5.5. Транзиттiк әлеуеттi дамыту үшiн халықаралық
әуежайларды оңтайландыру
Әуежайлардың қызметiн тұрақтандыру және оңтайландыру мақсатында, ең бірiншi, уақытша сызба бойынша халықаралық авиатасымалдарға жiберiлген әуежайлардың жұмысын реттеу қажет. Осы сызба бойынша жұмыс iстейтiн 14 әуежайдың көбi өзiнiң техникалық жабдықталуы мен қызмет көрсету сапасы бойынша халықаралық әуежайларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін ескерсек, сонымен шетелдiк авиакомпаниялардың да, шетелдік азаматтардың жағынан да әдiл сөгiстердi тудырады, бұл елдің беделi мен экономикалық мүдделерiне нақты зиян келтiредi.
Осы мақсаттарда халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету үшiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) тәжiрибесiмен ұсынылатын, негiзгiлерi мыналар болып табылатын халықаралық стандарттарға сәйкестiкке талаптар белгiленетiн Қазақстан Республикасының әуежайларын ашу ережесi әзiрленедi:
- шектеусiз бірiншi сыныптан төмен емес әуе кемелерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, перрондардың, тұрақ орындарының болуы;
- Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) үш санатының біреуi бойынша ең кемiнде әуе кемелерiнің қонуын қамтамасыз ететiн радиожарықтехникалық жүйесiнің болуы;
- пластикалық жарылғыш заттарды қоса алғанда, тасымалдауға тыйым салынған барлық заттар мен нәрселердi табуға мүмкiндiк беретiн тексеру жүргiзудің техникалық құралдарының болуы, бұл өзi қатысушысы болып табылатын авиациялық қауiпсiздiк саласындағы халықаралық конвенциялар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға міндеттi шарт болып табылады;
- әуе кемелерiне тез қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн тиiстi көлiк құралдарының, үй-жайлар мен қызметтердің болуы, сондай-ақ жолаушыларды, экипажды, теңдеме жүктi, жүк пен почтаны және т.б. ресімдеу.
Бұдан басқа, мынадай өлшемдер де ескерiлетiн болады:
- әуежайдың географиялық орналасуы;
- әуежай орналасқан аймақтың даму болашағы;
- әуежайда әуе кемелерi қозғалысының қарқындылығы;
- әуежай авиатасымалдарының нақты және болжанған көлемдерi;
- барынша қысқа мерзімде ықшамдалған сызба бойынша бұрыштаманың берілуiн қамтамасыз ететiн көшiп келу қызметiн көрсетудiң болуы;
- санитарлық қызмет көрсетудің (жануарлар мен өсiмдiк карантинi) болуы;
- жүк және басқа заттардың өңделуiн ықшамдау мақсатында деректердің электрондық алмасу жүйесінің болуы және көптеген басқалар.
Республика арқылы көлiк ағынын арттыру мақсатында мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бірлесiп әуежайларда транзиттiк аймақтар құру және трансферттердi ұйымдастыру көзделіп отыр.
Қазақстанның Еуразия орталығында қолайлы географиялық орналасуы Еуропа - Азия бағыттарында қалыптасып келе жатқан транзиттiк ағындарға Қазақстанның әуе дәлiздерiн енгізу үшiн ерекше алғышарттарды құрғанын атап өту қажет.
Транзиттік ағынды тарту үшiн елорданың әуежайын дамытуға ерекше назар аударылады. Қазiргi уақытта Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнің (JBIC) қаражатынан Астана қаласының әуежайын қайта жаңарту жобасы бойынша әуежай кешенінің құрылысы жүргiзiлуде. Қарыздың жалпы сомасы 30,7 млрд. теңге құрайды, оның 20%-ы әуежайға несие ретiнде, қалған 80%-ы - өтеусiз негiзде республикалық бюджеттен ұсынылып отыр.
Нәтижесiнде, бұл халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес қазiргi заманғы кешен болады.
2003 жылға арналған республикалық бюджетте Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жобасын iске асыруға 1,5 млрд. теңге мөлшерiнде қаражат көзделген.
5.6. Әуежайлардың негiзгi өндiрiстiк қуаттарын қайта
құру және жаңарту
Бүгiнгi күнi iс жүзiнде республиканың барлық әуеайлақтары жай-күйi тiкелей ұшу қауiпсiздiгiне әсер ететiн ұшу-қону жолақтарының күрделi жөндеуiн жүргiзудi талап етедi. Республика әуежайлары ұшу-қону жолақтарының iргелi жөнделуi оларды пайдаланудың 10-12 жыл нормативтiк мерзiмiнде орташа есеппен 15-20 жылдан астам бұрын жүргiзiлген. Өкiнiшке орай, әуежайлардың қаржылық мүмкiндiктерi осы проблеманы өзiндiк шешуге мүмкiндiк бермейдi.
2003 жылы Атырау қаласы әуежайының жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы осы проблеманы шешудiң алғашқы кезеңi болады. Осы жобаны қаржыландыру 3,9 млрд. теңге сомасында (25 млн. АҚШ доллары) Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкі қарызының негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстанның әуе кеңiстiгi арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттарынан шыға отырып және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекетке жауапкершiлiктi жүктейтiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қағидатын ескере отырып, бүгiнгi күнi бірiншi кезекте Ақтау, Ақтөбе және Шымкент сияқты әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта жаңартылуы мен жаңғыртылуын жүргiзу аса тиiмдi болып тұр. Осы әуежайлардың қайта жаңартылуы үшiн қаржылық қаражаттарға қажеттілік 4,5 млрд. теңгенi құрайды.
Осы әуежайлар негiзгi халықаралық жолдарда орналасқан, сондықтан оларды Боинг-747 үлгiдегi iрi әуе кемелерi үшiн транзит ретінде пайдалану халықаралық авиатасымалдаушылар мен елiмiздің әуежайлары үшiн екi жақты экономикалық пайда әкеледi және республиканың беделiн көтеруге көмектеседi.
Жоғарыда көрсетiлген әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын бірiншi кезекте қайта жаңарту үшiн таңдау мынадай себептерден болып отыр:
Ақтау қаласы:
- Ақтау қаласы арқылы транзиттiк әуе кемелерiнiң ұшуы Батыс Қазақстанның әуе кеңiстiгіндегі барлық әуе қозғалысының 36%-ына дейiн (тәулiгiне 90 ұшаққа дейiн) құрайды;
- теңiз, әуе және темір жол көлiгiмен құрамдастырылған жүк тасымалдарын пайдалануға мүмкіндiк беретiн теңiз портының бар болуы;
- барлық қажеттi инфрақұрылымымен әуежайда жаңа жолаушылар терминалының құрылысын көздейтiн Маңғыстау облысы әкiмдiгiнің инвестициялық бағдарламасының бар болуы;
- мұнайшыларға қажеттi жабдықты тез жеткізудi талап ететiн каспий маңы аймағы мұнай саласының қарқынды дамуы.
Шымкент қаласы:
- Шымкент қаласының ауданындағы транзиттiк әуе кемелерiнің ұшуы Оңтүстiк Қазақстанның әуе кеңiстiгіндегі барлық әуе қозғалысының 10%-ын (тәулiгiне 25 ұшаққа дейiн) құрайды;
- бүгінде тәулiгiне 125 рейске дейiн қабылдайтын Ташкент қаласының әуежайы арқылы ұшатын көлiк әуе кемелерiн тарту үшiн жағдай құру қажеттiлiгi. Ташкент қаласы әуежайына байқалып отырған көп салмақ түсiп отырғанына байланысты, сондай-ақ Қазақстанның саяси тұрақтылығын ескере отырып, кейбір авиакомпаниялар бүгiннiң өзінде Шымкент қаласының әуежайына қонуды жүргiзгiсi келедi.
Ақтөбе қаласы:
- Қазақстанның негiзгi солтүстiк халықаралық әуе жолында орналасқан, ауданындағы транзиттiк әуе кемелерiнің ұшуы барлық әуе қозғалыстың 43%-ын (тәулiгiне 110 ұшаққа дейін) құрайды;
- шекара маңындағы аймақта орналасқан стратегиялық әуежай болып табылады. 1967 жылы пайдалануға берiлген уақыттан бастап ұшу-қону жолағының, рульдеу жолдарының, перронның күрделi жөндеуi жүргiзiлмеген. Ұшу-қону жолағының көтергiш қабiлетi республика авиакомпанияларында бүгiнгi күнi бар әуе кемелерінің батыстық үлгiлерiн қабылдау мүмкiндiгiн айтарлықтай шектеп отыр.
Осыған байланысты республиканың барлық әуежайларын жоғарыда көрсетiлген Ереженің талаптарына олардың сәйкестiгi және халықаралық авиатасымалдарға деген дайындығы мәнiне мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын тарту арқылы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң жұмыс тобы тексеретiн болады.
Республика арқылы көлік тасқынын арттыру мақсатында мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесiп әуежайларда транзиттік аймақтар құру және трансферттердi ұйымдастыру көзделіп отыр.
Осы әуежайлардың ұшу-қону жолақтарының күрделi жөндеуiн жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдамаған жағдайда азаматтық авиация саласын оңалту және дамыту жөніндегi барлық қабылданатын шаралар iркiлiс қаупіне тап болады.
5.7. Азаматтық авиация үшiн авиаотынның құнын төмендету
жөнiнде қажеттi шаралар қабылдау
Қазақстандық әуежайлардың транзиттiк әлеуетiн барынша пайдалану үшiн қолайлы баға бойынша саланы авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесiн шешу қажет. Осы проблеманы шешу үшiн Көлiк және коммуникациялар министрлігі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп, әуежайларға авиаотын жеткізудің кестесiн және оның көлемiн жыл сайын келiсіп отырады. Авиакомпаниялар мен әуежайларға авиаотынның делдалсыз өндiрушіден тiкелей жеткізілуiн ұйымдастыру көзделiп отыр, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасына әуежайларға тiкелей мұнай өндiрушi зауыттарынан отын сатып алуға мүмкiндiк беретiн өзгерістер енгізу қажет. Бұл тұтынушылар үшiн отынның құнын ең кемiнде тоннасына 30-35 АҚШ долларына төмендетуге мүмкiндiк бередi.
5.8. Лизингтік негiзде әуе кемелерi паркін жаңарту үшiн
тиiмді тетiк әзiрлеу
Қызмет көрсетудiң жердегi құралдарын қоса алғанда, лизингтiк негiзде авиация техникасын жаңарту проблемаларын шешу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамы құрылды. Оның негiзгi мақсаты авиаоператорлардың қазiргi заманғы авиациялық техникаға және технологиялық жабдыққа лизингтік негiзде қол жеткізуiн қамтамасыз ету жолымен авиациялық қызмет рыногын дамытуды қолдау болып табылады. Осы лизингтік компания қаржы лизингi қызметiн де көрсететiн болады. Қызметiн реттеу азаматтық авиация саласындағы заңнамамен де және Қазақстан Республикасының банк заңнамасымен де жүзеге асырылатын болады.
"ҚазАвиаЛизинг" қызметiн жетiлдiру үшiн мыналар қажет:
1) қолданыстағы авиациялық техниканың жай-күйін талдауды жүргiзу;
2) авиациялық техниканың лизингi тетiктерiн әзiрлеу;
3) авиациялық техниканың операторларын белгiлеу бойынша конкурстық рәсiмдердi жүргiзудің әдiсiн әзiрлеу;
4) авиациялық техниканың пайдаланылуына лизинг компаниясы тарапынан бақылау тетiгiн әзiрлеу.
2004-2005 жылдар кезеңiнде аса тиiмді, қолайлы және қазiргi заманғы үлгiлердi таңдау шартынан шыға отырып, конкурстық негiзде лизингке жаңа авиациялық техниканы алу жоспарланып отыр.
Лизингтік компанияның жұмысы үшiн Бағдарламада 2005 жылы республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге сомасына "ҚазАвиаЛизинг" жарғылық капиталының өсуi көзделген.
5.9. Әуе қозғалысын басқару мен бақылау жөніндегі
негiзгi өндірiстiк қуаттарды дамыту
Қазақстанның аумағына қосымша ағындарды тарту үшiн iс-шаралар кешенiн жүргiзу қажет, ол әртүрлi мемлекеттік органдардың: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң, Сыртқы iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң және Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттiгiнің бірлескен күштерiн қолдануды талап етедi.
Осы бағытта мыналар қажет:
1) әуе ағындарын ұйымдастыру мен жоспарлау және жаңа халықаралық әуе жолдарын ашу жөнінде шектес мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен (үкiметтiк деңгейдi қоса алғанда) өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының аумағына әуе қозғалысының ағынын тарту жөнiнде азаматтық авиация субъектiлерi арасындағы бірыңғай үйлестiрiлген саясатты жұмысқа келтiру;
3) транзиттiк рейстердiң қызмет көрсету сапасын арттыру үшiн Қазақстан әуежайларының қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту;
4) ұшу мен қонумен рейстердi орындау кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мәселелерi бойынша авиакомпаниялардан тiкелей, Қазақстан Республикасы әуе жолдарының транзиттік әлеуетiн барынша пайдалану мәселелерi жөнінде шектес мемлекеттердiң аэронавигациялық қызметтерiмен келiссөздер жүргiзу және келісімдер жасасу;
5) Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiн Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне рейстердi орындауда Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн Трансазиялық бағыттарға олардың авиакомпанияларының ұшулар бағыттарын қайта бағдарлау жөніндегi жұмыстарға тарту;
6) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Сыртқы iстер және Қорғаныс министрлiктерінің бірлескен iс-шараларын әзiрлеу және жүргiзу жолымен Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға рұқсат алудың рәсiмдерiн оңайлату;
7) ИКАО, ИАТА азаматтық авиацияның халықаралық ұйымдарымен өзара iс-әрекет жасау;
8) авиакөлiк секторы саласындағы, оның iшiнде аэронавигация саласындағы халықаралық семинарларға, конференциялар мен көрмелерге қатысу, сондай-ақ Қазақстанда ұқсас iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу;
9) рынок жағдайларының өзгерiлуiне жедел жауап беруге мүмкiндiк беретiн аэронавигациялық қызмет көрсету үшiн алымдар ставкаларын қолдану жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу мен енгізу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгiмен өзара iс-әрекет жасау.
Аэронавигация жүйесiн одан әрi дамыту үшiн, бiздің ойымызша, мыналар қажет:
- шалғайдағы позицияларды Алматы, Ақтөбе және Астанадағы әуе қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесi орталығына бірiктiрудi жалғастыру;
- бір жағынан әуе қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесiн жаңғырту мәселелерiн қамтамасыз ететiн, ал екiншi жағынан аэронавигациялық телекоммуникация желісін құру үшiн база болып табылатын бірiктiрiлген цифрлы байланыс желісін құpу;
- өндiрiлген ресурстарды, ақлихаттық ескiрген және қазiргi заманғы стандарттарға сәйкес келмейтiн әуеайлақтық локаторларды, қону жүйелерiн, жетектiк радиостанциялар мен маркерлiк маяктарды ауыстыру мақсатында әуежайларды қазiргi заманғы жабдықтармен жоспарлы түрде жарақтандыру.
5.10. Азаматтық авиация саласында кадрларды даярлау мен
қайта даярлау деңгейiн арттыру
Авиация авиациялық қызметкердiң кәсiбилігі мен біліктілігіне аса тәуелдi, технологиялық жылдам дамитын салалардың бірден бірi. Осыған байланысты әуе кемелерiн ұшуда пайдалану, техникалық сүйемелдеу және жер бетiнде қызмет көрсету үшiн мамандар даярлау маңызды фактор болып табылады.
Осы мақсаттар үшiн Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп азаматтық авиация үшiн біліктi кадрлар даярлау бағдарламасын әзiрлеу, онда таяу және алыс шетелдердiң таңдаулы жоғары оқу орындарында ұшу-инженерлік құрамды даярлау мүмкіндігін көздеу қажет.
Техникалық жарақтандыруға және оқытушылар құрамының күшейтуiне өте мұқтаж болып отырған Азаматтық авиация академиясының негiзiнде өз білім беру базасын құру шараларын бір уақытта көздеу қажет. Ғылымның дамуын және азаматтық авиация саласындағы қызметкерлердi даярлауды жеткiлiктi қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Республиканың авиакомпаниялары әуе паркiн батыста жасалған авиациялық техникамен жабдықтау үрдiсiн ескере отырып, Азаматтық авиация академиясының негiзiнде "Боинг" және "Эйрбас" әуе кемелерiн пайдалану жөніндегi инженерлiк-техникалық және ұшу құрамын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын әзiрлеу.
5.11. Тарифтiк саясатты реттеудiң жүйесiн әзiрлеу
Iшкi авиатасымалдардағы тарифтiк саясат экономикалық тиiмді есептерге негiзделуi, тұтынушы үшiн икемдi және қолайлы болуы тиiс.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiмен бірлесiп осы жүйенi әрi қарай реттеу және жетілдiру мақсатында әуежайлар мен аэронавигация қызметiн тарифтiк реттеу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу көзделіп отыр.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу үшiн жұмыстарды қаржыландыру 2003-2005 жылдар кезеңiнде республикалық бюджетте бекітілген қаражат шегiнде жүзеге асырылуы тиiс.
(млн. теңге)
| 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
Жасанды ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға Азаматтық авиация үшiн әуе кемелерінiң, жолдарының және әуеайлақтардың мемлекеттік тiзілiмiн жүргiзу жөніндегі құжаттарды дайындауға Авиабағыттарды субсидиялауға Астана қаласының халықаралық әуежайын қайта жаңартуға "Астана халықаралық әуежайы" РМК жарғылық капиталын ұлғайтуға "Эйр Қазақстан" ЖАҚ акциясын сатып алуға "ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға Азаматтық авиация комитетiнің штат санын көбейтугe Авиациялық оқиғаларды тексеру үшiн арнайы құралдар мен мүлiктi сатып алуға Азаматтық авиация комитетінiң кадрларын қайта даярлау "Эйр Астана" ЖАҚ акцияларын сатып алуға | 1 515,6 14,8 300 13 005 241,7 2 390,7 273,9 | 1 516 12,5 600 14 951 15,2 2,5 22 | 3 016 23,9 600 1 500 12,2 22 |
Жиыны: | 17 741,7 | 17 116,2 | 5 174,1 |
Қаржыландыру көздерi
(млн. теңге)
Атауы | Барлығы 2003-2005 жж. | Соның iшiнде: |
2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
Республикалық бюджет | 40 032 | 17 741,7 | 17 116,2 | 5 174,1 |
7. Бағдарламаның iске асырылуынан күтілетiн нәтижелер
2005 жылға қарай осы Бағдарламаның iске асырылуынан негiзгi күтілетiн нәтижелер мыналар болып табылады:
1. Ұшулар қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiктiң деңгейiн арттыру.
2. Әуе кемелерi паркi мен авиация инфрақұрылымын жаңғырту және жаңарту жолымен отандық авиакомпаниялардың бәсекелестiкке қабiлеттiгiн арттыру.
3. Транзиттiк әлеуеттi пайдалану үшiн халықаралық әуежайлар торабын құру.
4. Азаматтық авиацияның кадрлар ресурсын қалпына келтiру.
5. Авиатасымалдардың 2005 жылы 1,5 есеге өсуiн қамтамасыз ету.
8. 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау (іске асыру) үшін жауап- тылар | Орын- дау (іске асыру) мер- зімі | Болжам ды шы- ғыстар (млн- теңге) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| ККМ, облыс әкімдері ККМ ККМ, ЭМРМ ККМ, ЭБЖМ ККМ ККМ ККМ, ЭБЖМ ККМ, ЭМЖМ, ҚарМ ККМ, ЭБЖМ, Қарм ККМ, ЭБЖМ, ҚарМ ККМ, ЭБЖМ, ҚарМ ККМ, ЭБЖМ, ҚарМ ККМ, ЭБЖМ, ҚарМ ККМ ККМ ККМ ККМ, СІМ ККМ, СІМ ККМ, ҚарМ ККМ ККМ, "Қаз- Мұнай- Газ" ҰҚ" ЖАҚ ККМ, СІМ ККМ, СІМ ККМ, ТМРА ККМ, Ұлттық Банк ККМ | жыл сайын 2003- 2005 жж. 2003 ж. 2003- 2005 жж. 2003- 2005 жж. 2003- 2005 жж. 2005 ж. 2004- 2005 жж. 2004 ж. 2003- 2004 жж. 2003 ж. 2003 ж. 2003 ж. 2004- 2005 жж. 2004 ж. Жыл сайын Жыл сайын Жыл сайын 2004 ж. Жыл сайын 2004 ж. Жыл сайын Жыл сайын 2004 2005 2004- 2005 жж. Жыл сайын | - 51,2 - 1500 6047,4 - 1500 24,4 2,5 27956 2390,7 273,9 241,7 44 - - - - - - 3900 - - - - - | |