1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;
2) таңдаушылардың бірлескен мәжілісiнде жария етiледi;
3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бірде-бірi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.
3. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқада шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.
2. Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған;
3) алынып тасталды
3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 19.06.97 ж. № 133-1; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңның бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешіміне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 83-бап өзгертілді
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу
1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бір жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бір бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды.
12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң
депутаттарын сайлау
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 85-бап өзгертілді
85-бап. Мәжіліс депутаттарын сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжіліс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бір мезгiлде Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 87-бап өзгертілді
87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Партиялық тiзiмдерге біртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi.
2. Саяси партиялардың Мәжілiс депутаттығына кандидаттар ұсынуын олардың жоғары органдары әрбір кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбір сайлау округiнде Мәжіліс депутаттығына бір ғана кандидатты ұсына алады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргізуге құқығы жоқ. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiс депутаттығына сайлану үшiн партиялық тiзiмге енгізiлген адамның аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.
2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртібін дербес белгiлейдi. Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бірге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттiгi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
2-2. Саяси партиялар сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарын құра алады, олар Орталық сайлау комиссиясында тiркеледi. Сайлау блоктарын кемiнде екi саяси партия құра алады.
Саяси партия сайлау өткізу кезеңiнде бір ғана сайлау блогына кiре алады. Сайлау блогына кіру туралы шешiмдi саяси партияның жоғары органы қабылдайды.
Сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарына осы Конституциялық заңда саяси партиялар үшiн көзделген ережелер қолданылады.
3. Саяси партияның жоғары органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсу келісімi туралы өтiнiшiмен бірге округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзедi.
5. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
6. Ешкiм біреуден артық сайлау округiнен кандидат болып ұсыныла алмайды.
7. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн екi ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округі бойынша Мәжілістің депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Сайлау жарнасы
Мәжілістiң депутаттығына әрбір кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбір адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 89-бап өзгертілді
89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
2. Саяси партиядан ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) саяси партияның жоғары органы отырысының осы саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзiндi көшірме;
2) азаматтың өзiн ұсынған саяси партиядан осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) алынып тасталды
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
5) кандидаттың өзін ұсынған саяси партияның мүшесi екендiгiн растайтын құжат.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) азаматтың осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
2-1) алынып тасталды
3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.
4. Тiркеуге Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде Орталық және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орнымен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы хабар жариялайды.
2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сай келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзін тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күні жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешімнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:
1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлігінде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;
2) азаматтардың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы;
3) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
4) алынып тасталды
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат;
6) партиялық тiзiмге енгізілген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партиядағы мүшелiгін растайтын құжат болған жағдайда жүргiзіледi.
8. Бір саяси партиядан саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз процентiнен аспайтын адамдар саны енгiзілген бір ғана тiзiм тiркеуге жiберіледi.
9. Орталық сайлау комиссиясы:
1) партиялық тiзiмдердi тiркегеннен кейiн оныншы күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын, партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбір адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн(кәсiбiн), жұмыс iстейтiн және тұратын жерiн көрсете отырып, тiркеу туралы хабарлама жариялайды;
2) тiркеу кезiнде партиялық тiзiмге енгiзiлген адамдарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажетті құжаттарды табыс етпеген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдары сайлау алдындағы үгiтті партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не сайлау алдындағы күнi жүргiзген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының, кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
бүкiл партиялық тiзiмнің жиырма бес проценттен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнің күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi;
4) мынадай жағдайда:
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тiзiмге енгiзілген адам өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгіттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн не сайлау күнi жүргiзген;
партиялық тiзімге енгiзiлген адамның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзілген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларацияда көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
сот партиялық тiзiмге енгізілген адамның не оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзілген адамды осы тiзiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, оның шешiмi түпкiлiктi шешiм болып табылады.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда алып тастау туралы шешiм қабылдауға жол берілмейдi.
10. Тiркеуден бас тарту немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жою жөнiнде жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Бұл орайда Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым бойынша шағым берiлген күннен бастап жетi күн мерзiмде шешiм шығарады.
11. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдердi тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше белгiленбесе, сайлауға екi ай қалғанда басталады және бір ай қалғанда аяқталады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 90-бап өзгертілді
90-бап. Кандидатурасын алып тастау, мәжіліс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Мәжіліс депутаттығына кандидат тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта бұл туралы округтiк сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Саяси партияның жоғары органы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта округтiк сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс бере отырып, Мәжіліс депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда округтiк сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
3-1. Саяси партиялар партиялық тiзiмдер тiркелгенге дейiнгi кезеңде және одан кейiн, бірақ дауыс беру күнiне дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей, өздерiнiң партиялық тiзiмдерiн керi қайтарып алуы мүмкiн, бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясына жазбаша мәлiмдеме және саяси партияның жоғары органы отырысының хаттамасынан көшiрме бередi. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою не партиялық тiзiмге енгiзілген адамды алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою оған мәжбүр етпейтiн себептерсiз жүргiзiлген болса, округтiк сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығындардың бір бөлiгiн кандидаттың немесе тиiсiнше оны ұсынған саяси партияның есебiне жатқызуға тиiс.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 91-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара)
91-бап.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
92-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры мыналардан түзiледi:
1) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс;
2) кандидатқа өзiн ұсынған саяси партия бөлген қаражат, оның жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақының мың есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 92-1-баппен толықтырылды
92-1-бап. Саяси партиялардың сайлау қорының мөлшерi
1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.
2. Саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 93-бап өзгертілді
93-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиiсті сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісiнiң депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бірақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 95-бап өзгертілді
94-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауында дауыстарды есептеу
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша дауыс берудiң хаттамалары дереу тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.
2. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерi округтiк сайлау комиссиясының мәжілісiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде анықталады. Мәжіліс депутаты сайлауының нәтижелерi туралы округтiк комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қойған хаттама жасалып және ол сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi. Партиялық тiзiмдер бойынша сайлаудың нәтижелерi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысында анықталады. Сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасалады.
3. Дауыс санаудың нәтижелерi мен сайлау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 95-бап өзгертілді