5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Академик Қ.И.Сәтбаевтың өмiрi мен қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды iздестiру, зерттеу, әйгiлеу және пайдалану; академик Қ.И.Сәтбаевтың өмiрi мен ғылыми қызметi туралы монографияларды, мақалаларды, каталогтар мен жолжазбаларды баспаға дайындау; мұражайлық мәнi бар заттарды жинау мақсатымен тарихи-тұрмыстық, этнографиялық экспедициялар, ғылыми iс сапарлар ұйымдастыру және өткізу; мұрағаттық заттардың сақталуын қамтамасыз ету; мұражайлық мәнi бар заттарды консервациялау және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 003 Ғылыми-мәдени Академик Қ.И.Сәт- жыл Қазақстан
құндылықтарды баевтың мемориалдық бойы Республи-
сақтау мұражайын бекiтілген касының
мiндеттерiн атқару Білім және
үшiн құрамы 18 адам- ғылым ми-
нан тұратын штаттық нистрлiгi,
лимит саны шегiнде академик
қамтамасыз ету. Қ.И.Сәт-
Құрал жабдықтарды баевтың
сатып алу: компьютер мемориал-
- 1 дана; ксерокс - дық
1 дана; телевизор мұражайы
бейнемагнитофонымен
- 1 дана; шкаф-купе
- 3 дана; файл-каби-
нет - 3 дана; сейф
- 1 дана; локерлер
- 3 дана; столдар -
2 дана.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президентi Қ.И. Сәтбаевтың қызметiне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; ғылым Академиясының тұңғыш Президентi Қ.И. Сәтбаевтың өмiрiн, ғылыми және қоғамдық қызметiн насихаттау арқылы өз өмiрiн Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетiн жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйiспеншiлiгiн тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
225-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Ғылыми объектiлердi салу және қайта жаңарту"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 126638 мың теңге (бір жүз жиырма алты миллион алты жүз отыз сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы, "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту және бірегей ғылыми-техникалық нысандарды сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Орталық ғылыми кiтапхана" РМҚК-ның ғимараттар кешенiн қайта жаңғыртуды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 005 Ғылыми Белгiленген тәртiп- Жыл Қазақстан
объектiлердi пен бекітілген бойы Республи-
салу және жобалық-сметалық касының
қайта жаңарту құжаттамаға сәйкес Білім және
"Орталық ғылыми кi- ғылым ми-
тапхана" РМҚК ғима- нистрлiгi
раттар кешенiн қайта
жаңғыртуға арналған
"2005 жылға арналған
республикалық бюджет
туралы" Қазақстан
Республикасы Заңын
iске асыру туралы"
Қазақстан Республи-
касы Үкіметінiң 2004
жылғы 8 желтоқсанда-
ғы N 1289 қаулысына
2-қосымшаға сәйкес,
оның iшiнде жобалық-
сметалық құжаттама
әзiрлеуге және мем-
лекеттiк сараптама
өткізуге жұмсалатын
қаржы шегiнде инвес-
тициялық жобаны
iске асыру.
