20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары
Қылмыстық-атқару қызметi саласында әдiлет органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiн, қаулылары мен ұйғарымдарын орындау, қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде жазаны өтеудiң заңнамада белгiленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
2) сезiктiлер мен айыпталушыларды қарап-ұстау;
3) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiне орналастыруды ұйымдастыру;
4) сотталғандарға түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдану арқылы жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5) сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiн күзету, олардағы шұғыл жағдайды бақылау, қызметкерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетпен алып жүру;
7) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін атқару, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының сотталғандардың түзелу нәтижелерiн нығайту, оларды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жайластыру жөнiнде басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестiктермен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
8) жедел-iздестiру қызметiн және анықтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
9) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсiби оқуын ұйымдастыру;
10) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
11) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту, нығайту мен жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
13) қоғамдық және дiни бірлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тарту;
14) қызметкерлердiң кәсiби даярлығын, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету;
15) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық-атқару қызметi саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
21-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) санаткерлiк меншiк объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi қамтамасыз ету;
3) санаткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелерi жөніндегі халықаралық ынтымақтастық;
4) туындыларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауына және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттардың орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;
5) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың қызметiн бақылау;
6) ресми тiзiлiмдерде авторлық құқықты тiркеу;
Авторлық құқық және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты қараңыз
7) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқарушы ұйымдардың және туындылар мен сабақтас құқық объектілерін пайдаланудың тиiстi әдiстерiн пайдаланушылардың арасында жасалған лицензиялық шарттарды тiркеу, мемлекеттік тiркеу куәлiктерiн беру;
8) туындыларды пайдалану құқықтарының импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
9) өнеркәсiптiк меншiк объектілеріне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердiң тiркелуiн қамтамасыз ету;
10) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектілерінiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
11) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметiн бақылау;
12) өнеркәсiптiк меншiк объектілерін, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттардың, ашық лицензиялардың және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарының тiркелуiн қамтамасыз ету;
13) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
22-бап. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
2) өздерiне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізу;
5) стратегиялар мен бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз eту;
6) қылмыстық жазаны атқару органдары мен мекемелерiнде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету;
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;
8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру.
2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмияттарда мемлекеттік тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының заң актілерiмен берiлген өзге де өкілеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 24-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi:
1) сотталғанның жеке басының өзіндiк-психологиялық ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзуге және түзеу ықпалын, соның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстер қолданып жасауға;
2) сотталғандарды түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында немесе басқа да ұйымдарда, еңбекке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке ақы төленбейтiн жұмыстарға тартуға;
3) режимдiк талаптар белгiленген мекемелер аумағында және оған iргелес аумақтарда тұратын адамдарға, олардың заттарына, көлiк құралдарына тексеру жүргiзуге, азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
4) көлiк қозғалысын уақытша шектеуге немесе тоқтатуға, ерекше жағдайлар режимiн енгізу кезiнде азаматтарды мекеме аумағына, сондай-ақ оған iргелес аумаққа жiбермеуге немесе онда қалуға не ол жерден кетуге мiндеттеуге;
5) қылмыстық-атқару инспекциясының есебiнде тұрған адамдардың жұмыс орны мен оқу орны бойынша оларға байқау мен бақылау жасау мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, кез келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың өндiрiстiк және өзге де үй-жайларына кiруге;
6) есепте тұрған адамдарды қылмыстық-атқару инспекциясына алып келудi жүзеге асыруға;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiн жария ету және бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашып шыққан адамдарды iздестiру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
8) қылмыстық-атқару қызметiне байланысты мәселелердi шешу үшiн соттарға, прокуратураға және өзге де органдар мен ұйымдарға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi өз құзыретi шегiнде:
1) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдар мен олардың аумағында, сондай-ақ оған iргелес аумақта тұратын азаматтардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
2) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңдарында және сот үкімінде оларға жүктелген мiндеттердi орындауын талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды тiркеудi, сондай-ақ оларды дактилоскопиялауды, суретке түсiрудi, олардың бейне түсiрiлiмiн, дыбыс жазбасын жүзеге асыруға;
4) жүргiзiлетiн тәрбиелеу iс-шараларына сотталғандарды мiндеттi түрде қатыстыруға;
5) алкогольдi ішімдiктердi, уытты, есiрткi және өзге де психотроптық құралдарды пайдалану фактілерін анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландыру жүргiзуге;
6) әкiмшiлiк немесе қылмыстық заңнаманың күшi қолданылуға жататын iс-әрекет жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына апаруға, олардың жеке басына тексеру жүргiзуге;
7) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары мен мекемелерiнде төтенше оқиға жағдайларына қызметтік тексерiс жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықтауды жүзеге асыруға мiндеттi.
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары
және олардың құқықтық жағдайы
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттік қызметшiлерi болып табылатын қызметкерлерi, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) осы Заңға сәйкес өзге құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерi, сондай-ақ еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналы
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң персоналын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) белгіленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
3) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен және органдарымен еңбек қатынастарында тұратын қылмыстық атқару жүйесiнiң қызметкерлерi құрайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылдау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, білім деңгейi бойынша өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға орта білімi бар, денсаулық жағдайы бойынша қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдеріндегі оқу уақыты әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесiнiң білім беру ұйымдарына оқуға түскен адамдармен шарт жасалады, онда білім беру ұйымын бiтiргеннен кейiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) қызметті одан әрi өткеру шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына - отыз екi жастан аспаған, орта және ата басшы құрамдағы лауазымдарына қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Жекелеген жағдайларда осы жас шегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің шешiмiмен өзгерiлуi мүмкiн.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi білім беру ұйымдарының тыңдаушыларын қоса алғанда, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындалған немесе кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы есебiнде тұрады.
5. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына {мекемелерiне) қызметке алғаш қабылданған адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан және тағлымдамадан өтедi, олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Сынақ мерзiмiнен және тағылымдамадан өту тәртібі мен шарттарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарына (мекемелерiне) қызметке денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз, бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздемелер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-3 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-3-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелеріндегі) қызметтiң шектi жасы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әскери қызметте болу жасының шегiне дейiн қызметте бола алады. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
2. Қызметтi ұзарту қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерiн осы Заңда және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 25-4 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
25-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарындағы (мекемелеріндегі) қызметтен босату
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi мына негіздемелер бойынша:
1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) немесе әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
2) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
3) штаттың қысқаруына немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымға пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
4) өз тiлегi бойынша;
5) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыз болған жағдайда;
6) аттестаттау қорытындылары бойынша қызметке сай келмейтiндiгi анықталуына байланысты;
7) қызмет тәртібін ұдайы бұзғаны үшiн;
8) беделiн түсiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
9) соттың айыптау үкімі заңды күшiне енгенде немесе ақталуға болмайтын негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған кезде;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайда қызметтен босатылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мемлекеттік билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптары лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң заңды талаптарын орындамау, оны балағаттау, қарсылық көрсету, күшпен қорқыту немесе оның қызметтік борышын орындауына байланысты қызметкердiң немесе жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне өзге де қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн қызметке қабылдау, қызмет өткеруi мен қызметтен босату тәртібі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен реттеледi.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызметтік куәлiк пен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
6. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi жемiстi еңбек қызметi мен ерлiгi үшiн сiңiрген еңбегiн тану белгiсi ретiнде мемлекеттік наградаларға ұсынылуы мүмкiн.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қол жеткен жетiстiктерi үшiн ведомстволық наградалармен марапатталуы мүмкiн. Қылмыстық-атқару жүйесiнің ведомстволық наградаларының сипаттамасы және оларды беру тәртібі нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 26-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
26-1-бап. Адамның қылмыстық-атқару жүйесi органдарында (мекемелерiнде) қызметте болуына байланысты шектеулер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кiрумен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен сыйыспайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерінің) қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткізуге қатысуға тыйым салынады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қандай да болсын саяси партияда болуға және оны жақтауға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қызметтік парызын орындау барысында өзiне белгілi болған жеке өмiрi, отбасы және жеке құпиялар немесе заңмен қорғалатын коммерциялық, банктiк немесе өзге де құпиялар туралы мәлiметтердi пайдалануға, таратуға құқылы емес.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің арнаулы атақтары
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, біліктiлiгiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгiленген тәртiппен мынадай арнаулы атақтар берiледi:
1) қатардағы құрам:
қатардағы әдiлет қызметкерi;
2) кiшi басшылық құрам:
әдiлет кiшi сержанты,
әдiлет сержанты,
әдiлет аға сержанты,
әдiлет старшинасы,
әдiлет прапорщигi,
әдiлет аға прапорщигi;
3) орта басшылық құрам:
әдiлет кiшi лейтенанты,
әдiлет лейтенанты,
әдiлет аға лейтенанты,
әдiлет капитаны;
4) аға басшылық құрам:
әдiлет майоры,
әдiлет подполковнигi,
әдiлет полковнигi;
5) жоғары басшылық құрам:
әдiлет генерал-майоры.
Қылмыстық атқару жүйесi қызметкерлерiне арнаулы атақтар беру тәртібі заңдармен белгiленедi.
2. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3. 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-бап өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
28-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен, ал осы Заңмен және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен реттелмеген бөлiгiнде еңбек туралы заң актілерімен реттеледi.
Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерінің жүктеме нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-1 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
28-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.