Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Қорғаныс
өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 952; 26.11.04 ж. № 1237
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттi таратуды жүзеге асырсын, Министрлiкке берiлетiн ұйымдастыру техникасы мен автокөлiктi қоспағанда, оның мүлкін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне берудi қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен eкі рет қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн 43-тармағының өзгертулері (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж. № 35, 327-құжат);
3) "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрі сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiліктілiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегi № 763 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 233-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен басып күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттi берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
"Өкiлеттiк берiлген орган" деген 2-бағандағы "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Лицензияланатын қызметтiң түрлерi" деген 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қару-жарақ пен оның оқ-дәрiлерiн, әскери техниканы, қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы элементтер мен олардың приборларын, егер олар басқа салаларда пайдаланылмаса, сондай-ақ құрастыру, iске қосу, пайдалану, сақтау, жөндеу және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда арнайы материалдар мен оларды өндiруге арналған жабдықтарды, әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату
Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды (азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды қоспағанда) әзiрлеу, өндiру және сату
Босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекция жасау, экспонатқа қою";
"Өкілеттік берiлген орган" деген 2-бағанда:
peттiк нөмiрi 6-жолдағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 14-жолдағы "Энергетика" деген сөз алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 25-жолдағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 952 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерінің тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның ішінде жекешелендiрудің алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерінің тiзбесiнде:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетінің," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің," деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шiлдедегi № 763 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 233-құжат):
2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды дайындау, өндiру әрi сату жөніндегі қызмет түрiнiң лицензияры болып табылады".
5. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7."Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысына:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсін:
Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
Виталий Леонидович компаниясы ААҚ-ның президентi,
хатшы,
Меркель - Қазақстан Республикасының
Иоган Давидович Әдiлет бiрiншi вице-министрi.
көрсетiлген құрамнан Ринат Сұлтанұлы Жиенбаев, Боран Ғизатұлы Рақымбеков, Болат Бидахметұлы Жәмiшев шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенi мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Қорғаныс өнеркәсiбi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.