“Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу
ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 674 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 29 қаулысымен күші жойылды
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 1 шілдедегі
№ 674 қаулысымен
бекітілген
Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
iс-шараларға жатқызу ережесi
1. Осы Іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес әзiрленген.
2. Ереже iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі іс-шараларға жатқызу бойынша жұмысты жүйелендiру және тәртiпке келтiру мақсатында әзiрленген және iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларға жатқызу ұғымын, өлшемдерiн айқындайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралардың кешенi.
4. Іс-шара, егер ол мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі iс-шараларға жатқызуға болады:
1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және табиғат пен адамның үйлесiмдi өзара iс-қимылына бағытталған болса;
2) қоршаған ортаның (атмосфералық ауа, Жердiң озон қабатты, су және жер ресурстары, жер қойнауы, жануарлар мен өсiмдiктер әлемi, сондай-ақ климат) сапалық сипаттарын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартса;
3) экологиялық жүйенiң жай-күйiн тұрақтандыруға және жақсартуға, биологиялық алуантүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және молайтуға ықпалын тигiзсе;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтiрудi ескертсе және болдырмаса;
5) қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiрсе;
6) халыққа экологиялық білімдi насихаттауға, экологиялық тәрбиелеуге ықпалын тигiзсе.
Ереженiң негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ic-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi.