в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау;
г) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
д) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
e) қызметiнiң бірден-бір түрi қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкiлеттi ұйымдарға шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлетiн лицензияны қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензияны қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;
е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
е-3) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекіту;
з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
к) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекітуiне ұсыну;
к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
л) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекіту;
м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;
н) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
о) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесi мен мөлшерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуiн анықтау және бекіту;
п) Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекіту;
с) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу;
т) 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды
у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекіту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөніндегі шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келісіп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бірақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
ц) Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кiрiсiн бөлу;
ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөніндегі шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бір өкiл және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы тағайындайды және босатады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, бірақ айына кемiнде бір рет өткiзiледi.
Басқарманың кезектен тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжілістерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
5 Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актілерімен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекітілген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқы жоқ.
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттік маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бір-бірiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарларының бірi Үкiмет мәжілістерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 28-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
6 Тарау. Ақша-кредит саясаты
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда
29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды);
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 31-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi
32-бап. Резервтiк талаптар
Банктер беретiн кредиттер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады.
Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда мiндеттемелердiң өсiмiне резервтiк талаптарды енгізуге құқылы.
Ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн өзгерту, мұндай шешiм қабылдаған күннен кемiнде бір ай кейiн күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiлеген мөлшерде айыппұл салып, оны өндiрiп алады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банк қызметiн тоқтатқан жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнде резервке салынған қаражатын банкке бір апта мерзiм iшiнде қайтарады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша
сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Қарыздар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-3-баппен толықтырылды
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу
Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi
37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
7 Тарау. Ақша айналысы және ақша бірлiгi
38-бап. Ақша бірлiгi
Қазақстан Республикасының ақша бірлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Төлем құралы
Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Банкноттар мен тиындар шығару
Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақшаны шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды бірде-бір Қазақстан Ұлттық банкi банкноттар мен тиындарды, аударым баламасын ала отырып, банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Ақша бірлiгiнiң қамтамасыз етiлуi
Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 42-бап өзгертiлдi
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгiлейдi.