Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық
саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.07.04 ж. № 764 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестіру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 14.07.04 ж. № 764 қаулысымен құрам өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары, төраға;
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әділбек Рыскелдіұлы және сауда министрі, төрағаның
орынбасары;
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі, төрағаның орынбасары;
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрі, хатшы.
Кеңес мүшелері:
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдірахметұлы және ғылым министрі;
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы министрі;
Орынбаев - "Маркетингтік және талдамалық
Ербол Тұрмаханұлы зерттеулер орталығы" акционерлік
қоғамы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша);
Құсайынов - "Маркетингтiк және талдамалық
Нұрлан Жетпiсұлы зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Әмрин - "Инжиниринг және технологиялар
Ғұсман Кәрімұлы трансферті орталығы" акционерлік
қоғамының президенті
(келісім бойынша);
Қыпшақбаев - "Инжиниринг және технологиялар
Әбдел Исаұлы трансфертi орталығы" акционерлік
қоғамының президентi (келісім бойынша)
Смайылов - "Экспорттық кредиттер мен
Әлихан Асханұлы инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтандыру
корпорациясы" ашық акционерлік
қоғамы басқармасының төрағасы;
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрi;
Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Евгений Евгеньевич қоғамы басқармасының төрағасы (келісім
бойынша)
Манақбай - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Толымбек Манақбайұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша);
Кәкiмжанов - "Қазақстанның инвестициялық қоры"
Зейнолла Халидоллаұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы;
Шалғымбаев - "Қазақстанның Даму Банкi"
Қамбар Басарғабызұлы акционерлік қоғамының президентi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы
Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі
үйлестiру кеңесi туралы ереже
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестiру кеңесi мемлекеттік органдар мен мемлекеттік даму институттарының индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мәселелерi бойынша келісілген көзқарастарды, шешiмдердi және ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында құрылды.
2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерi
4. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын (бұдан әрi - Стратегия) тиiмдi iске асыруға бағытталған экономика, ғылым, білім беру, өнеркәсiп, өндiрiстiк инфрақұрылым салаларында келісілген мемлекеттік саясатты қабылдау және iске асыру;
2) инвестициялық саясат мәселелеріндегі мемлекеттік даму институттарының келісілген iс-қимылдары;
3) Стратегияны iске асыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен мемлекеттік даму институттарының келісілген iс-қимылдары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
3. Үйлестiру кеңесiнiң функциялары
5. Үйлестiру кеңесi қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Стратегияны iске асыруға тiкелей немесе жанама әсер ететiн салаларда мемлекеттік саясатты iске асыруға тұжырымдамалық көзқарастар әзiрлейдi;
2) дамуы елдiң индустриялық-инновациялық тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсiптiң басым салалары мен секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
3) елдiң индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшiн iске асыруға қажетті iс-шаралар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
4) мемлекеттік даму институттарының келісілген инвестициялық саясатын қамтамасыз ету, олардың арасында тиімдi ақпарат алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бiрлесiп iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
5) Стратегияны өңiрлiк деңгейде iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.
4. Үйлестiру кеңесiнiң құқықтары
6. Үйлестiру кеңесiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
1) Стратегияны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзуге;
2) өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға құқығы бар.
5. Жұмысты ұйымдастыру
7. Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
8. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды.
9. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы жоқ болғанда отырыс Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы орынбасарларының бiрiнiң төрағалық етуiмен өткiзiледi.
10. Үйлестiру кеңесiнiң кезектi отырысының күн тәртібін оның төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып жасайды.
11. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
12. Отырыс Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды болып есептеледi.
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады.
14. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi төраға немесе отырыста төрағалық еткен оның орынбасарларының бiрi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.