Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125
Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 21 шілдеде № 760 енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы;
3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Комитеттiң төрағасына бір орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 7-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 366 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасының;
3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1125 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрi Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негізгі мiндеттерi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингiн жүргiзу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi бөлiмшелерi бар:
көлiктегi орталық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
өңiрлiк темір жол және әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары;
бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Комитетті, көлiктегi аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66.
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мемлекеттік мекемесi.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау-қадағалау функциялары:
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету;
халықты жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егулердi ұйымдастыруға және жүргiзуге бақылауды қамтамасыз ету;
санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiк (сәйкессiздiк) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдар өндiрудi және сапасын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
өз құзыретiнің шегiнде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне лицензиялар беруге байланысты қызметтi жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аясында мемлекеттік саясатты iске асыру саласындағы функциялар:
гигиеналық және эпидемиологиялық бейіндегі ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметiн үйлестiру;
жұқпалы, паразиттік, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру;
өз құзыретінің шегiнде жұқпалы, паразиттік аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (алдын алу) iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
гигиеналық оқытуды және салауатты өмiр салтын насихаттауды ұйымдастыру;
санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi ұйымдастыру және жүргiзу;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi лицензиялау кезiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы субъектілердiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асыру;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзiмдi аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық ұйымдарының басшыларын кәсiби құзыреттілігіне аттестаттауды жүргiзу;
өнiмдерге, тауарларға, процестер мен қызметтерге мемлекеттік және халықаралық стандарттарды, жобалау нормаларын келiсу;
балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық модификацияланған көздердi, бояушыларды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi және оларды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу және жариялау;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына жоғары және бірiншi білiктілік санатын берудi жүзеге асыру.
12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық кесiмдер шығаруға;
6) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
7) мемлекеттік органдардан, азаматтар мен ұйымдардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпарат сұрауға;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге;
9) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көзi болып табылатын адамдарды уақытша жұмыстан босатуды ұсынуға;
10) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын жекелеген объектілерде шектеу iс-шараларын (карантин) белгілеуге;
11) халықты мiндеттi түрде вакциналауды жүргiзудi, үй-жайларда, аумақтар мен жұқпалы және паразиттiк аурулардың ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны жүргізудi талап етуге;
12) санитарлық ережелердiң бұзылуын жойғанға дейiн өнеркәсiптiң, көлiктiң, ауыл шаруашылығының, байланыстың жұмыс iстеп тұрған өндiрістiк объектілерін, жекелеген жұмыс түрлерiн, технологиялық процестердi, жабдықты, құрал-саймандарды, гидротехникалық құрылыстарды, қоғамдық тамақтану, сауда кәсiпорындарын және өзге де құрылыстарды, мектептердi, балалар мен емдеу-алдын алу мекемелерiн, санаторийлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар мен басқа да объектілердi пайдалануға, қалалық және ауылдық елдi мекендердiң құрылысы жөнiндегі жекелеген жұмыс түрлерiн жүргiзуге тыйым салуға немесе тоқтата тұруға;
13) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда заңнамада белгіленген тәртiппен шикiзаттың барлық түрлерiн, технологиялық жабдықтарды, процестердi, құрал-саймандарды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн, өнеркәсiптiк бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлiк шикiзатымен, тамақ өнiмдерiмен және ауыз сумен жанасатын иондаушы сәулелену көздерiн, биологиялық және дәрілiк заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлiк және басқа да материалдарды, олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңiнен тұтынатын тауарларды өндiруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
14) белгіленген тәртiппен тiркелмеген балалардың тамақ өнiмдерiн, тамаққа тағамдық және биологиялық белсендi қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерiн, медициналық және биологиялық препараттарды өндiруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
15) адам денсаулығына зиянды әсерi анықталған жағдайда тамақ өнiмдерiн өндiру және өңдеу кезiнде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттердi қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен жануарларын өсiру стимуляторларын, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдi қолдануға тыйым салуға;
16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшiн суды, азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн пайдалануға тыйым салуға;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілiк жаза қолдануға;
18) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң заңды талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға;
19) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткiштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық (алдын алу) iс-шараларды, алдын ала егулердi жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге;
20) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу үшiн ұсыныстар енгiзуге;
21) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ведомстволық объектілерiнде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады.
14. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
17. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi.
19. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкілеттілiктерi мен жауапкершілiгiн белгілейдi;
2) заңнамаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет орталық аппаратының қызметкерлерi мен көлiктегi аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілiктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1125 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Органдар
1. Аумақтық көлiктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
1) Алматы өңiрлiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындайтын орталық темір жол көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде санамаланған аумақтық бөлімшелерiмен бірге:
Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Защита бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
2) Ақмола бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындайтын Ақмола өңiрлiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қарағанды бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Павлодар бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Жаңаарқа бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
3) Ақтөбе бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының функцияларын орындайтын Батыс өңiрлiк темір жол көлiгiндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Орал бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы;
5) Солтүстік-Батыс өңiрлiк әуе көлігіндегi санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Мемлекеттік мекемелер
2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер:
1) Алматы өңiрлiк көлiктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Защита бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
2) Ақмола өңiрлiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қарағанды бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Павлодар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Жаңа Арқа бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
3) Батыс өңiрлiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бірге:
Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Орал бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
5) Солтүстiк-Батыс өңiрлiк әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1125 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетiнiң құрылымы
1. Басшылық
2. Эпидемиологиялық бақылау басқармасы
2.1. Эпидемиологиялық бақылау бөлiмi
2.2. Карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар бөлiмi
3. Санитарлық-гигиеналық бақылау және
санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы
3.1. Санитарлық-гигиеналық бақылау бөлiмi
3.2. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi