2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнаулы атағы үшiн төленетiн қосымша ақыдан тұрады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi нысанды киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, олардың үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 28-2 баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
28-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары деп төтенше немесе әскери жағдай режимi енгiзiлген, сезiктiнің, айыпталушының және сотталғанның қашуы, адамдарды кепiлдiкте ұстауы, жаппай тәртiпсiздiк, топтасып бағынбау не осылардың туындау қауіп кезiнде мекеме қызметкерлерiнiң оларды жою үшiн қажеттi мерзiмдегi жұмысы түсініледi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары (мекемелерi) қызметкерлерінің қызмет атқарудың ерекше жағдайларындағы жұмысы үш айдан аспауы керек және демалыс күндерiмен өтеледi. Қызметкерлердi қызметтiң ерекше жағдайларында қызмет атқару жұмысына тартудың тәртібі мен шектi ұзақтығы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
29-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бірыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы демалыс берiледi.
3. Әдiлет органдарының "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
29-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң демалыстары
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне демалысын өткізу орнына бару және қайту жолына кететiн уақыты есептелмей, ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне ақы төленетiн қосымша демалыс еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен):
1) он жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы бес тәулiк;
2) он бес жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он тәулiк;
3) жиырма жылдан астам еңбек сiңiргендерге, - ұзақтығы он бес тәулiк, бірақ қырық бес тәулiктен аспайтын мерзiмге берiледi.
3. Биiк таулы мекендерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң), тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
29-2-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қаза тапқан (қайтыс болған), мертiккен немесе ауырған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде мертiккен жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір жолғы өтем, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтем төлеу жүргiзiледi.
2. Бір жолғы өтем төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi бір жыл iшiнде қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қайтыс болған адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бір жолғы өтемақы төленедi.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезіндегі жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, ауыруы салдарынан болған мүгедектiк белгіленген кезде, оларға:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бір жолғы өтемақы төленедi.
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бір жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, орташа мертiккен жағдайда - бір айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiккен немесе ауырған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бір жолғы өтемақы төленедi.
6. Егер қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi), ауыруы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бір жолғы өтемақы төленбейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-3-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
29-3-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бір жолғы өтемақы төленедi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-4-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
29-4-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнің тұрғын үйге құқықтары
1. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бірiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында (мекемелерiнде) күнтiзбелiк он жылдан астам қызметте болған қызметкерлер қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген өздерi тұратын тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жекешелендiрiп ала алады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесiнiң қайтыс болған қызметкерiнің отбасы басқа тұрғын үй ұсынылмайынша, қызметтiк тұрғын үйiнен немесе қызметтік тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үйден шығарылуға тиiс емес.
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттік кәсiпорындарының тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте белгiленетiн мөлшерде ақшалай өтем алуға құқығы бар.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 29-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
29-5-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
1. Шалғай жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде шоғырланған қылмыстық-атқару жүйесiнің органдарында (мекемелерiнде) қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
2. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туберкулез мекемелерiнде және басқа да мамандандырылған учаскелерi мен мекемелерiнде қызмет атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерiне медицина қызметкерлерiнiң осы санаттары үшiн заңнамада белгiленген жеңiлдiктер қолданылады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бірге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) зейнеткерлерi iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.
30-бап. Мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Осы Заңда көзделген жағдайлар мен тәртiпте жүктелген мiндеттердi орындау үшiн әдiлет органдары лауазымды адамдарының жекелеген санаттарының мәжбүрлеу шараларын, оның iшiнде арнаулы құралдарды, күш және атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары (мекемелерi) қызметкерлерiнiң арнаулы құралдарды, атыс қаруын және оқ-дәрiлердi алып жүруге және сақтауға құқығы бар.
31-бап. Арнаулы құралдар мен күш қолдану
1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күш және арнаулы құралдарды, оның iшiнде күрестің жауынгерлік тәсілдерiн, қолкісендерді, резина таяқтарды, көзден жас ағызатын заттарды, алдандырғыш әсерi бар жарық-дыбыстық құрылғыларды, үй-жайларды ашуға, көлiктi ерiксiз тоқтатуға арналған құрылғыларды, су атқылағыштарды, қызметтiк жануарларды, брондалған машиналар мен тiзбесiн Үкiмет анықтайтын басқа да арнаулы және көлiк құралдарын:
1) қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi мен қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктiң, түзеу мекемелерiнде жаза өтеудiң белгiленген тәртібін топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiне, ұйымдары мен органдарына тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшiн;
4) егер сотталғандар қашып кетуi мүмкiн деп санауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды айдап апару және күзету;
5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, елiре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртiпсiздiкке, кепiлге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секiлдi iс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;
6) түзеу мекемелерiнен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттердiң жолын кесу;
7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзiне-өзi залал келтiруiн болдырмау;
8) қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiнiң заңмен жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергі келтiретiн адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерiнің жолын кесу үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнаулы құралдар мен тәсiлдердi әйелдерге, мүгедектiктiң белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қолдануға тыйым салынады.
32-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметтерiнiң қызметкерлерi атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, нақ сондай кепiлге алынған адамдарды босату;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қылмыстық-атқару жүйесiнде жұмыс iстейтiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) қызметтiк жасаққа, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң үй-жайларына, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерi күзететiн объектiлерге шабуылды тойтару;
4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезiнде қолға түсiп қалған, түзеу мекемелерiнен қашқан адамдарды, сотталғандарды ұстау;
5) егер жүргiзушi қылмыстық-атқару жүйесiнiң жедел-iздестiру шараларын жүзеге асырушы қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса, көлiк құралдарын оларға зиян келтiре отырып тоқтату;
6) жануарлардың шабуылынан қорғану;
7) аттандап немесе көмекке шақырып дабыл қағу;
8) сондай-ақ барлық өзге де қажеттi қорғаныс пен аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған, не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Әдiлет органының қызметкерi қару мен арнаулы құралдар қолданған жағдайларда, айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және жоғары тұрған әділет органдары мен прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнің) қызметкерлерi арнаулы құралдар мен тәсiлдер, қару қолдану арқылы зақым келтiргенi үшiн, егер олардың әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылса, жауапты болмайды.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының (мекемелерiнiң) қызметкерлерi қарумен, оқ-дәрiлермен, әскери техникамен және арнаулы құралдармен қамтамасыз етiледi, олардың тiзбесi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы
мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты есепке аудару және оны нысаналы жұмсау үшiн ақылы қызметтер көрсету бойынша шоттары;
2) сотталғандардың өз ақшаларын есепке аудару және оларды пайдалану үшiн депозиттiк шоттары;
3) демеушiлiк және қайырымдылық көмек, оның iшiнде халықаралық көмектер бойынша шоттары болуы мүмкiн.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi жүзеге асыру бөлiгiне қатысты ережелерi 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн күзету, сондай-ақ оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру жөніндегі мiндеттердi орындау бөлiгiне қатысты ережелерi қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2007 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының