13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-2) тармақша өзгертілді
13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
13-3) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру:
1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жануарларға жауапты қарауды қалыптастыру, оның ішінде жануарларға арналған панажайларды қолдау;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) редакцияда
2-1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салалары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша да жүзеге асырылады.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салалары шеңберінде тақырыптар қалыптастырылады.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.»
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Заңның 5-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген салалар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
4. 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға берілген функцияларын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1-бап. Гранттар
1. Гранттар:
1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі үш айдан бір жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен кем емес және үш мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
2) орта мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі бір жылдан екі жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен кем емес және он мың еселенген мөлшерінен аспайтын гранттар;
3) ұзақ мерзімді гранттар - іске асыру мерзімі екі жылдан үш жылға дейін құрайтын, қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен кем емес, мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті материалдық базасы бар үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар.
3. Мемлекеттік гранттар оператор арқылы мемлекеттік грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.
4. Мемлекеттік гранттар:
таратылу процесіндегі;
банкрот деп танылған;
атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған;
мүлкіне тыйым салынған;
экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған;
басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті тұлғаларының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылатын;
басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
5. Мемлекеттік грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың:
1) қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттар үшін он пайыздан аспайтын;
2) ұзақ мерзімді гранттар үшін бес пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және институционалдық дамытуға пайдалана алады.
6. Мемлекеттік емес гранттар беруге және есептілікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оператор мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған шарттың талаптарында айқындалады.
7. Мемлекеттік гранттарды бағыттары мен келесі қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемі бойынша қалыптастыру, оператордың үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік грант алуына конкурстық іріктеу жүргізуі мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдар жүргізетін мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды
6-2-бап. Оператор
1. Оператор:
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге;
2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы.
2. Оператор:
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес мемлекеттік гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 6-3-баппен толықтырылды
6-3-бап. Сыйлықақылар
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.
Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.
Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым бір салада ғана сыйлықақы алуға ұсынылуы мүмкін.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.
4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бір саладағы сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 6-4-баппен толықтырылды
6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
1. Үкіметтік емес ұйым:
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;
2) уәкілетті органға, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Үкіметтік емес ұйым:
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;
3) жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған жағдайда оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы толық және анық ақпаратты беруге;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарауға міндетті.
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6-5-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)
6-5-бап. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс
1. Орталық атқарушы органдар уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынан туындайтын стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды.
3. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың әрбір бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеу негізінде бір ғана стратегиялық әріптес айқындалады.
4. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс орталық атқарушы орган мен стратегиялық әріптес арасында стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Стратегиялық әріптестің кінәсінен шартта белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және (немесе) стратегиялық әріптес өз міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жағдайларда, шарт стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен тиісті орталық атқарушы органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылуға жатады.
6. Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актісін орталық атқарушы орган және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес құрылған комиссия қабылдайды.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы сәуірдің 12-сі.
№ 36-III ҚРЗ