64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (370 - 377 баптар)
§ 1. Жалпы ережелер (370 - 371 баптар)
§ 2. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі (372 - 373 баптар)
§ 3. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі (374 - 375 баптар)
§ 4. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (376 - 377 баптар)
65-тарау. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі (378 - 384 баптар)
66-тарау. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға (385 - 390 баптар)
арналған арнаулы салық режимі
67-тарау. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы (391 - 397 баптар)
салық режимі
16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер (398 - 516 баптар)
68-тарау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым (398 - 400 баптар)
69-тарау. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым (401 - 403 баптар)
70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (404 - 406 баптар)
мемлекеттік тіркегені үшін алым
70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік (406-1 - 406-3 баптар)
тiркегенi үшiн алым
71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды (407 - 409 баптар)
мемлекеттік тіркегені үшін алым
72-тарау. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік (410 - 412 баптар)
тіркегені үшін алым
73-тарау. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік (413 - 415 баптар)
тіркегені үшін алым
74-тарау. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым (416 - 418 баптар)
75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым (419 - 422 баптар)
76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша (423 - 425 баптар)
жүргені үшін алым
77-тарау. Аукциондардан алынатын алым (426 - 431 баптар)
78-тарау. Елтаңбалық алым (432 - 437 баптар)
79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық (438 - 440 баптар)
алым
80-тарау. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік (441 - 444 баптар)
спектрін пайдалануға рұқсат бергені Yшін алым
81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (445 - 450 баптар)
82-тарау. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (451 - 458 баптар)
83-тарау. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы (459 - 465 баптар)
84-тарау. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (466 - 469 баптар)
85-тарау. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (470 - 474 баптар)
86-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (475 - 478 баптар)
87-тарау. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (479 - 484 баптар)
87-1-тарау. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон (484-1 - 484-6 баптар)
байланысын бергені үшін төлемақы
88-тарау. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (485 - 488 баптар)
89-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы (489 - 492 баптар)
90-тарау. Мемлекеттік баж (493 - 514 баптар)
§ 1. Мемлекеттік баж (493 - 508 баптар)
§ 2. Консулдық алым (509 - 514 баптар)
91-тарау. Кеден төлемдері (515 - 516 баптар)
3. Салық әкімшілігін жүргізу (517 - 568 баптар)
17-бөлім. Жалпы ережелер (517 - 551 баптар)
92-тарау. Негізгі ережелер (517 - 519 баптар)
93-тарау. Салық төлеушілерді тіркеу (520 - 532 баптар)
94-тарау. Салық тексерулері (533 - 535 баптар)
95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі (536 - 541 баптар)
96-тарау. Камералдық бақылау (542 - 543 баптар)
97-тарау. Мониторинг (544 - 545 баптар)
98-тарау. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану (546 - 548 баптар)
99-тарау. Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған (549 - 551 баптар)
мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртібін
сақтауға бақылау жасау, уәкілетті және жергiлiктi атқарушы
органдарға бақылау жасау
18-бөлім. Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі органдары (552 - 568 баптар)
лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
100-тарау. Салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі (552 - 565 баптар)
101-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (566 - 568 баптар)
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
1. Жалпы бөлім
1-бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Салық заңдарының қолданылуы
1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi
Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.
9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар
1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;
2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып);
3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi;
4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, жарғылық қорды ұлғайтуға бағытталған мүлiктен басқа , мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;
әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, таза табысты бөлу кезiнде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;
12) ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алынып тасталды
13) бағамдық айырма (оң, терiс) - шетелдiк валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма;
14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;
15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;
17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23) ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алынып тасталды
24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн;
25-1) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттік қызметшiлердi қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;
26) өткізу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
27) роялти - мыналар үшiн:
пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады.
27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
28) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн берудiң оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, білім және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
29) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
30) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;
31) уәкiлеттi мемлекеттік орган - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
32) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;