4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары Қазақстан Республикасының тиісті орталық мемлекеттік органдарының мұрағаттарында сақталады. Осы халықаралық шарттардың ресми куәландырылған көшірмелері оларға қол қойылған не ресми куәландырылған көшірмелері депозитарийден алынған күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.
26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының депозитарийі функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасында жүктелген болса, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз атынан жасалған көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарына жүктелген болса, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
3. Көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын орындайтын шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың басты атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар алмасуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ӨЗГЕРТУ,
ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ
27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу халықаралық шарттардың өздерiнде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар осы Заңның 3 және 5-баптарында көзделген тәртіппен енгізiледi.
3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар немесе Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерістер халықаралық шарттардың өздерінің күшiне ену талаптарына сәйкес және сол тәртiппен күшіне енедi.
5. Халықаралық шарттардың өзгерістерiн ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес және осы Заңның 14 және 15-баптарында көзделген тәртiппен қабылданады.
2021.13.03. № 18-VІІ ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келісімімен кез келген уақытта, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
2021.13.03. № 18-VІІ ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша өз құзыреті мәселелері бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.
5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын мұндай шарттардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды мұндай шарттарды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген ұсыныстар береді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.
2021.13.03. № 18-VІІ ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау
1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы шешімдерді:
1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау
1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ратификациялық грамоталар алмасу немесе ратификациялық грамоталарды депозитарийге сақтауға тапсыру көзделген болса, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдар негiзiнде ратификациялық грамоталарға қол қояды, бұл оның мөрiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің қойылған қолымен және мөрiмен бекітіледi.
2. Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзудi, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшiн жою туралы құжаттарды жолдауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері жүргізеді.
2014.30.01. № 168-V ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 144-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы мамырдың 30-ы.
№ 54-III ҚРЗ