7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттардың оларға "ғарышкер" біліктілігiн берумен жалпығарыштық даярлығы бағдарламасын талап ететiн көлемде орындауы және Халықаралық ғарыш станциясында ұшуға дайындығы және ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердiң қазақстандық бағдарламаларын орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
260-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 28878 мың теңге (жиырма сегiз миллион сегiз жүз жетпiс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы, "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысы, "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғылыми толықтырылған, импортты алмастыруға және сыртқа шығаруға бейiмделген кендiр өңдеудi ұйымдастыруды ғылыми қамтамасыз ету кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер нашақорлығының әлеуметтiк алдын алу жүйесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өндiрiстiк мақсатында жабайы өсетiн кендiрдiң топтасуын зерттеу мен шикiзат қорын бағалау, кендiрдi өндiру мақсатында неғұрлым келешектi телiмдердi табу, дайындау мерзiмдерiн және сақтау тәсiлдерiн анықтау, есiрткiлiк өсiмдiктердi әртүрлi мақсаттармен өндiрiстiк өңдеудiң ғылыми технологиясының негiзiн жасау және кәмелетке толмағандар мен жасөспiрiмдер арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі әлеуметтiк кешенiн жүзеге асыру, халықты нашақорлық және есiрткі бизнесiмен күресу жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, есiрткіге қызығушылық туғызатын ақпараттан халықты ақпаратты-саналық қорғауды қалыптастыру, салауатты өмiр сүрудi насихаттау, шаралар өткізу, нашақорларды сауықтыру мен оңалту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
_________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1 104 Нашақорлыққа Есiрткiлiк өсiмдiк- Жыл Қазақстан
және есiрткi тердi әртүрлi мақ- бойы Республи-
бизнесiне саттармен өндiрiстiк касының
қарсы күpec өңдеудiң ғылыми тех- Білім және
нологиясының негiзiн ғылым ми-
жасау: нистрлiгi
- кендiрдiң өндiрiс-
тiк кәсiпорындардан
және медицинаға
арналған өнiмдерiн
алу мақсатында өң-
деудiң технология-
ларын жасау.
Нашақорлықтың және
басқа зиянды зат-
тарды қабылдаудың
алдын алу проблема-
лары бойынша 5-11
сынып оқушыларына
арналған, кәсiптiк
мектептер мен кол-
ледждердiң оқытушы-
лары үшiн, педаго-
гикалық кадрлар үшiн
оқу саласының бағ-
дарламасы бойынша
оқу құралдарын
әзiрлеу.
Нашақорлықтың алдын
алу проблемалары
бойынша оқытушы
кадрлар үшiн семи-
нарлар өткізу:
- конференциялар;
- конкурстар;
- жастардың бос
уақыттарын тиiмдi
өткізу бойынша
семинар-тренингтер
өткізу.
Арнаулы мекемелерде
eciрткіге тәуелдi
балалар мен жастардың
бос уақыттарын тиiмдi
өткізуiн ұйымдастыру,
сауықтыру мен оңалту
бойынша қызмет
сатып алу.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: салауатты өмiр салтын насихаттау, білім беру ұйымдары оқушылары мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу. Шу даласының әртүрлi телiмдерiнiң болашағына шикiзат қоры тұрғысынан баға берiледi, кендiрдi халық шаруашылығы мен медицина үшiн толық өңдеудiң технологиясын жасау мақсатында; қағаз, биопластмасса, жiп, майдың үлгiлерi алынады. Басым есiрткiлi кендiрдi бәсең есiрткiлi кендiрмен ығыстыру тәсiлi жасалады.
Осы әзiрлемелердi өндiрiсте игеру Қазақстанда кендiр өнеркәсiбiн жасаудың ғылыми негiзiн құрайды, бұл есiрткi бизнесiмен күресудiң мәселелерiн шешуге ықпалын тигiзедi.
Мектеп оқушылары, кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң), колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi арасында салауатты өмiрдi насихаттау, нашақорлықтың алдын алу.