Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық авиацияны одан әрi дамыту, әуе көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және транзиттік ағынды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жарты жылдық қорытындылары бойынша қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берiп отырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 21 наурыздағы
№ 291 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық авиация саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Паспорт (Бағдарламаның негiзгi параметрлерi)
Атауы Азаматтық авиация саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
(бұдан әрi - Бағдарлама).
Әзiрлеу үшін негiз Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы
24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004
жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
жөніндегi iс-шаралар жоспарының 7.10-тармағы.
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Көлiк және негізгі әзiрлеушiсi коммуникациялар министрлігі. Бағдарламаның Мемлекеттің халықаралық талаптарға жауап мақсаты беретін және сапалы авиациялық қызмет
көрсетулерде мемлекет пен азаматтардың осы
келе жатқан қажеттiлiгiн қанағаттандыруды
қамтамасыз ететiн тиiмдi авиакөлiк жүйесiн
құру
Бағдарламаның 1. Ұшулар қауiпсiздігі мен авиациялық міндеттерi қауіпсiздiк деңгейiн арттыру.
2. Мемлекеттік реттеу тетiгiн және азаматтық
авиацияның қызметiн реттейтiн нормативтiк
құқықтық базаны жетiлдiру.
3. Әлеуметтiк мәнi бар авиабағыттарды
субсидиялау, авиакомпаниялар мен
әуежайлардың қызметiн оңтайландыру,
транзиттiк әлеуеттi дамыту.
4. Әуе қозғалысын басқару және бақылау
жөніндегi өндiрiстік қуаттарды жаңғырту
және iс-шаралар кешенiн орындау.
5. Тарифтiк саясатты жетiлдiру.
Бағдарламаның 1. Мақсаттарды iске асыру үшiн саланың негiзгi бағыттары нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру: және iске асыру - ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық тетіктері қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
- сала субъектiлерiнiң қызметiне қойылатын
негiзгi экономикалық, техникалық және
біліктiлiк талаптарын арттыру.
2. Әуе кемелерi паркiн жаңарту.
3. Әуежайлардың негiзгi өндiрiстiк қуаттарын
қайта құру және жаңарту, транзиттiк әлеуеттi
дамыту үшiн халықаралық әуежайлардың қызметiн
оңтайландыру.
4. Әуе қозғалысын басқару және бақылау
жөніндегi негiзгi өндiрiстiк қуаттарды дамыту.
5. Әлеуметтік мәнi бар авиабағыттарды
субсидиялау және бөлу жөніндегі iс-шараларды
iске асыру;
6. Азаматтық авиация үшiн авиаотынның
өзiндiк құнын төмендету жөнiнде қажеттi
шаралар қабылдау;
7. Тарифтiк саясатты реттеу жүйесiн әзiрлеу.
Қажеттi ресурстар Республикалық бюджеттің қаражаты. және Бағдарламаны iске асыруға Бағдарламаны 2003-2005 жылдардағы шығыстар сомасы қаржыландыру 40 032 млн. теңгенi құрайды. көздерi Бағдарламаны iске Бағдарламаның iске асырылуы: асырудан күтiлетiн - ұшу қауіпсiздiгi мен авиациялық нәтижелер қауiпсiздігін деңгейiн арттыруды;
- әуе кемелерiн паркiн және авиация
инфрақұрылымын жаңғырту мен жаңарту
жолымен отандық авиакомпаниялардың
бәсекеге қабілеттiлiгін арттыруды;
- елдің транзиттiк әлеуетін барынша пайдалану
үшiн халықаралық әуежайлар торабын
қалыптастыру мен дамытуды;
- кадрлар әлеуетiн қалпына келтiрудi;
- 2005 жылы авиатасымалға сұраныстың 1,5 есе
өсуін қамтамасыз етедi.
2. Кiрiспе
Проблеманың көп қырлылығы және азаматтық авиация саласындағы бұның алдындағы түрленудің көптiгi Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның дәйектi мемлекеттік саясатын дамыту қажеттілігi туралы куәландырып отыр.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңын (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында әзiрленген.
Бағдарлама 2003-2005 жылдар кезеңiнде ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауіпсiздiктi арттыруды, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi, авиациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды, транзиттiк әлеуеттi дамытуды, кадрларды даярлаудың жүйесiн қалыптастыру мен дамытуды, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы тиімдi мемлекеттік реттеудi көздейдi.
3. Саланың қазiргі жай-күйiн талдау және қазiргi
проблемалар
Қазақстанның азаматтық авиациясы авиациялық жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң алуан түрлерiн орындайтын, тиiстi инфрақұрылымды (әуе жайлар, техникалық қызмет көрсету базасы, аэронавигация) қамтамасыз ететiн авиакәсіпорындардан тұратын күрделi, кең тараған жүйе болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еуразия орталығында географиялық орналасуы, Ресей және Қытай сияқты елдермен көршiлестiгi, аумағының үлкендiгi мен тұрғындар тығыздығының төмендiгi, сондай-ақ темір жолдар мен автомобиль жолдарының, әсiресе тез дамып келе жатқан мұнай аймақтарында (Батыс Қазақстан) жеткiлiксiз дамуы азаматтық авиацияның дамуы үшiн алғышарттар жасайды.
Аймақтардың дамуымен аймақтық тасымалдарға мұқтаждық айтарлықтай өстi, ал халықаралық экономикалық кеңiстiкке кiрiгу және Қазақстан халқының табыстарының ұлғаюы таяу және алыс шетелдерге ұшу қажеттiлiгiнің өсуiн тудырады.
Ұшу қауiпсiздiгi
Азаматтық авиация субъектiлерiнің қызметiн бақылау мен қадағалаудың қазiргi жүйесi соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерді өткердi. Азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық база соңғы жылдар iшiнде іс жүзiнде жаңартылмаған. Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қалпында ұстау, сертификаттау және ұшулардың қауiпсiздiгiн қадағалау мәселелерi азаматтық авиация субъектілерiне және басқа мемлекеттік емес құрылымдарға берiлген, бұл тұтас алғанда саланы басқарудың үйлестiрiлген тетiгi болмауына әкелдi.
Ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі материалдарды талдау 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында 3 авиациялық оқиға, 30 оқыс оқиға, әуе кемесiнiң жердегi 2 зақымдануы;
- 2001 жылы 33 оқиға және әуе кемесiнің жердегi 3 зақымдануы болғанын көрсетедi;
- 2002 жылы 23 оқыс оқиға және 1 төтенше оқиға тiркелген.
2002 жылы болған авиациялық оқиғалар мынадай түрде бөлiнген:
- конструкторлық-өндiрiстiк ақауларға байланысты 13;
- ұшу құрамының кiнәсi бойынша - 5;
- ұшуларды қамтамасыз ететiн басқа қызметтердiң кiнәсi бойынша - 5.
1-кесте. 1997 жылдан бастап авиациялық оқиғалардың
салыстырмалы талдауы
Жылдар | Адам өлімсіз авиациялық оқиғалар | Апаттар | | Барлығы |
1997 1998 1999 2000 2001 2002 | 3 4 1 3 - - | - - 1 - - - | 41 62 32 30 33 23 | 9 3 6 2 3 | 53 69 40 35 36 23 |
| | | | | |
Барлық авиациялық оқиғалардың 50%-дан астамы авиация техникасының
iстен шығу себебi бойынша болды.
Ұшу қауiпсiздiгi бөлiгіндегі негiзгi проблемалар мыналар болып
табылады:
1) республикада ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн
жүйенің болмауы;
2) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі отандық нормативтiк
құжаттардың халықаралық талаптарға сәйкес еместігі;
3) авиациялық техниканың техникалық жай-күйi;
4) нормативтiк құжаттар талаптарының тиiсiнше бақыланбауы және
орындалмауы;
5) командалық-басшы, ұшу және техникалық құрамның iшіндегі төмен
орындаушылық тәртібі;
6) авиациялық қызметшiлердің жеткiлiксiз кәсіптiк дайындығы.
Авиатасымалдаушылар
Бүгiнгi күнi әуе тасымалы мен авиациялық жұмыстар рыногында 47
авиакомпания тiркелген. Азаматтық авиация саласы аса күрделi жұмсалымды
қажет етедi, үлкен капитал салымдар қажет (әуe кемелерiн сатып алу,
авиациялық техникалық базаны жаңғырту және т.б.). Авиатехниканы қалпында
ұстау мен техникалық қызмет көрсетуге арналған iлеспе шығыстар да зор,
осының барлығы қазiргi 47 авиакомпанияның бірi де әуе кемесiн сатып алуға
қабiлетсiз болып қоймай, әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын қалпында ұстау
жөніндегі шығыстарын үнемдеуге мәжбүр болуына әкелдi.
Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қалпында ұстау және қазiргi заманғы
үлгiлермен әуе кемелерi паркiн жаңарту үшiн қажеттi қаржылық қаражаттың
болмауы бүгінгі күні ең төмен деңгейде тұрған бәсекелiк ортаны
қалыптастыруға әсер еттi.
Көптеген авиакомпаниялардың қызметi тиiстi түрде олардың табысын
және ұшу қауіпсiздiгiн қамтамасыз етпейді. Белгiленген үлгiдегi
ұшақтардың жеткiлiксiз санына ие болған қазақстандық авиакомпаниялар
көбiнесе тұрақты рейстердi жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.
Тiркелген 47 авиакомпанияның 10-ында өз әуе кемелерi жоқ, бұл ретте:
- 6 авиакомпания тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырады;
- 14 авиакомпания чартерлiк рейстердi жүзеге асырады;
- 27 авиакомпания авиациялық-химиялық жұмыстарға мамандандырылған.
Осы кезде iшкi және халықаралық әуе желiлеріндегі тасымалдардың
негiзгi көлемi "Эйр Қазақстан" және "Эйр Астана" авиакомпанияларына
келедi.
Бүгiндерi авиакомпанияларды оңтайландыру процесi жүре бастады,
күзгi-қысқы навигацияда тұрақты жолаушылар авиатасымалдарын жүзеге асыру
құқығына конкурс өткiзгеннен кейiн іс жүзiнде Қазақстан рыногында 6
авиакомпания ғана қалды.
Қазiргi уақытта 2000 жылмен салыстырғанда авиарейс санының өсу
үрдiсi байқалып отыр.
2001 жылы авиакомпаниялар 783 мың адам және 2002 жылы - 899 мың адам
тасымалдаған. Яғни, авиатасымалдаушылардың қызмет көрсетулерiн
пайдаланатын азаматтар санының өсуi орын алып отыр. Бұл бiздің ойымызша,
өз кезегiнде, халықтың экономикалық белсендiлiгiнің өсуiнен және жаңа
авиажелiлердiң енгізуiнен кейiн ұшу жиiлiгiнің өсуiнен болып отыр.
Жүк авиатасымалдарының көлемi 2001 жылы 8,4 мың тоннаны, ал 2002
жылы - 13,2 мың тоннаны құрды. Жүк тасымалдары көлемiнiң өсуi "Эйр
Астана" авиакомпаниясына тұрақты рейстерiнің бір бөлiгiн беруге
байланысты 2002 жылдың екiншi жарты жылдығынан бастап "Эйр Қазақстан"
авиакомпаниясының жүк авиатасымалдары саласындағы қызметiн өрiстетуімен
байланысты.
Әуе кемелерi
Қолданыстағы әуе кемелерi паркiнiң үлкен моральдық және табиғи тозуы
бар болғандықтан, азаматтық авиацияның проблемалары күрделеніп тұр.
Қазiргi уақытта Қазақстанның азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік
тiзiлiмінде тiркелген әуе кемелерiнің жалпы саны 628 бірлiктi құрайды,
соның ішінде 540 ұшақ және 88 тiкұшақ.
Оның iшiнде:
- 1-сыныптысы (А-310, Б-737, Ил-86, Ил-62, Ту-154, Ил-76) - 42, оның
iшiнде жарамдысы - 23, жарамдылық пайызы - 55%;
- 2-сыныптысы (Tу-134, Ан-12, Як-42, Ил-18, ВАС 1-11) - 25, оның
ішінде жарамдысы - 17, жарамдылық пайызы - 68%;
- 3-сыныптысы (Як-40, Ан-74, Ан-30, Ан-26, Ан-24) - 96, оның ішінде
жарамдысы - 50, жарамдылық пайызы - 52%;
- 4-сыныптысы (Ан-2, Л-410, Авиатика-890, Як-18) - 377, оның iшiнде
жарамдысы - 92, жарамдылық пайызы - 24%;
- тiкұшақтар (Ми-8, Ми-2) - 88, оның iшiнде жарамдысы - 36,
жарамдылық пайызы - 40%.
