“Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын енгізу туралы келісімдi бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2004 жылғы 16 сәуiрде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын енгізу туралы келісім мынадай ескертумен бекітілсiн:
"Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, iрi көлемдi және ауыр салмақты автомобиль тасымалдарына рұқсат берiлмейдi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |