7. Тексеруге қатысушы адамдар өз пiкiрлерiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
8. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.";
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 628-бап өзгертілді
628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткізуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 629-бап өзгертілді
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және
мас күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетіліп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және көлiк бақылау органдарының көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi. Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекітуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткізу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.
3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, сондай-ақ мас күйiн куәландыруға жiберу туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасында белгi жасалады.
5. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу туралы хаттамада жүргiзуден шеттету, куәландыруға жiберу күнi, уақыты, орны, негiздерi, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттік тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
6. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн куәландыруға жiберу туралы хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, сондай-ақ жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушi, кеме жүргiзушi қол қояды. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 630-бап өзгертілді ; ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 630-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау,
жеткізу және пайдалануға тыйым салу
1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-471-баптарында көрсетiлген бұзушылық жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн оларды ұстауға, уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткізу немесе мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткізудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттік стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.";
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды,
өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 632-1-баппен толықтырылды
632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тiкелей объектiсi болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бiрдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.
5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен
негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; iс қозғалған адам туралы мәлiметтер; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге оның өтiнiшi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн оның көшiрмесi алған қолы қойылып, дереу тапсырылады.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 636-бап өзгертілді
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар
лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) iшкi iстер органдарының (79-1, 79-2, 79-3, 79-4, 86, 96, 111, 112, 115, 135, 135-1, 136, 143, 159 (екiншi бөлiгi) 162, 163, 203, 283 (бiрiншi бөлiгi), 298 (екiншi бөлiгi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 314 , 318-321, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 336-1 (үшiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 339, 340, 344, 354-1, 355-357, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372-374, 388, 394 (екiншi бөлiгi), 446 (екiншi бөлiгi), 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 501, 518, 521, 531-баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган органдарының (314, 356-баптар);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
су ресурстары жөніндегі органдардың (124, 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерi), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл құқық бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 356-баптар);
жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылықтар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды бұзу болмаған кезде), 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (85, 322, 324 (екінші және үшінші бөліктері) 325-328, 329 (екiншi бөлiгi)-баптар);
мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 342-344 (бiрiншi бөлiгi), 345-352-баптар);
көшi-қон және демография жөніндегі органдардың (396 (екiншi бөлiгi), 397-баптар);
өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөніндегі органдардың (308-бап);
тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы органдардың (139 (екiншi бөлiгi), 309-2 (төртiншi бөлiгi) - баптар);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (127, 223, 224-баптар);
мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi) - баптар);
төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың (225-1, 229-баптар);
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85, 140 (екiншi бөлiгi), 161 (үшiншi бөлiгi), 163, 222 (бiрiншi бөлiгi), 231, 233, 235 (екiншi бөлiгі), 278 (бiрiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 324, 326-328, 329 (екiншi бөлiгi), 356, 362, 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi) - баптар;
байланыс саласындағы уәкiлеттi органның (356, 491 (екiншi бөлiгi), 492 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерi), 496 (екiншi бөлiгі), 498 (екiншi бөлiгi), 501-баптар);
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi көлiк бақылау органының (137, 356, 442, 445, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 461 (6-1 бөлігі), 463 (екінші және үшінші бөліктері), 467-1, 477 (үшiншi бөлiгi), 491 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi), 502-баптар);
көлiк бақылау органдарының (329 (екiншi бөлiгі), 329-1 (екiншi бөлiгi), 356, 453 (екiншi бөлiгі), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 502-баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (177 ,179, 183, 184 баптар);
бухгалтерлiк есеп және аудит жөніндегі уәкiлеттi органының (175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 179, 183, 184 баптар);