__________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік сараптамадан өткен, белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама. "Орталық ғылыми кiтапхана" РМҚК ғимараттар кешенiн қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар көлемiн орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
226-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық
ақпараттың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 320948 мың теңге (үш жүз жиырма миллион тоғыз жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 14, 23, 33-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 4 , 5 , 26-баптары; "ҚазССР Ғылым академиясының Ғалымдар үйiн ұйымдастыру туралы" ҚазССР Ғылым академиясы Президиумының 1983 жылғы 14 қыркүйектегi № 149 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика ғылыми қауымының республикалық ақпараттық кеңiстiкке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық қызметтi жандандыру, отандық ғылымның жетiстiктерi туралы ақпаратты насихаттау; Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық қызмет көрсетулердiң жаңа деңгейiн ұсыну; Орталық Ұлттық кiтапхана базасында кiтапхананың электрондық ресурстарына (электрондық каталогтарға, фактографиялық деректер базаларына, толық мәтiндер мен бейнелердiң электрондық коллекцияларына) бірдей қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн электрондық кiтапхана әзiрлеу және енгізу; сирек, құнды кiтаптардың, қолжазбалардың, газеттер мен журналдардың, қазiргi ғылыми және техникалық мерзiмдiк басылымдардың және басқа да құжаттардың сақталуы мен қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн дербес электрондық коллекцияларды жоспарлау, әзiрлеу және қалыптастыру; ғылым мен техника саласындағы отандық және әлемдiк жетiстiктердi көрсететiн жарияланған және жарияланбаған құжаттар қорының Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасына бекітілген түрлерi мен тақырыптары бойынша қалыптастыру жолымен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн практикалық қызметке нақты енгізуге ықпал жасау; ғалымдардың үздiк жетiстiктерiнiң ақпараттық қызмет аясын күшейту; ғалымдардың белсендi әрi мазмұнды демалысын ұйымдастыру; ұлттық педагогикалық қазына ретіндегі Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхананы пайдаланушы көпшiлiк қауым алдында бар мүмкiндiктi ашуға жағдай жасау, педагогика мен білім беру жөніндегі құжаттардың ұлттық қорын одан әрi барынша толық қалыптастыру, ақпараттық қызметтi жандандыру, әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке ену, білім беру жүйесiнiң кiтапханалары үшiн әдiстемелiк және үйлестiру орталығының мiндетiн атқару, жаңа технологияларды енгізудi қамтамасыз ету және кiтапхананы техникалық жарақтандыруды жүзеге асыру. Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханаға бекітілген ғылым мен техника саласындағы отандық және әлемдiк жетiстiктердi көрсететiн жарияланбаған құжаттар қорын түрлерi мен тақырыптары бойынша құрастыру жолымен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету, ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiн практикалық қызметке енгізуге жәрдемдесу; ғалымдардың аса үздiк жетiстiктерiнiң ақпараттық қызмет аясын күшейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан экономикасының даму перспективалары мен кiтапхана оқырмандарының ағымдағы ақпараттық сұраныстарын ескере отырып комплектiлеудi, қормен жұмыс iстеудi, анықтамалық-iздестiру аппаратын ұйымдастыру арқылы ғылыми-техникалық ақпараттың қолжетiмдiлігін қамтамасыз ету. Ғылымның жаңа жетiстiктерiн, қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтарын насихаттау проблемаларына арналған шаралар кешенiн ұйымдастыру, олардың мәдени деңгейi мен мазмұнды демалысын жақсарту үшiн әр қырлы шаралар өткізуге арналған iс-шаралар жиынтығын ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 006 Ғылыми, ғылы- Республикалық ғылы- жыл Қазақстан
ми-техникалық ми-техникалық, Ор- бойы Республи-
және ғылыми- талық ғылыми кiтап- касының
педагогикалық ханалар оқырманда- Білім және
ақпараттың рының ағымдық сұра- ғылым ми-
қол жетiмдi- ныстарын және Қазақ- нистрлiгi
лiгiн қамта- стан экономикасының
масыз ету даму перспективала-
рын ескере отырып,
комплектiлеудi ұйым-
дастыру және қормен
анықтамалық-iздестi-
ру аппаратымен жұмыс
iстеу арқылы ғылыми-
техникалық ақпарат-
тық қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету.
Республикалық ғылы-
ми-техникалық кiтап-
ханасы үшiн негiзгi
құралдар сатып алу:
ксерокс - 2 дана;
компьютерлер - 13
дана; принтерлер -
4 дана.
Орталық ғылыми
кiтапхана үшiн
негiзгi құралдар
сатып алу: компью-
терлер - 10 дана;
сканерлер - 2 дана;
принтерлер - 5 дана;
ксерокстар - 3 дана;
микрофильмдер мен
микрофиш оқуға ар-
налған аппараттар.
Республикалық ғылы- Республи-
ми-педагогикалық калық
кiтапхананы алға ғылыми-пе-
қойған мiндеттердi дагогика-
орындау үшiн 37 лық кiтап-
адамдық штаттық ханасы
лимит саны шегiнде
қамтамасыз ету.
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кiтапханаға әдебиет-
тер үшiн: әдебиет
(жазылыс басылымдары).
Ғылыми конференция-
ларды, симпозиум-
дарды, семинарларды
ақпараттық және тех-
никалық орналастыру.
2005 жылы ғылым мен
техниканы насихаттау
жөніндегі iс-шара-
лардың саны - 120.
___________________________________________________________________