макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және көлеңкелi экономиканың үлесiн азайту;
бюджет жүйесiнiң сыртқы экономикалық конъюнктураға тәуелділiгiн азайту;
орта мерзiмдi бюджеттік жоспарлау жүйесiн жетілдiру;
бюджеттердi жоспарлау және атқару сапасын арттыру;
бюджетті жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдiсін жетілдiру;
мемлекеттік шығыстардың тиiмділігін және нәтижелілігін арттыру;
бюджетаралық қатынастарды жетілдіру;
мемлекеттік меншiктi басқару жүйесiн жетілдiру;
ЖIӨ-ге қатысты мемлекеттік борышты қысқарту, оның құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік бюджет тапшылығын бiртiндеп қысқарту.
2005 жылдан бастап Бюджет кодексiнің нормаларын iске асыру қаражаттарды жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыруды; бюджет шығыстарының үлкен айқындылығына қол жеткізудi; бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мемлекеттік қаржылық бақылаудың рөлiн күшейтудi; инвестициялық жобаларды, оның iшiнде бюджет қаражатының есебiнен iске асырылатындарды дайындау, қарау, iрiктеу процесiн ретке келтiрудi; әрбiр басқару деңгейiнiң бюджет ресурстарын бөлудегi дербестен күшейтудi;
мемлекеттік сатып алу тетігiн одан әрi жетiлдiрудi көздейтін бюджет шығыстарын басқарудың сапалы жаңа деңгейiне көшудi қамтамасыз етедi.
Нормативтiк құқықтық актілердің нормаларын Бюджет кодексінің нормаларына келтiру және Бюджет кодексін iске асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi әзiрлеу жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде фискалдық саясат маңызды рөлге ие болады. Фискалдық саясат орта мерзiмдi перспективаға бағдарланған болуы, мемлекеттің орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi стратегиясына сәйкес басымдықтарды көрсетуi, барлық бюджет деңгейлерін қалыптастыру шарттарының болжамдылығын, бюджет процесінiң сабақтастығын және бюджеттік тәртіптi арттыруды қамтамасыз етуi тиiс.
Орта мерзiмдi бюджеттік жоспарлау жүйесін жетiлдiру мақсатында бюджет жүйесінің барлық деңгейлерiнде жыл сайын алдағы үш жылдық кезеңге арналған фискалдық саясатты әзiрлеу көзделуде.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат - елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының, жүргiзіліп жатқан ақша-кредит саясатының, инвестициялық және валюталық саясаттың негізгi бағыттарын ескере отырып жасалған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын айқындайтын құжат болып табылады.
Алдағы кезеңде денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту, білiм берудi дамыту, әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету, индустриялық-инновациялық даму, аграрлық секторды және инфрақұрылымды дамыту, жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру Астана қаласын дамыту бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары болып табылады.
Бюджет кодексiне сәйкес бюджетті жоспарлау және атқару кезiнде нақты нормалар - қажетті материалдық және материалдық емес игiлiктердi тұтынудың ең төменгі заттай көрсеткіштерi қолданылатын болады. Мемлекеттік органдардың топтары бойынша бiр жұмыскерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың орта есеппен алынған нормативтерiн қолданудан бас тарту және бюджет шығыстарын нақты нормалар негiзінде жоспарлауға көшу бюджеттi жоспарлау сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
Бюджеттi жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiн жетілдiру мақсатында мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгi мен нәтижелілiгiн бағалауға ерекше көңіл бөлiнуi тиiс.
Бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы шешім мемлекеттік бағдарламалардың iс-шаралар жоспарының орындалуына; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану тиiмділігін талдауға; елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына мемлекеттік бағдарламаны iске асырудың әсерiн бағалауға негiзделетiн болады.
Бюджетаралық қатынастар саясаты олардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбiр басқару деңгейінің дербестiгін күшейтуге бағытталатын болады.
Мемлекеттік басқарудың әрбiр деңгейінің өкілеттiктерін iске асыру мақсатында Бюджет кодексiнде олардың әрқайсына тұрақты кiрiс көздерi бекітіліп берiлдi.
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасына негiзделе отырып, Бюджет кодексiнде шығыстарды бюджет деңгейлерi арасында бөлу бекітілген.
Белгілі бiр мемлекеттік функцияларды орындау көзделген заң актілерiнде шығыстық өкілеттіктердi бөлудегi жүйелілiктi қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың құзыреті кейіннен оларға шығыстық өкілеттiктердi бекiте отырып, басқару деңгейлерi бойынша айқындалатын болады.
Мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейiн қаржы қаражатымен қамтамасыз ету ауылдық әкiм аппаратын аудандық бюджеттiң бюджеттік бағдарламаларының қазынашылық органдарында шоты бар әкiмшiсi ретiнде айқындау жолымен жүзеге асырылады.
Жоғары тұрған органдардың төменгi бюджеттерге қосымша жүктеме белгiлейтiн шешiмдердi қабылдауы оларды тиiсті қаржылық қамтамасыз ету жағдайында қабылдануы тиiс.
2005 жылдан бастап жалпы сипаттағы ресми трансферттердi үш жылдық кезеңге бекітуге көшу жүзеге асырылады.
Алдағы кезеңде мемлекеттік меншiкте басқару жүйесiн жетілдіруге бағытталған шаралар кешенi жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттiң белгілі бiр салалар мен нақты кәсiпорындарға қатысты мүдделерi мен мiндеттерiне негiзделе отырып, мемлекеттік меншiк құрылымын оңтайландыру көзделуде.
2005 жылдан бастап Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігі енгізіледi, оған сәйкес негiзiнен Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын қаражат ресми трансферттер сияқты тікелей республикалық және жергілiктi бюджеттерден аударылатын болады.
Мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемдерінiң табиғи ресурстарға әлемдiк бағалардың күрт әрi күтпеген өсуiне тәуелділiгін азайту мақсатында мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор арасындағы өзара қатынастар тетiгiн одан әрi жетілдіру ұйғарылып отыр.
Ұлттық қордың активтерiн тиiмдi басқаруға бағытталған саясат жүргiзілетiн болады.
Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiнiң дер кезiнде жүргiзiлуi мен олардың тиiмдiлігі жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Орта мерзiмдi кезеңде мемлекеттік қарыз алуды және борышты басқару саясаты мемлекеттік борышты қауiпсiз деңгейде сақтауға ықпал ететiн болады және оның құрылымын оңтайландыру мен бюджет тұрақтылығын арттыруға бағытталады.
5.2.3. Мемлекеттік борышты және мемлекет кепiлдiк
берген қарыз алуды басқару саласындағы саясат
Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты 2005-2007 жылдары мыналар екi негізгi бағытта iске асырылатын болады:
ЖIӨ-ге пайыздық қатынаста үкіметі борыштың мөлшерiн дәйекті қысқарту. Бұған ЖІӨ-ге пайыздық қатынастағы республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн бiртiндеп және тиiсiнше оны қаржыландыруды қысқарту нәтижесiнде қол жеткiзілетiн болады;
республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымында сыртқы қарыздардың есебiнен республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үлесiн қысқарту жолымен үкiметтік борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесiн бiртiндеп азайту.
Қазақстан Республикасының Үкіметi жүргiзетiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясат шеңберiнде мынадай мәселелердi (бағыттар бойынша) шешу ұйғарылады:
Бюджет тапшылығы мен борыш өлшемдерi:
жинақтау жөніндегі саясат шеңберiнде үкiметтік борыштың ұтымды мөлшерiн анықтау;
ЖІӨ-ге пайыздық қатынастағы үкiметтік борыштың мөлшерiне негiзделе отырып, республикалық бюджет тапшылығының өлшемдерін айқындау және орта мерзiмдi перспективада бюджет теңгерімділігіне қол жеткізу;
Iшкi қарыз алу:
жылдар мен қағаз түрлерi - бойынша бөлiсте мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының орта мерзiмдi кезеңге арналған болжамды схемасын жасау;
iшкi қарыздарды тарту мерзiмдерiне қарай қарыз алудың түрлi құралдарын пайдалану;
рыноктағы ахуалға қарай қарыз алудың жалпы көлеміндегі индекстелген және купондық мiндеттемелер арасында оңтайлы ара қатынасты белгілеу жолымен пайыздық тәуекелдердi азайту;
мiндеттемелердiң орындалмау тәуекелiн азайту және негізiнен орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығару жолымен қысқа және орта мерзiмдi перспективада үкiметтiң iшкi борышын өтеу жөніндегі төлемдердiң ең жоғары шегiн төмендету.
Сыртқы қарыз алу:
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бағдарламасына, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарына, тиiсті орта мерзiмдi кезеңге арналған донор - халықаралық қаржы ұйымдарының елдiк бағдарламаларына сәйкес, Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
экономиканың басым салаларында сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жаңа инвестициялық жобаларды дайындау, оның iшiнде:
ауыл, су және орман шаруашылықтарында;
жол саласында;
өндiрiстік инфрақұрылымды дамыту;
астананы одан әрi дамыту;
жаңа жобаларды iрiктеуге қойылатын талаптарды күшейту және Қазақстанның Даму Банкінің өтемдiк негiзде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктiк сараптамасын жүзеге асыруы;
республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлетiн жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсартатын қарыз қаражатын тиiмдi пайдалану;
?кіметтiң бiрлесіп қаржыландыру үлесiн бiр мезгiлде ұлғайта отырып, донорлардың сатып алу рәсiмдерi бойынша шектеулердi жұмсарту шартымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы қарыздарды тарту;
теңгенiң айырбас бағамы өзгерген жағдайда терiс салдарды азайту мақсатында қарыздардың валюталары жөнiндегі Үкiметтің сыртқы қарыздарының портфелiн әртараптандыру.
Борышты өтеу және оған қызмет көрсету:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетiлетін үкiметтік қарыздарды мерзімiнен бұрын өтеу жолымен үкiметтік борышты белсендi басқару;
жергілiктi атқарушы органдардың мерзімi өткен борыш міндеттемелерiн өтеу және реттелмеген борыш міндеттемелерi проблемаларын жедел шешу жөнiнде белсендi шаралар қабылдауы;
фискалдық тәуекелдердiң - АҚШ долларына қатысты теңге бағамының өзгеруiн, шетелдiк валюталардың кросс бағамдарының, пайыздық ставкалардың, әлемдiк бағалар конъюнктурасының болу салдарларын төмендету бойынша оларды болжамдау.
5.3. Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендiру
Жақын арадағы жылдары мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік меншiктi мақсатты және тиiмдi пайдалануға арналған бақылау жүйесін жетілдіру жолымен экономиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын реттеу мақсатында мемлекеттік мүлiкті басқарудың одан әрi тиiмділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік мүлiктi есепке алу жүйесін жетілдiруге бағытталатын болады.
Мемлекеттік меншiктi басқару саласында мыналар басым мiндеттер болып табылады:
мемлекеттік мүлiкте пайдаланудан алынатын салыққа жатпайтын түсiмдер есебiнен мемлекеттік бюджеттің кiрiстерiн арттыру;
мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту;
қызметін экономиканың стратегиялық салаларында жүзеге асырушы кәсіпорындарды мемлекеттік бақылауды күшейту, iрi жүйе құраушы компанияларды құру және әлемдiк рыноктарға шығару;
мемлекеттің белгілi бiр салалар мен нақты кәсіпорындарға қатысты мүдделерi мен мiндеттеріне негiзделе отырып, мемлекеттік меншiк құрылымын (құрамын) оңтайландыру.
2005-2007 жылдары мемлекеттік кәсiпорындардың, республикалық, сондай-ақ коммуналдық меншiк бойынша мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың (серiктестiктердiң) қаржылық көрсеткiштердiң бiрыңғай деректер базасын құру жөніндегі жұмыс жанданады. Мемлекеттік кәсiпорындардың, жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардың тiзілiмiн жүргізуге уәкілеттік берiлген, республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттік мүлкін есепке алу жөніндегі органдардың арасындағы нақты өзара байланысты айқындау мемлекеттік кәсіпорындардың, акциялар пакетi (қатысу үлесi) мемлекеттік меншiктегi акционерлік қоғамдардың (серiктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң жүйелi мониторингін, олардың қызметiнiң тиiмділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік меншiктегі барлық объектілерiн толық және дұрыс есепке алу мақсатында қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Экономикалық негізделген дивидендтік саясатты әзiрлеу мақсатында акцияларының бақылау пакетi мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын талдау және бақылау, инвестициялық бағдарламаларын жоспарлау және iске асыру жөнiнде жұмыс жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік меншiктi пайдаланудан түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдердiң (акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердің, мемлекеттік кәсiпорындардың таза кiрiсiнiң бiр бөлігін, жалға беруден алынатын кiрiстердiң) уақтылы, толық есептелуi мен аударылуын бақылау тетігі жетiлдiрілетiн болады.
