Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 14 шілдедегі № 764 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1689 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялықинновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Құсайынов - "Маркетингтiк және талдамалық
Нұрлан Жетпiсұлы зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қыпшақбаев - "Инжиниринг және технологиялар
Әбдел Исаұлы трансфертi орталығы" акционерлік
қоғамының президентi (келісім бойынша)
Доминов - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Евгений Евгеньевич қоғамы басқармасының төрағасы (келісім
бойынша)
Манақбай - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Толымбек Манақбайұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша);
мынадай:
"Дунаев - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Арман Ғалиасқарұлы қоғамы басқармасының төрағасы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрi";
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Әмрин Ғұсман Кәрімұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |