Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1348 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 499; 21.09.99 ж.
№ 1433 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы туралы" 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы" 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 51-құжат):
2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республикалық "Жеті жарғы" заң әдебиеті баспасының заң газетінің қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы және республикалық ғылыми-көпшілік журнал шығару туралы" 1995 жылғы 21 қыркүйектегі № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 31, 383-құжат):
1-тармақтағы "республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер "жабық акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 29, 256-құжат):
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Жеті жарғы" республикалық заң әдебиеті баспасы" деген сөздер алынып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 1999.09.21. № 1433 қаулысымен 4-тармағының күші жойылды
4.
ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж. № 499 қаулысымен 5-тармағының күші жойылды
5.