Алдағы кезеңде мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, пайдаланылмайтын немесе өз мақсатында пайдаланылмайтын, сондай-ақ қожасы жоқ мүлiкте анықтау мақсатында мемлекеттік меншiк объектілерін түгендеу жалғасады. Мемлекет мүддесіне байланысты мұндай пайдаланылмайтын, сондай-ақ қожасы жоқ объектiлер жекешелендiрiлетiн болады немесе жалға, сенімгерлiк басқаруға, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне меншiкке өтемсiз беру құқығымен берілетін болады.
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингi туралы" Заңды iске асыру тетігін пысықтау тұр.
Заң нормалары меншiк нысанына қарамастан, экономиканың стратегиялық салаларындағы аса iрi кәсіпорындарды кешендi зерттеудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Өндiрiстiң серпінi мен құрылымы, кәсiпорынның қаржылық және экономикалық жай-күйi, негiзгi құралдардың жай-күйi, өндiрiске озық технологияларды енгізу, инвестициялық қызмет, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану, мемлекеттік органдармен жасалған шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалуы, сондай-ақ кәсiпорынның жұмыс iстеуi мен мәртебесіне жататын өзге де құқықтық мәселелер зерттелуi тиiс, бұл сайып келгенде, мониторинг объектілерi қызметінің саланың, өңiрдің, тұтастай республиканың дамуына әсерін болжауға, мониторинг объектілерi қызметінің тиiмділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге және мемлекет пен жеке меншiк иелерi мүдделерiнiң теңгерiміне қол жеткізуге мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттік активтердi басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарына сәйкес мемлекет активтерi мен мiндеттемелерiнің теңгерiмiн жасау әдiстемесi әзiрленетін болады.
Бюджет кодексiне сәйкес республика меншігіндегi және тау-кен өндiрушi және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттік мүлiкті жекешелендiруден түскен түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын толықтыруды қамтамасыз ететін болады.
Жекешелендiру мемлекеттік мүлiкті басқару жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік саясаттың құрылымдық бөлшегі ретінде мемлекеттің белгілi бiр салалар мен нақты кәсіпорындарға қатысты мүдделерiне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Құрылымдық-институционалдық реформаларды тереңдету
6.1. Қазақстан Республикасындағы көлеңкелi
экономиканы азайту жөніндегі негізгi бағыттар
Қазақстан Республикасындағы қадағаланбайтын экономиканың ауқымын қысқартуға ықпал ететін жағдайлар жасау.
Қадағаланбайтын экономика көлемiн анықтау және қысқарту жөніндегі негiзгi экономикалық және әкімшілiк шаралар мыналар:
кедейшілiк пен жұмыссыздық деңгейiн азайту, орта тапты қалыптастыру; заңнамаларды жетiлдiру (реттеудің принциптерi мен әдiстерiн жақсарту, есепке алу, бақылау, қадағалау және т.б.);
транспаренттік әкiмшілiк жүйе құру ("Электрондық Үкімет" бiрыңғай ақпараттық жүйесін енгізу);
экономиканы ырықтандыру;
экономикалық қызметтің ретке келтiрiлуiн азайту (тіркеу және лицензиялау тәртібін оңайлату, кедергілердi алып тастау және т.б.);
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтiң ашықтығын арттыру;
статистикалық есепке алу жүйесiн кеңейту;
мемлекеттік қызметшiлердiң әлеуметтік қамтамасыз етiлуi мен қорғалуын арттыру;
заңсыз қызметке, соның ішiнде заңсыз және күдiктi мәмiлелерге, құйтырқыларға, операцияларға қарсы әрекет ету жөніндегі халықаралық конвенцияларды, келісімдердi, шарттарды бiрiктіру және бекіту;
салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру.
Елдегі көлеңкелi экономика көлемiн азайту жөніндегі iс-шаралар кешенiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар кешенiне қосу көзделуде.
Көлеңкелi экономика көлемiн азайту жөніндегі жұмыс мерзiмдерi жағынан шектелмеуi тиiс және тұрақты сипатта болуы тиiс.
Өз қызметiн елдiң қадағаланбайтын экономикасы секторында жүзеге асырушы кәсіпкерлікті заңдастыруды ынталандыру жөнiндегі экономикалық және әкiмшілiк шаралар жүйесін әзiрленетiн орта мерзiмдi жоспарда, басқа жоспарлы және бағдарламалық құжаттарда ескеру қажет.
7. Бәсекелестіктi қорғау және дамыту, табиғи
монополия субъектiлерінiң қызметiн реттеу
7.1. Бәсекелестiктi қорғау және дамыту
Ашық бәсекелестік қатынастары, рынок субъектілерінiң өз қызметтерiн сұраныс пен ұсыныстың қалыптасып отырған теңгерiмiнiң ықпалымен жүзеге асуы рыноктық экономиканың жұмыс iстеуінің негiзi. Осыған байланысты елдегi бәсекелестiк саясаттың негізгі мақсаттары кәсiпкерлiк бостандығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау және тауар рыноктарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшiн алдағы кезеңде монополияға қарсы заңдардың ықтимал бұзылуы тұрғысынан неғұрлым көп қауiп тудыратын рынок субъектілерi мониторингi жүйесi енгiзіледi.
Қазiргі уақытта бәсекелестіктi қорғау мәселелерiн реттейтін құқық нормаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. "Бәсекелестiк және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңның жаңа редакциясы негiзiнде бәсекелестікті қорғау саласында нормативтiк құқықтық және әдiснамалық базаны жетiлдiру мақсатында:
Халықаралық бәсекелестiк желісі (бәсекелестіктi қорғау жөніндегі органдарды бiрiктiретін халықаралық ұйым) қабылдаған ұсынымдарға сай келетін заң актілерін әзiрлеу және қабылдау;
монополиялық қызметтің (бәсекеге қарсы келiсімдер мен iс-әрекеттер, үстем жағдайды асыра пайдалану) алдын алуды көздейтiн есептіліктiң жаңа нысандарын әзiрлеу;
республиканың тауар рыноктарындағы бәсеке жағдайын талдауды, бағалауды және экономикалық шоғырланған тауар рыногында бiр немесе бiрнеше рынок субъектiлерiнiң үстем (монополиялық) жағдайын белгiлеудi жүргiзу жөнiнде тиiстi әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу жүзеге асырылады.
Бәсекенi адвокаттандыру (бәсекелi рыноктарда бәсекелi қатынастарды дамыту) жөнiнде ұсыныстар (ұсынымдар) тұжырымдалады.
Бұдан басқа, рыноктардың әлеуметтік маңыздылығына қарай, не қайта реттеу мүмкiндігі жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында талдау жүргiзу қажет экономика үшiн мультипликативтік тиiмділігiне негiзделе отырып, мемлекет тарапынан араласуды азайту мақсатында тиiсті тауар рыноктарында бәсекелiк қатынастарды дамытуға мүмкiндiк беретiн рыноктар айқындалады.
Сонымен қатар, рынок субъектілерiнiң үстем жағдайды асыра пайдалануының, рынок субъектiлерiнiң монополиялық бағаларды белгiлеу жөніндегі сыбайласуының жолын кесу, басқа субъектілердi рыноктан шеттету және олардың рынокқа кiруiн шектеу, рынок субъектiлерiнiң шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдардың негізсiз араласуының жолын кесу мәселелерi бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.
Кәсiпкерлiк бостандығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту, бәсеке мәдениетін арттыру басым мәнге ие болады.
7.2. Табиғи монополия субъектiлерінiң қызметiн реттеу
Табиғи монополиялардың қызметiн реттеуді жетiлдiрудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн iске асыру шеңберiнде орта мерзiмдi кезеңде тариф саясатының негiзгi мiндеттерi болып:
экономиканың тиiсті секторларын қайта құрылымдау бағдарламаларының шеңберiнде табиғи монополияға жататын қызмет түрлерiн нақтылау;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау әдiстерiн, соның iшiнде:
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларды орындауын талдау;
тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) инвестициялық және шекті деңгейiн бекіту әдiстемесiн әзiрлеу;
табиғи монополиялар субъектiлерінiң қызметін техникалық және қаржылық сараптауды жүргiзу талаптары мен ережелерiн белгiлеу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерiнiң, шығындарының және тартылған активтерiнiң бөлек есебiн енгізу жөніндегі есептi мәлiметтерiн талдау;
табиғи монополиялар субъектiлерi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды бақылауды күшейту;
табиғи монополиялар субъектілерінiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге қосылатын амортизациялық шегерiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылау;
инвестициялық бағдарламаларды бағалау әдiстерiн енгізу;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқығын, соның iшiнде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бiрлестiктердi (үкiметтiк емес ұйымдарды) тарта отырып, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтерi (бағалары, алым ставкалары) жобаларын қарау кезiнде міндетті түрде бұқаралық тыңдаулар жүргізу арқылы кеңейту жолымен жетiлдiру;
табиғи монополияның барлық салаларында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша кiрiстерінің, шығындарының және тартылған активтерінің бөлек есебi ережесін әзiрлеу және енгізу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерiн (бағаларын, алым ставкаларын) есептеудің тұжырымдамалық ұстанымдары мен неғұрлым оңтайлы (қолайлы) әдiснамасын айқындау;
ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сапасының көрсеткiштерiне қарай тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) айқындау тәртібін әзiрлеу және белгiлеу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң реттелетін қызметтерге (тауарларға жұмыстарға) тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) есептеу аспаптарын сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын қосу тәртібін айқындау;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жетiмділігі тәртібін бекіту табылады.
2003 жылы тартылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсi енгiзiле басталды. Бұдан басқа, табиғи монополиялардың электр және жылу энергетикасы саласында қызметтер көрсететiн бiрнеше субъектiсi орта мерзiмдi тарифтер бойынша жұмысқа ауысты. Осыған байланысты аталған субъектілердiң қызметіне талдау жүргiзiледi, сондай-ақ табиғи монополиялардың барлық салаларында тариф құрудың орта және ұзақ мерзiмдi әдiстемесiне iс жүзiнде көшу аяқталады.
8. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет
8.1. Сыртқы сауда саясаты
Сыртқы сауда саясаты орта мерзiмдi кезеңде сыртқы сауда режимiн ырықтандыруды қамтамасыз етуге, өзара саудадағы кедергiлердi жоюға, қазақстандық экспорттаушылардың шетелдiк рыноктарға кiруi үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталатын болады.
2005-2007 жылдар кезеңiне арналған алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн сыртқы экономикалық саясаттың басым бағыттары:
өңiрлiк экономикалық бiрлестiктердің (ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ЭЫҰ, және ОАЫ) шеңберiнде экономикалық бастамаларды жылжыту;
экспортты саралау және қосылған құны жоғары өнiмнiң үлесін экспорттың жалпы көлемiнде ұлғайту;
кредит беру тетiктерiн қалыптастыру және қосылған құны жоғары өнiм экспортын сақтандыру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сауда өкiлдiктерінің, сауда-өнеркәсіптiк палаталарының белсендi өзара iс-қимылы нәтижесiнде сауда дауларын болдырмаудың және реттеудің тетiктерi мен жүйесiн жетiлдiру;
талдау жүргiзу және қорытынды дайындау жолымен отандық өндiрушілердi тауарлар импортынан қорғауға бағытталған қажеттi жұмысты жүргізу;
уәкілетті органдармен және мүдделi кәсіпорындармен консультациялар жүргiзу жолымен қазақстандық тауарларға қатысты шетелдiк мемлекеттер бастамашы болған демпингке қарсы талқылауларды реттеу жөніндегі iс-шараларды жүргiзу;
Қазақстанның ДСҰ-ға кiру процесiн аяқтау және Қазақстанның сыртқы саудадағы мүддесiн кемсiтудiң алдын алу үшiн аталған ұйымның тетiктерiн белсендi қолдану болып табылады.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi перспективасында сыртқы сауда қызметi ауқымындағы өндiрiсті дамыту мәселелерін қарай келiп, экспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын секторларды қорғаудың мынадай негiзгi бағыттарын ұсынамыз: