09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен 60-4 баппен толықтырылды
60-4-бап. Қалдықтарды халықаралық тасымалдау
Қалдықтарды халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қалдықтарды әкелуге (әкетуге) бақылауды шекаралық, көлiктiк және кедендiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етедi.
61-бап. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери
қызметке қойылатын экологиялық талаптар
Осы Заңмен белгiленген экологиялық талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке толық көлемiнде қолданылады.
62-бап. Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау
Климатты және Жердiң озон қабатын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен 10-1 тараумен толықтырылды
10-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын
экологиялық талаптар
62-1-бап. Үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және
өзге де объектiлердi жобалауға, салуға, қайта
құруға, тоқтатып қоюға және жоюға қойылатын
талаптар
1. Пайдалану процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау, салу, қайта құру, тоқтатып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғалар:
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
пайда болатын қалдықтарды пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату туралы нормативтiк-техникалық құжаттамасы бар болуға мiндеттi.
2. Пайдаланылуы қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, тоқтатып қоюға және жоюға мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамалардың оң қорытындысы болған жағдайда жол берiледi.
3. Пайдаланылу процесiнде қалдықтар пайда болатын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi жобалау кезiнде оларды жинау үшiн орын (алаң) қарастыру қажет.
62-2-бап. Yй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды
және өзге де объектiлердi пайдалану кезіндегі
талаптар
1. Қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану кезiнде жеке және заңды тұлғалар:
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарында белгiленген экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтауға;
қалдықтармен жұмыс iстеу нормативтерiнiң жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлеуге және оған бекітуге ұсынуға;
ең жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер негiзiнде аз қалдықты технологияларды енгізуге;
қалдықтар мен олар орналастырылатын объектiлерге түгендеу жүргiзуге; қалдықтарды орналастыру объектілерінiң аумақтарында қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзуге;
қалдықтармен жұмыс iстеуге байланысты авариялардың алдын алу талаптарын сақтауға және оларды жою жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қолдануға;
қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде авариялар туындаған немесе қаупi төнген жағдайда, бұл туралы қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Қалдықтармен жұмыс iстеу адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiптi әсер етуге әкеп соқтыратын үй-жайларды, құрылыстарды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалануға тыйым салынады.
62-3-бап. Елдi мекендердiң аумақтарында қалдықтармен
жұмыс iстеуге қойылатын талаптар
1. Елдi мекендердiң аумақтары қалдықтардан үнемi тазартылып тұруға тиiс.
2. Елдi мекендердiң күтiп-ұсталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бірлесе отырып қамтамасыз етедi.
62-4-бап. Қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар
1. Қалдықтарды тасымалдауға:
1) қалдықтардың паспорты;
2) қауiптi қалдықтарды тасымалдауға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын сақтай отырып, арнайы жабдықталған және арнайы белгiлермен жабдықталған көлiк құралдары;
3) тасымалданатын қауiптi қалдықтардың санын, оларды тасымалдау мақсаты мен апаратын орнын көрсете отырып, қауiптi қалдықтарды тасымалдау құжаттары мен оларды беруге арналған құжаттар болған кезде жол берiледi.
2. Қауiптi қалдықтарды тасымалдаудың тәртібін, оның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды, көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша айқындайды.
11 тарау. Экологиялық сараптама
63-бап. Экологиялық сараптама және оның түрлерi
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкес келуiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасалуы мүмкiн терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiнiң анықтамасы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.
ҚР 04.06.01 ж. № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 64-бап өзгертілді
64-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама туралы заңдарында айқындалған құзыретi шегiнде жүргiзедi.
Мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын объектiлер тiзбесi, оны жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнiм (жұмыс, қызмет) мiндеттi мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзуге жатқызылса, оның оңды қорытындысынсыз Қазақстан Республикасының аумағында оны өндiруге немесе оған әкелуге тыйым салынады.
Экологиялық сараптаманың қорытындысы ресми құжат болып табылады, мiндеттi түрде орындалуға тиiс және оған қатысты дау сотта қаралуы мүмкiн.
65-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама
Қоғамдық бірлестiктер немесе халықтың өзге де топтары қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзе алады.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың ұйымдастыру нысандары және қоғамдық бірлестiктердiң экологиялық сараптама саласындағы өкiлеттi экологиялық сараптама туралы заңдармен белгiленедi.
Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ақпараттық және ұсыныс жасау сипатында болады.
12 тарау. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық,
ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды
объектiлерi
66-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту және рекреация нысанасы ретiнде қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, ерекше мемлекеттік қорғауға алынған объектiлердiң жиынтығы.
Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектілерін пайдалану iсiнде тыйым салу және шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
ҚР 11.05.99 ж. № 381-1; 04.06.01 № 205-II; 25.05.04 ж. № 553-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қорғаудың құқықтық режимiмен не шаруашылық қызметтiң мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн режимiмен реттелетiн жер, су, орман және жер қойнауы учаскелерi.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимдерi, олардың қызмет жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
13 тарау. Төтенше экологиялық ахуал және
экологиялық апат аймақтары
68-бап. Төтенше экологиялық ахуал
Төтенше экологиялық ахуал - адам қызметiнiң немесе табиғаттың дүлей күштерiнiң салдарынан белгiлi бір аумақта пайда болған, қоршаған ортаның, адамдардың өмiрi мен денсаулығы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау үшiн қауiптi, терең және тұрақты терiс өзгерістерiмен сипатталатын қолайсыз экологиялық ахуал.
Республиканың жекелеген аумақтарындағы төтенше экологиялық ахуал кезiнде заңдарда көзделген тәртiппен шаруашылық қызмет пен табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне тыйым салынуы немесе олар шектелуi мүмкiн, табиғи ресурстарды қалпына келтiру (молықтыру), қоршаған ортаны сауықтыру, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiнде жедел шаралар жүргiзiледi.
69-бап. Экологиялық апат аймақтары
1. Егер қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiрiлсе және (немесе) табиғи экологиялық жүйелер бұзылып, өсiмдiктер дүниесi мен жануарлар дүниесi азып - тозса, экологиялық ахуал төтенше аумақтар экологиялық апат аймақтары деп жарияланады.
2. Экологиялық апат аймақтары әрбір жеке жағдайда өз кезегiнде төтенше экологиялық ахуалдың күрделiлiгi мен ауырлығына немесе осы жағдайға себеп болған факторларға қарай кiшi аймақтарға (экологиялық апаттар, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-күйлер және басқалар) бөлiнедi.
3. Табиғи ресурстарды молықтыру, қоршаған табиғи ортаны сауықтыру, халыққа медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар Үкiмет бекiтетiн республикалық нысаналы бағдарламаларға сәйкес экологиялық апат аймағының белгiлi бір кiшi аймақтары бойынша сараланып әзiрленедi және жүзеге асырылады.
4. Экологиялық апат аймағында:
1) қолайсыз экологиялық жағдайдың пайда болуына себепшi болған шаруашылық объектілерінiң қызметi тоқтатылады:
2) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды ықпал ететiн ұйымдардың, цехтардың, агрегаттар мен жабдықтардың қызметi тоқтатыла тұруы мүмкiн;
3) табиғат пайдаланудың жекелеген түрлерiне шек қойылады;
4) қажет болған жағдайда адамдарды көшiру жөнiнде шаралар жүргiзiледi.
5. Төтенше экологиялық ахуал салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық апат аймақтарында тұратын азаматтар өтемақылардың, жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғаудың басқа да түрлерiн қоса алғанда өздерiне келтiрiлген зиянды өтеттiруге құқығы бар.
Азаматтарды төтенше экологиялық ахуалдың салдарынан зардап шеккен адамдар қатарына жатқызу тәртібі, оларды әлеуметтiк қорғау нысандары заңдарда белгiленедi.
70-бап. Төтенше экологиялық ахуалды және экологиялық
апат аймақтарын жариялау тәртібі
Қазақстан Республикасының белгiлi бір аумағында төтенше экологиялық ахуалды Үкiмет жариялайды.
Экологиялық апат аймақтары Қазақстан Республикасының заңдарымен жарияланады.
Экологиялық апат аймақтарының шекараларын белгiлеудi Үкiмет қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және ғылым саласындағы арнайы уәкiлеттi атқарушы органдардың оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырады.
14 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ақпарат пен мемлекеттік статистика
71-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат
Қоршаған ортаның жай-күйi, ластануы және сауықтырылуы туралы, қаржыландыру (қаржыландыру көздерi) туралы, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларға қаражат жұмсау, табиғи ресурстардың жай-күйi, молықтырылуы мен пайдаланылуы, қоршаған ортаға жасалатын әсерлер, оның сапасын нормалау мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар туралы мәлiметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат болып табылады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға тиiс.
Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты жасыруына, дер кезiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.
72-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттік статистика
Қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы уәкiлеттi мемлекеттік органдар статистикалық ақпараттың объективтiлiгi және оның халықаралық статистикамен салыстырмалылығы негiзiнде мемлекеттік статистиканы жүргiзедi.
Заңды және жеке тұлғалардың белгiленген көлемде белгiленген мерзiмде статистикалық ақпарат беруi ақпаратты жiберушiнiң қаржысы есебiнен мемлекеттік статистикалық есеп беру нысанында жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік статистикалық есеп беру көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамы мен мемлекеттік статистиканы жүргiзу тәртібі заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
15 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
экологиялық тәрбие мен білім беру,
ғылыми зерттеулер
73-бап. Экологиялық тәрбие мен білім берудiң
жалпыға бірдей және үздiксiз жүргiзiлуi
Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары білім берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен білім берудiң жалпыға бірдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.
Халық арасына экологиялық білім туралы таратуды мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.
74-бап. Экологиялық білім беру
Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.
Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 75-бап өзгертілді
75-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ғылыми зерттеулер
Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгізу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттік) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
16 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау
76-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау қоршаған ортаның жай-күйiн, шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалымен оның өзгерістерiн байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың сақталуын тексерудi өзiне мiндет етiп қояды.
2. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-1; 04.06.01 ж. № 205-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 04.06.01 ж. № 205-II Заңымен ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өздерi қызметкерлерi болып табылатын органдардың құзыретi шегiнде:
меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, ұйымдарға және басқа да объектiлерге (соның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектілеріне) кедергiсiз (қызмет куәлiктерiн көрсету арқылы) кiрiп, көруге, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдамалардың нәтижелерi мен өзге де материалдарды сұратуға және танысу үшiн тегiн алуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды молықтыру мен пайдалану жөніндегі жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар талаптарының, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптардың орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;
табиғи ресурстарды пайдалану лицензияларында белгiленген ережелердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген қызмет түрлерiнiң жүзеге асырылуын, табиғат пайдалану шарттарының (келісім-шарттарының) және табиғат пайдалануға берiлген рұқсаттың орындалуын тексеруге, белгiленген тәртiппен олардың күшiн жоюға, олардың күшiн жою жөнiнде нұсқамалар беруге немесе ұсыныс енгізуге;
экологиялық аудит мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныс енгізуге және олардың қорытындыларының орындалуын тексеруге;
экологиялық жағынан қауiптi жүктердi (бұйымдарды), қалдықтар мен шикiзат ресурстарын қоршаған ортаның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, (әкетуге) сондай-ақ одан алып өтуге (одан әрi тасымалдауға) тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;
заңды және жеке тұлғаларға талаптар қоюға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жолсыздықты жою жөнiнде нұсқамалар шығаруға;
экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және тоқтата тұру туралы сот органдарына арыз беруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi заңдарда белгiленген тәртiппен қарауға, кiнәлiлердi әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген залал , оның iшiнде құндық мөлшерiн анықтауға (анықтауға қатысуға) және соның негiзiнде кiнәлi адамдардан осы залалды ерікті түрде өтеу туралы талап етуге немесе сотқа талап қоюға;
тиiстi қаржы-несие ұйымдарына экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылатын объектiлердiң құрылысы мен пайдаланылуын, шаруашылық және өзге де қызметтi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама енгізуге;
өндірістік экологиялық бақылаудың және мониторингтің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруге;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе олардың жолын кесу үшін ішкі істер, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарынан көмек сұрауға және оны алуға.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық азаматтар, лауазымды адамдар мен заңды тұлғалар орындауға мiндеттi, оларға бағыныстылық ретiмен немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып, ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 77-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
77-1-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы;
2) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басшысының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;
3) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесi басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтардың орынбасарлары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;
4) лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттік бақылау бөлiмшесiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
5) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
6) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бастықтары және бастықтарының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары;
7) лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарының мемлекеттік бақылау бөлiмдерiнiң бас және жетекшi мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жатады.
2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының бас мемлекеттік инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланктер болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторға, бас мемлекеттік инспектордың орынбасарына және аға мемлекеттік инспекторлар мен мемлекеттік инспекторларға белгiленген тәртiппен бірыңғай үлгiдегi мөр, куәлiктер мен нысанды киім берiледi.