2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 77-2-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
77-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге
асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) лауазымды адамдары
Қоршаған ортаны қорғау саласында қызметiн жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының лауазымды адамдарына облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiктерiнiң тиiстi бөлiмшелерiнiң қызметшiлерi жатады.
ҚР 04.06.01 № 205-II Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
өндiрiстiк бақылау
Өндiрiстiк бақылау қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi мемлекеттік органдардың келісімi бойынша орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекiтетiн ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР 04.06.01 № 205-II ; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық
бақылау
Қоғамдық бақылауды қоғамдық бірлестiктер өз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған шарттар бойынша жүзеге асырады.
Қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бірлестiктер өз жарғыларына сәйкес белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 80-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
80-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды
жүзеге асыратын адамдарды қорғау шаралары
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыратын адамдар мiндеттi сақтандырылуға тиiс, олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда да залалды белгiленген тәртiппен өтетуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында бақылауды жүзеге асыратын адамдардың арнайы құралдарды, атыс қаруы мен нысанды киімдi сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.
09.12.04 ж. № 8-III ҚР Заңымен 16-1 тараумен толықтырылды
16-1-тарау. Қалдықтармен жұмыс iстеудi бақылау
80-1-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау
1. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары және өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Қалдықтармен жұмыс iстеудi мемлекеттік бақылау:
қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және өзге де талаптардың орындалуын бақылауды;
қалдықтарды халықаралық тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру шарттарының сақталуын бақылауды;
қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды;
қалдықтарды тасымалдау талаптары мен ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
қалдықтардың санын азайту және қалдықтарды қосымша шикiзат көзi ретiнде шаруашылық айналымға тарту жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды;
қалдықтармен жұмыс iстеу саласында ұсынылатын ақпараттың және қалдықтар туралы есептiлiктiң дұрыстығын бақылауды;
Қазақстан Республикасының қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шағым жасалына алады.
80-2-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеудi өндiрiстiк бақылау
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар өз қызметi барысында Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
2. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыру тәртібін қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар дербес әзiрлеп, бекiтедi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдарымен келiседi.
80-3-бап. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке
алу және есептiлiк
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар пайда болған, пайдаланылған, залалсыздандырылған, басқа тұлғаларға берiлген немесе басқа тұлғалардан алынған, сондай-ақ орналастырылған қалдықтарды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге мiндеттi.
2. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы есепке алуды жүргiзудiң тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және статистика салаларындағы уәкiлеттi органдармен келісім бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.
4. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есепке алу материалдарын Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген мерзiм бойы сақтауды қамтамасыз етедi.
80-4-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры
1. Қалдықтармен жұмыс iстеу кезіндегі мәлiметтердiң жүйесiн есепке алу мақсатында Қалдықтардың мемлекеттік кадастры жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
17 тарау. Экологиялық аудит
81-бап. Экологиялық аудит
Экологиялық аудит - ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және өзге де қызметiн, олардың табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру жөніндегі есеп беруiнiң дұрыс жасалуын қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерiн, экологиялық талаптарды сақтауын тәуелсiз тексеру.
82-бап. Экологиялық аудиторлық қызмет
Экологиялық аудиттi тапсырысшымен шарт негiзiнде тәуелсiз адамдар (экологиялық аудиторлар) мен аудиторлық ұйымдар жүргiзедi. Заңдарда белгiленген жағдайларда экологиялық аудит мiндеттi болып табылады.
Экологиялық аудиттi жүргiзуге шетелдiк аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар тартылуы мүмкiн.
Экологиялық аудиторлық қызмет мемлекеттік лицензиялауға жатады, ал біліктiлiк комиссиясы аттестациялаған және Қазақстан Республикасы аумағында аудиторлық қызметпен айналысуға біліктiлiк куәлiгiн (құжат-куәлiк) алған жеке немесе заңды тұлға экологиялық аудитор бола алады.
83-бап. Экологиялық аудиттi жүзеге асыру тәртібі
Экологиялық аудиторлық қызметтiң, аудиторларды аттестациялаудың, экологиялық аудиттi жүргiзудiң тәртібі мен ережелерi, экологиялық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi, жауапкершiлiгi заңдармен белгiленедi.
18 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу және қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
84-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды
шешу
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды соттар шешедi немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
85-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
09.12.04 ж. № 8-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу
1. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуы салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтар мен мемлекеттің мүлкiне зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар келтiрген зиянын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу ерiктi түрде немесе қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген нұқсанның белгiленген экономикалық бағасына сәйкес соттың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен жүргiзiледi.
Зиянды өтеуден өндiрiлiп алынатын сома бюджетке, ал заңдарда белгiленген жағдайларда зардап шеккен заңды немесе жеке тұлғаға аударылады.
2. Қызметi қоршаған ортаны қорғауға күштi қауiп төндiрумен байланысты заңды және жеке тұлғалар, егер жойқын күштiң немесе зардап шегушiнiң қаскөйлiгi салдарынан зиян келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, өздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.
3. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтiруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
19 тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
87-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бірдей экологиялық қауiпсiздiктiң басымдығын сақтау принциптерiн басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
88-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан
Республикасы аумағындағы қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызметi
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттелмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiне жол берiледi.
89-бап. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының