164-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимін тағайындау
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу - қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылаумен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.
165-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыру талаптары
1. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға:
1) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары туралы осы Кодекстің 168-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысы ұсынылған;
2) кеден органдары шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген;
3) кедендік бақылаудан тыс, тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол-жетімділігін қамтамасыз етуді, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етілген;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру мүмкін болмаған;
5) қайта өңдеу жөніндегі операцияны тікелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшін әкелген жағдайда жол беріледі.
2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік ете алатын тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне бұрын өзге кедендік режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырыла алады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды еркін айналыс үшін кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін белгілейді.
166-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру
Шетел тауарларын еркін айналыс үшін қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында осы Кодекстің 154-бабына сәйкес бір немесе бірнеше тәсілді пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру жүргізіледі.
167-бап. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып, шетел тауарлары жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда тауарларды дайындауды;
3) қайта өңдеу процесінде бұл тауарлар толық немесе ішінара тұтынылған жағдайларда, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.
Аталған операция осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілгендердің біреуімен бір мезгілде орындалуы тиіс.
2. Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;
2) төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;
4) пайдалы қазбаларды өндіру;
5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;
6) аңшылық;
7) саңырауқұлақтар мен өсімдіктер жинау;
8) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
9) шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.
168-бап. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды Еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысы
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы;
4) қайта өңдеудің сипаты;
5) бірдейлендіру тәсілдері;
6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
169-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Шығарылу нормасы деп абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
170-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу мерзімі
1. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін, бірақ кедендік режимге тауарларды орналастырған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ұзақтығын;
2) еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
4. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
5. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
6. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады, ал алынған қайта өңдеу өнімдері еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне орналастыруға жатады.
171-бап. Қайта өңдеу нәтижесінде алынған қалдықтар мен артық қалдықтар
Қайта өңделмеген шетелдік тауарлардың қалдықтары, сондай-ақ қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйінде қайта өңделген жағдайды қоспағанда, осындай қалпында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген шетел тауарлары ретінде кедендік бақылауға және кедендік ресімдеуге жатады.
172-бап. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін аяқтау
Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығару кезінде кедендік баждар және салықтар қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкаларды негізге ала отырып есептеледі. Қайта өңдеу өнімдерінің құны мен мөлшері оларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне өтініш берген күнге орай белгіленеді.
22-тарау. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
173-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режимін тағайындау
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу - экспорттық бақылау шараларын қоспағанда, қазақстандық тауарларды тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік баждардан және салықтардан толық немесе ішінара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және оларды кейіннен әкелу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендік режим.
Осы тарауда белгіленген жағдайларда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
174-бап. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыру талаптары
1. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы осы Кодекстің 177-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 179 және 180-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 181-бабына сәйкес кеден органдарының қайта өңдеу өнімдеріндегі қазақстандық тауарларды бірдейлендіргенде;
3) әкетілімдік кеден баждарын төлеу қамтамасыз етілгенде жол беріледі.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік етуге құқылы тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі мынандай жағдайларда:
1) белгіленген шектеулерді, талаптарды немесе шарттарды сақтау міндеттемесімен ұштасқан кедендік баждардан және (немесе) салықтардан босатыла отырып еркін айналысқа бұрын шығарылған тауарлар үшін тауарларды жөндеуге әкетуді қоспағанда, осындай шектеулер, талаптар мен шарттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін;
2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша қайта өңдеуге әкетілсе;
3) осы Кодекстің 179 және 180-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер қайта өңдеу өнімдері әкетілген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде құралғандығын белгілеу мүмкін болмаса, пайдаланылмайды.
175-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қазақстандық тауарлар қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкетілген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындауды (өңдеуді);
3) зақымданған немесе тозған тауарларды қайта өңдеу үшін қалпына келтіру немесе ауыстыру жүргізілетін қалпына келтіруді қоса алғанда, тауарды жөндеуді, кінәрат бойынша ақауды жоюды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға шектеулер белгілеуге құқылы.
176-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін, бірақ тауарларды кедендік режимге орналастырған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін декларант белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдерін нақты әкелу үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін бір айдан кешіктірмей, кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
4. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
5. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
6. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады.
177-бап. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысы
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеудің мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімінің шығарылу нормалары;
4) қайта өңдеу сипаты;
5) бірдейлендіру тәсілдері;
6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
178-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Әкетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормаларын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
179-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен ауыстыру
Егер олар өз сипаты, саны, құны, сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдерімен сәйкес келсе, тұлғаның дәлелді сұратуы бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен қайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
180-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимінде тауарларды жөндеу кезіндегі қайта өңдеу өнімдерін ауыстыру тәртібі
1. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға қайта өңдеу өнімдерін ауыстыратын тауарлар кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне сәйкес жөндеуге арналған тауарларға қатысты алғанда ұқсас немесе біртекті болып табылған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте тауарлардың ауыстыратын бөліктері жаңа да, бұрын қолданылған да болуы мүмкін.
2. Мұндай жөндеу алынған өнімге бастапқы өнімнен елеулі айырмашылығы бар сипат беретін болса, тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыру үшін шарттың (келісім-шарттың) тиісті ережелері мен тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның кепілдік міндеттемелері негіз болып табылады.
181-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларды бірдейлендіру
1. Әкетілген тауарларды қайта өңдеу фактісін анықтау мақсатында мынадай тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларға бірдейлендіру жүргізіледі:
1) өтініш берушінің, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге әкетілетін бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және (немесе) өзге де таңбаларды қоюы;
2) қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
3) қайта өңдеуге арналған тауарларды суретке түсіру, ауқымында бейнелеу;
4) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;
5) тауарлардағы (двигательдердегі, шанақ бөлшектеріндегі және басқаларындағы) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
2. Егер қайта өңдеу үшін өндірістің үздіксіз циклына жататын технологиялық процесс пайдаланылса, қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды бірдейлендіру талап етілмейді.
182-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимімен орналастыруға тыйым салынатын тауарлар
Қайта өңдеудің нәтижесінде қайта өңдеу өнімдері ретінде алынуы мүмкін:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2203-2206, 2208 болып жіктелетін алкогольдік ішімдіктерді;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2402 және 2403 болып жіктелетін темекі өнімдерін;
3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша 42-топта жіктелетін табиғи теріден жасалған бұйымдарды;
4) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 7113-7116 болып жіктелетін зергерлік бұйымдарды, алтын және күміс істері шеберлерінің бұйымдарын тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынатын тауарлардың қосымша тізбесін белгілеуге құқылы.
183-бап. Кедендік баждарды және салықтарды қолдану
Егер қайта өңдеудің мақсаты әкетілген тауарларды кепілді (өтеусіз) жөндеу болса, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босату қайта өңдеу өнімдеріне қатысты беріледі.
Кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату әкетілген тауардың өтеулі жөндеуі кезінде немесе қайта өңдеу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде беріледі.
Есеп-қисап кезінде кедендік баждардың және салықтардың адвалорлық ставкалары қолданылған жағдайда әкелінген қайта өңдеу өнімдері бойынша кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құны алынады.
Кедендік баждардың және салықтардың арнайы ставкаларын қолдану кезінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құнына барабар болатын өлшеу бірліктерінде көрінетін қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері есеп-қисап үшін негіздеме болып табылады.
Кедендік баждардың және салықтардың сомасы қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын кедендік баждардың және салықтардың ставкаларын негізге ала отырып айқындалады.
184-бап. Әкетілімдік кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің қолданылуын тоқтату
1. Осы Кодекс ережелері сақталған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қамтамасыз ету өз қолданылуын тоқтатады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдері қайтарылмаған кезде әкетілімдік кедендік баждар белгіленген тәртіппен алынады.
185-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кезіндегі кедендік бақылаудың ерекшеліктері
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін қолдануға кедендік бақылауды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды әкетудің кедендік ресімдеуін жүзеге асырған кеден органы жүргізеді.
2. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде кеден органына Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін қолдану туралы толық есептілікті кедендік жүк декларацияларының көшірмелерімен бірге табыс етуге міндетті. Есептіліктің нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
186-бап. Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды не қайта өңдеу өнімдерін қайтармау
Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды не қайта өңдеу өнімдерін белгіленген мерзімдерде қайтармау мынадай жағдайларда:
1) аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан тауарлар не қайта өңдеу өнімдері жойылғанда немесе қайтарымсыз жоғалғанда;
2) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозуға немесе табиғи кемуге байланысты жетіспегенде;
3) шет мемлекеттің мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққанда ғана мүмкін болады.
187-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін аяқтау
1. Қайта өңдеу өнімдері осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгіленген тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуге немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастырылуға тиіс. Кедендік ресімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін өзгертуге тауарларды немесе қайта өңдеу өнімдерін кеден органына нақты табыс етпестен жол беріледі.
23-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын
уақытша әкелу
188-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимін тағайындау
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу - шетелдік тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағында, тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлік құралдары кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін кездегі кедендік режим.
189-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру талаптары
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мен көлік құралдары:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету туралы міндеттеме берілген;
3) осы Кодекстің 191-бабына сәйкес кедендік баждар және салықтар төленген жағдайларда орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды (олар уақытша әкелінген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдарын және үлгілерді, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
3) өндіріс қалдықтарын;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
190-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол беріледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар, тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс. Тауарларды кері әкету кезінде кеден органы оларды бірдейлендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
191-бап. Тауарларды уақытша әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қолдану
1. Кедендік баждар және салықтар төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген лизинг нысаналары Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарының талаптары сақталған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босатылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тізбелерге енгізілмеген тауарларға қатысты кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату қолданылады. Тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде тауарлар еркін айналыс үшін шығарылғандағы төленуге тиіс соманың үш проценті төленеді.
4. Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасын есептеу кеден декларациясын тіркеу күніне орайлас келісім-шарт валютасымен жүргізіледі. Кедендік баждардың және салықтардың сомасын төлеу кезеңділігін декларант белгілейді. Бұл ретте кедендік баждар және салықтар сомасын төлеудің нақты мерзімдері бұл соманы төлеудің тиісті кезеңі басталғанға дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді.