7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Оқырмандар сұраныстарын неғұрлым толық, өзектілікпен, заманға лайық және шыншылдықпен қанағаттандыру. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдар мен мамандардың өздерiн қызықтыратын ғылым салаларының әлемдiк ғылыми жетiстiктерi туралы көкейкестi әрi жедел ақпаратқа деген сұраныстарын барынша қанағаттандыру. Электрондық кiтапхананың үлгісi мен құрылымын әзiрлеу әрi енгізу; электрондық коллекциялар мен қорларды құру және толықтыру; жиынтық ақпараттық ресурстар жасау; серверлер мен Интернет-комплекске ұжымдық ену үшiн кiтапхана жұмысын қолдау; оn line режимiнде ғылыми ақпаратқа жол ашу; ақпараттық бюллетендер, анықтамалар, ғылыми журналдар басып шығару; ғылыми конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды ақпараттық және техникалық орайластыру. Оқу кiтапханасы жүйесiнiң жұмыс деңгейiн көтеруге ықпал ететiн семинарлар ұйымдастыру; мамандық жетiлдiру жөніндегі орталық облыстық институттар базасында ведомствоға қарасты кiтапхана қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыратын курстар, дәрiстер, практикалық сабақтар, әңгiмелер ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Кiтапхана Ассоциациясы желісі бойынша жоғары кiтапханалық курстар ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
227-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 75350 мың теңге (жетпiс бес миллион үш жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодекci; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; "Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1063 қаулысы; "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы ғылым, техника және білiм беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 477 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық ғылым мен техниканы дамытуға iрi үлес қосқан аса көрнектi, сондай-ақ дарынды жас ғалымдарды әлеуметтiк қолдау, жас ғалымдардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғылым, техника және білім саласындағы жетiстiктерi үшiн стипендиялар және мемлекеттік сыйлықтар төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 007 Мемлекеттік Мынадай конкурстар жыл Қазақстан
сыйлықтар өткізу: бойы Республи-
және - ғылым саласындағы касының
стипендиялар сыйлықтаp үшiн; Білім және
- мемлекеттік ғылыми ғылым ми-
стипендиялар үшiн; нистрлiгi
- ғылым, техника
және білім беру
саласындағы мемле-
кеттiк сыйлықтар
үшiн.
Қазақстан Республи-
касы Үкiметінiң
Қаулыларына сәйкес
сыйақылар төлеу.
Академиялық және
басқа да ғылыми
стипендиялар төлеу.
Лауреаттарды мара-
паттауды ұйымдастыру,
дипломдар мен құр-
метті белгiлер
тапсыру.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Әр түрлi салаларда ғылымның дамуын қамтамасыз ететiн ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша ғылыми жаңа нәтижелер алу, ғылыми-техникалық саланың қызметкерлерiн мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру, ғылымға дарынды жастарды тарту мақсатымен ғылыми еңбектi ынталандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
228-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Білім беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу
әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және тәжiрибеден
өткізу, білім беру саласында қызмет көрсететiн
республикалық ұйымдар және шетелдегi қазақ
диаспорасы үшiн оқу әдебиетiн шығару және жеткізу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 532000 мың теңге (бес жүз отыз екi миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 18, 20, 30-баптары, "Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабы, "Шет елде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептері үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және басып шығару мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 қыркүйектегi № 1173 қаулысы, "Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсiптiк білімдi одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысы, "Қазақстан Республикасының кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдары үшiн арнаулы пәндер бойынша оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу және басып шығару бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 409 қаулысы, "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім стандарттарының талаптарына сәйкес 12 жылдық оқу бойынша сапалы оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және қамтамасыз ету, оқу процесiне жаңа буын оқулықтарын енгізу, арнаулы пәндер бойынша оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және басып шығару саласында біртұтас саясатты айқындау және олармен бастауыш және орта кәсiптiк білім жүйесiн қамтамасыз ету, арнаулы түзету білім беру мекемелерiн оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: оқу әдебиеттерiн басуды қамтамасыз ету және қайта басып шығару, арнаулы білім беру мекемелерi үшiн оқу әдебиеттерiн әзiрлеу, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi аудару, көру кемiстiгi бар балаларға арналған iрi баспа қарiпiмен басылған оқулықтарды қайта басып шығару, көрмейтiн балалар үшiн Брайль қарпiмен оқулықтар басып шығару, Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес Ресей оқулықтарын бейiмдеу. Ресей оқу әдебиеттерiн алу. Мамандықтар классификациясына сәйкес бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының арнайы пәндерi бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер мен электрондық оқулықтар жасау және сынақ таралымын басып шығару. Оқу әдебиетi мен электрондық оқулықтарды сараптау мен сынақтан өткізу. 12 жылдық оқу бойынша оқулықтар, бағдарламалар мен стандарттарды жасау, сапасын анықтау және сынақ тиражын басып шығару мен оқу-әдiстемелiк құралдарды сараптаудан өткізу. Республикалық білім беру ұйымдары мен шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басу, қайта басып шығару және тасымалдау.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 008 Білім беру Арнаулы (түзету) Жыл Қазақстан
ұйымдары үшiн білім беру мекеме- бойы Республи-
оқулықтар мен лерi үшiн оқу әде- касының
оқу әдiстеме- биеттерiн басу және Білім және
лiк кешенде- қайта басып шығару, ғылым ми-
рiн әзiрлеу әзiрлеу, тасымалдау, нистрлiгi
оқулықтар
және тәжiри- мен оқу-әдiстемелiк
беден өткізу, кешендердi аудару,
білім беру көру кемiстiгi бар
саласында балаларға арналған
қызмет көрсе- iрi баспа қарiпiмен
тетiн респуб- басылған оқулықтарды
ликалық ұйым- қайта басып шығару,
дар және ше- көрмейтiн балалар
телдегi қазақ үшiн Брайль қарпiмен
диаспорасы оқулықтар басып
үшiн оқу шығару, Қазақстан
әдебиетiн Республикасының
шығару және стандарттарына
жеткізу сәйкес Ресей оқулық-
тарын бейiмдеу.
Ресей оқу әдебиетте-
рiн алу.
Бастауыш және орта
кәсiптiк білім беру
ұйымдарының арнайы
пәндерi бойынша
оқулықтар мен оқу-
әдiстемелiк кешен-
дерi мен элек-
трондық оқулықтар
жасау және сынақ
таралымын басып
шығару. Оқу әдебиетi
мен электрондық
оқулықтарды сараптау
мен сынақтан өткізу.
12 жылдық оқу бойын-
ша, соның iшiнде
мектепалды және оқу-
дың бастауыш сатысы
бойынша оқу әдебиет-
тер, бағдарламалар
мен стандарттарды
жасау және сынақ
басылымын шығару.
Республикалық білім
беру ұйымдары мен
шет елдегi қазақ
диаспорасы үшiн
оқулықтар мен оқу-
әдiстемелiк кешен-
дердi басып шығару
және тасымалдау.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде арнаулы (түзету) мекемелерi оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз етіледi, білім беру саласында қызмет көрсетушi республикалық ұйымдар мен шет елдегi қазақ диаспорасы үшiн оқулықтар басып шығарылады және жеткiзiлiп берiледi, мамандықтар классификациясына сәйкес бастауыш және орта кәсiптiк білім беру үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерi, сондай-ақ электрондық оқулықтар әзiрленедi және сынақ таралымы басып шығарылады, 12 жылдық оқыту бойынша, сондай-ақ мектепалды және оқудың бастауыш сатысы бойынша стандарттар мен бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер, оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрленедi және сынақ таралымдары басылып шығарылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
229-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1357403 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу жетi миллион төрт жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Дарынды балаларға арналған мектептердi мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі, "Білiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгілiк штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылға 4 қарашадағы № 1168 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дарынды балалардың оқу процесiн жүргiзуге жағдайлар жасау, оқуға және өз бетінше білім алуға тұрақты дағдылануын дамыту, қоршаған ортаға гумандық көзқарасты, жеке адамның адамгершiлiк негiздерiн қалыптастыру, бүгiнгi өркениеттiң түбегейлi жаңару жағдайында ойлау мен iс-әрекетке қабiлеттi жан-жақты үйлесiмдi дамыған адамды тәрбиелеу, дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкiндiктi қалыптастыруға ықпал жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының әр түрлi аймақтарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекiткен бағдарламалар бойынша бейiмдiк пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейiмдiлiгiн, шығармашылық қабiлетiн дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажеттi жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге iрiктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 009 Дарынды Оқу процесiн бейiм- Жыл Қазақстан
балаларды дiк пәндердi терең- бойы Республи-
оқыту және дете оқытатын Мем- касының
тәрбиелеу лекеттiк жалпы білім Білiм және
беру стандарттарына ғылым ми-
сәйкес өткізу. Мем- нистрлiгi
лекеттік мекемелердi
бекітілген штат сан-
дарының лимиттерi
шегiнде ұстау.
Мемлекеттік мекеме-
лердегi оқушылардың
орташа саны - 3603.