-бап. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк
1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады.
Кепiлге салынған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiске, өнiмге және табысқа кепiл құқығы шартта немесе заң құжаттарында көзделген реттерде қолданылады.
2. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкiне қолданылады.
3. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бір мезгiлде жасалатын ипотека арқылы жол берiледi.
310-бап. Кепiл құқығының пайда болуы
1. Кепiл туралы шартта өзгеше көзделмегендiктен, кепiл құқығы кепiлi тiркелуге жататын мүлiк жөніндегі шартты тiркеу кезiнен бастап, басқа мүлiк жөнiнен - бұл мүлiктi кепiл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепiл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады.
2. Айналымдағы тауарларға кепiл құқығы осы Кодекстiң 327-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес пайда болады.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 311-бап өзгертiлдi
311-бап. Кейiнгi кепiл (кепiлдi қайталап салу)
1. Егер кепiлге салынған мүлiк басқа талаптарды қамтамасыз ететiн басқа бір кепiлдiң нысанасы болса (кепiлдi қайталап салу), кейiнгi кепiл ұстаушының талабы алдыңғы кепiл ұстаушылардың талаптарынан талаптары қанағаттандырғаннан кейiн кепiл мәнiнiң құнынан қанағаттандырылады.
2. Егер кепiл туралы бұрынғы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепiл салуға жол берiледi.
3. Кепiл берушi келесi кепiл ұстаушысының әрқайсысына осы мүлiктiң бұрыннан бар барлық кепiлдерi жөніндегі мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi және осы мiндеттiң орындалмауы себептi кепiл ұстаушыларға келтiрiлген залалдар үшiн жауап бередi.
312-бап. Кепiлге салынған мүлiктi күтiп ұстау мен сақтау
1. Кепiл берушi немесе кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiк олардың қайсысында екенiне қарай, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе:
1) кепiлге салынған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн, соның iшiнде оған үшiншi жақтар тарапынан қол сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға;
2) кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну қаупiнiң пайда болуы туралы екiншi тарапқа дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Кепiл ұстаушы және кепiл берушi басқа тарапта тұрған кепiлге салынған мүлiктi құжаттар бойынша және оның iс жүзiнде бар екендiгiн, көлемiн, жай-күйiн және сақталу жағдайын тексеруге құқылы.
3. Кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну қаупi туып, кепiл ұстаушы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мiндеттердi өрескел бұзған жағдайда кепiл берушi кепiлдiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы.
313-бап. Кепiлге салынған мүлiктiң жоғалу немесе бүлiну салдары
1. Егер кепiл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктiң кездейсоқ қирау немесе бүлiну тәуекелiн мойнына алады.
2. Кепiл ұстаушы, егер осы Кодекстiң 359-бабына сәйкес жауапкершiлiктен босатыла алатынын дәлелдей алмаса, өзiне кепiлге берiлген нәрсенiң толық немесе iшiнара жоғалуы немесе бүлiнуi үшiн жауап бередi.
3. Кепiл ұстаушы кепiлге салынған нәрсенiң жоғалғаны үшiн оның нақты құны мөлшерiнде, ал оның зақымданғаны үшiн кепiлге салынған нәрсенiң кепiл ұстаушыға оны берген кезде бағаланған сомасына қарамастан, осы құн төмендеген сома мөлшерiнде жауап бередi.