Негiзiнде пайдаланушылар халықаралық әуе желiлерiнде бәсекеге
қабiлетсiз әуе кемелерiн пайдаланады. Өзiнің техникалық-экономикалық
өлшемдерi бойынша қазiргi заманғы халықаралық талаптарға сәйкес әуе
кемелерiнің тапшылығы байқалады. Iс күйiнде парктің жаңартылуы
тоқтатылған. 25 жылдан аспайтын жалпы жұмыс iстеу мерзiмiнде 1-3
сыныптағы әуе кемелерiнің орташа жасы 21-22 жылды құрайды.
Әуе кемелерiнің көбi шуыл, экология, навигация дәлдiгi бойынша
халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi, бұл Батыс Еуропа, Солтүстiк
Америка, Қиыр Шығыс елдерiне ұшуға мүмкiндiк бермей отыр. Осы жағдай
халықаралық авиатасымалдар рыногын жоғалтып алу қаупін туғызады. Қызмет
көрсету, сенімдiлiк пен қауiпсiздiк деңгейi, әуе кемелерiнің интерьерi
және олардың салдары ретiнде қазақстандық авиакомпаниялардың беделi
шетелдік және Ресей авиакомпаниялары сияқты бәсекелестермен
салыстырылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнің мемлекеттік
тiзiлiмiнде 88 тiкұшақ, соның iшiнде: Ми-8 - 8 бірлiк, Ми-8Т - 36 бірлiк,
Ми-8МТВ - 15 бірлiк және Ми-2 - 29 бірлiк.
Ми-8 үлгiсiн пайдаланатын тiкұшақтардың көбі 80-жылдардың ортасында
шығарылған. Шығарушы зауыттар олардың үлгiсiне қарай жылдармен
алғанда (күнтiзбе) 25-30 жылға кепілдiк берiлген ресурстарды белгiлегенiн
ескерсек, оларды пайдаланудың шектелген мерзiмдерi 2014-2016 жылдарға
келiп тұр. Ми-2 тікұшақтарының 33%-ында (10) күнтiзбелiк ресурстары өтіп
кеткен.
Әуе кемелерi паркін жаңарту бойынша шаралар қолданбаған жағдайда
2005 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалдарына деген өсiп келе жатқан
сұранысты қанағаттандыру үшiн жарамды әуе кемелерiнің жетiспеуi білiнетін
ахуал туындауы мүмкiн.
2-кесте. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi
мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелген әуе кемелерi
Әуе кемесiнiң үлгiсi | Әуе кемелерінің саны | Пайдалану күнтізбелік мерзімінің аяқталуы |
өтіп кеткен белгiленген ресурстармен | белгiленген ресурстың қалдығына иелер |
Ұшақтар |
ИЛ-86 (барлығы-7) | 1 | 1 2 1 1 1 | 2004 2005 2007 2008 2012 |
В-737-200 (барлығы-3) | | 3 | жай-күйі бойынша |
А-310-300 (барлығы-2) | | 2 | жай-күйі бойынша |
ТУ-154 (барлығы-20) | 9 | 1 2 1 4 1 2 | 2002 2003 2005 2006 2009 2013 |
ИЛ-76 (барлығы-11) | 1 | 2 1 1 2 4 | 2002 2003 2007 2012 2013 |
ТУ-134 (барлығы-13) | 12 | 1 | 2004 |
ЯК-42 (барлығы-9) | | 1 1 1 1 5 | 2009 2011 2012 2017 2018 |
Ан-24 (барлығы-37) | 28 | 5 3 1 | 2003 2004 2006 |
Як-40 (барлығы-47) | 45 | 2 | 2003 |
Тікұшақтар |
Ми-2 (барлығы-29) | 10 | 3 2 5 5 3 1 | 2005 2006 2007 2008 2009 2010 |
Ми-8 (барлығы-8)2 | - | 2 3 2 1 | 2012 2014 2015 2019 |
Ми-8Т (барлығы-36) | 5 | 1 4 5 1 4 5 7 1 2 1 | 2005 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2017 2021 |
Ми-8МТВ | 2 | 1 3 5 1 2 1 | 2015 2016 2017 2018 2019 2021 |