“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 952
қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 614 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 169 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 952 қаулысына мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгізiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға
Бөлегенов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi департаментiнiң
директоры, жауапты хатшы;
көрсетiлген құрамнан Ғұсман Кәрiмұлы Әмрин, Самат Исламұлы Ордабаев шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:
7-тармақтың 4) тармақшасындағы "және қажет болған кезде нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 211-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 43 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қарашадағы № 1117 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |