Республикалық "Жетi жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң
газетiнiң қызметiн жетiлдiру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк
журналын шығару туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 21 қыркүйектегі № 1276 Қаулысы (ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. № 1348;
2005.22.04. № 378 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығына сәйкес, "Республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысын жетiлдiре түсу үшiн, сондай-ақ құқықтық білімдi кеңiнен түсiндiру және оны халықтың қалың тобына жедел жеткiзiп отыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 1998.12.29. № 1348 қаулысымен 1-тармақ өзгертілдi
1. ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 378 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 378 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қазақ және орыс тiлдерiнде республикалық " Фемида" ғылыми-көпшiлiк журналын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрдiң
бiрiншi орынбасары