Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы 1998 жылғы 8 мамырдағы № 222-I
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
4-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде:
1) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
2) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
3) тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды.";
7-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
54-баптың 1-тармағындағы "заңда белгiленген тәртiппен алынып тасталмаған соттылығы болмауға" деген сөздер алынып тасталсын;
59-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
73-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
89-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
104-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.";
118-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.".
Қазақстан Республикасының Президентi